Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі


-тақырып. ХVІІ- ХVІІІ ғасырлардағы мектепке дейінгі тәрбие теориясының қалыптасуы



бет5/25
Дата06.02.2022
өлшемі253,5 Kb.
#57460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
2-тақырып. ХVІІ- ХVІІІ ғасырлардағы мектепке дейінгі тәрбие теориясының қалыптасуы.
1. Мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытуда ұлы пегагог Ян Амос Коменскийдің еңбектері.
2. И.Г. Пестолоцийдің кішкентай балаларға арналған мектебі.
3. Ф.Фребельдің балабақшасы.


Ян Амос Коменскийдің ана мектебі туралы ілімі. Ғылыми педагогиканы дамытуды бастаған ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский (1592—1670) мек-ана мектебі теп жасына дейінгі балаларға тәрбие беруге үлкен көңіл бәлді.Коменский католик дініне және феодалдық езгіге қарсы шыққан, Чехияның халық бұқарасын біріктірген Чех ағайын-дыларының діни қауымында болды. Ол дінге сенетін адам еді, бірақ оның дүниеге көзкарасында стихиялық материализм элементтері де болды.Юл шіркеудің адам күнәһарлығы туралы ойларын жокқа шығарды. Табиғи жан иесі ретінде адам үнемі дамуда болады деп есептеді. Коменский тәр-бие арқасында' «кай баланы болса да адам етіп шығаруға болады» деп атап көрсетті./
Табиғи дарындылык принциптерін негізге ала отырып, оны табиғат пен адам даму заңдарының жан-жақтылығы, жалпыға бірдей ортақтығы деп тусінген Коменский жас кезендерін талдады. Адам дамуы кезеңдерін (балалык, есейгендік, жігіттік, сақалык) сипаттай отырып, ол солардың ішіндегі 6 жылға созылатын біріншісіне ерекше көңіл белді. Коменскийдің ойынша дене шапшаң өсіп, сезім органдары жедел дамыған бұл кезеңде кішкентай балалар педагогикалық қабілеті бар, ©з тәрбиеленушілерін су-йетін дана аналар баскаратын ана мектептерінде, семьяда тәрбиеленуге тиіс. Қоменскийдің мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру туралы «Ана мектебі» деген арнаулы еңбегі мектепке дейінгі тәрбие жөнінен дү-ние жүзінде бірінші программа жэне қурал болды, Коменский балалар-дың денсаулығына және дене дамуына мұқият қамқорлық жасауға ша-қырды. Ол әйелдердің жүкті кезіндегі өмір салтытуралы бірқатар маңыз-ды да бағалы нұсқаулар берді, жаңа туған сәбиді күтіп-бағу женінде, оның тамағы мен киім-кешегі, режим және т. б. туралы халык тәжірибесі мен өз заманындағы медицинаға сүйенетін ұсыныстар жасады. Балалар-дың, деп жазды Коменский, денесі есіп дамуы үшін жағдай жасалуға тиіс. Балалардың жүгіруіне орынсыз шек қоймау керек, қайта керісінше, олардың басын тік ұстау, отыру, бір нәрсені ұстау, алу, майыстыру, ию, жинау, жинастыру және т. б. дағдыларын дамытып отыру қажет. Осы жә-не баска дағдыларды, іскерлікті игеру тек қана ойын түрінде жүзеге асы-рылуға тиіс, ал ойын — балаларды дамытудың негізгі қуралы.'
(Коменский адамгершілік нормаларыи игеру діни тәрбиемен тығыз бай-ланысты, бірақ оның максаты құдайға құлшылық етуге даярлық болмауға тиіс, ал адамның адамгершілік бейнесі қоғамның нақты жағдайлары мен қажеттеріне сәйкес болуға тиіс деп ессптедк- Коменскийдің іс-әрекет етуге талаптанушылық, еңбек сүйгіштік, шыншылдық, мұнтаздай таза жүруші-лік, сыпайылық және сол сияқты басқа қасиеттерді тәрбиелеу жәніндегі ұсыныстары да бағалы болды.
Коменский орынды да ақылға конымды тәртіп принципін жариялады, балаларға жеке бастың үлгісімен, байыпты ұстаздық етумен, ақыл-кеңес берумен, ұялтумен, сөгумен ықпал етуді ұсынды. Ұрып-соғу жазасын тек шектен шыққан жағдайда ғана қолдану мүмкін деп есептеді ол.
Коменский адамгершілік тәрбиесін еңбек тәрбиесімен тығыз байланысдырды, еңбек тәрбиесі белгілі бір жасқа лайықты еңбек дағдыларының-қалыптасуын ғана емес, соньіімен бірге енбекті сүюге және еңбекке әдетте-нуге тәрбиелеуді көздейді.
Коменский мектепке дейінгі балалық шакты мектепте онан әрі жүйелі оқытудың даярлық кезеңі ретінде қарады. Ол ана мектебі балалардың нақты түсініктерді жинақтауына себепкер болуға тиіс деп есептеді және қоршаған дүние жөнінде мектеп жасына дейінгі бала игеруге тиісті қара-пайым білімдердің неғұрлым кең шеңберін екжей-текжейлі белгілеп берді. Мәселен, жеті жасқа қарай бала жаратылыстану саласында от, ауа, су және жер, жаңбыр, мұз, қорғасын, темір және т. б. дегендердің не екенін білуге тиіс, күнді, айды, жүлдыздарды айырып, күннің қашан ұзақ және қашан қысқа болатынын білуге тиіс. Математика саласында бала 20-ға дейін санауды үйренуге, тақ және жұп сандарды білуге, 7-нің 5-тен, ал 15-тің 13-тен көп екенін білуге, «ұзын», «қысқа» «кең», «тар» деген ұғымдар-ды игеруге, негізгі шеңбер, шаршы, крест фигураларын, ұзындық пен кө-лемнің негізгі адым, қарыс, сүйем, тұтас, жарты, ширек өлшемдерін білу-ге тиіс. Географиялық танулар қала, деревня, егіс, бау деген не екенін түсінуге, өз селосының немесе қаласының атын білуді қамтуға тиіс. Соны-мен бірге жыл мерзімдерін білуге, «сағат», «күн», «апта», «ай», «жыл» деген терминдерді түсінуге тиісті.
Аналарға балалардың есі мен ойын дамытуға кеңес бере отырып, Ко-менский оларды тарих, экономика, саясат бастауларымен, қоғамдық қа-тынастармен түсінікті формада таныстыруды ұсынды. Ол баланың есіне-ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге ең бастысы қоршаған дүниенің кұ-былыстарын ақыл-ойға сала қабылдап, ұғыну сезімін дамыту керек деп кеңес берді.
Коменскийдің көптеген қағидалары — дене тәрбиесі туралы, тіл мен ойлау қабілетін дамыту туралы, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу ту-ралы дүние жүзілік педагогиканы дамыту ісіне қосылған маңызды үлес болды. Я. А. Коменскийдін, бұдан үш жарым ғасыр бұрын дерлік жазыл-ған «Ана мектебі» атты көрнекті еңбегі мектепке дейінгі тәрбие теориясын жасаудағы бірінші және тамаша талаптанушылық болды, ол кішкентай балалардың жас ерекшеліктеріне қарай олармен ойластырылған және-ұйымдастырылған жұмыс жүргізуге негіз қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет