Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



бет4/25
Дата06.02.2022
өлшемі253,5 Kb.
#57460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Марья Монтессори – итальян педагогы, ерте балалық шақтағы даму мәселесін қарастырған.
Иоганн Гербарт - оқыту мен тәрбиенің психологиялық негіздерін жобалап берді, баладағы адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін оның саналылығын көтеріп, онымен сыйластық қатынас жасау қажеттігін жариялады.
Адольф Дистерверг - неміс педагогы. өзінің педагогикалық теориясын прогрестік демократиялық бағытта дамытқандардың бірі.
В.А. Сухомлинский – «Жастарды адамгершілікке» тәрбиелеудің проблемаларын зерттеді.


2. Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер кешені


Дәрістер


Дәріс сабақтарының жоспары.


1-тақырып Мектепке дейінгі педагогика ғылымы.
1.Мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалаптасу тарихы.
2.Алғашқы қоғамдағы тәрбие.
3.Ежелгі Грецияның аса көрнекті философтары Платон мен Аристотель және Рим педагогы Марк Фабин Квинтилиан.

Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы адамзат тарихының өте ерте кезеңдерінде балаларды өмірге даярлаудың негізгі тәсілі аң аулау мен еңбек кұралдарын бейнелейтін карапайым ойыншыктармен ойнау, ересек-тердің іс-әрекеттеріне еліктеу болды. Моральдық тәрбие берудің кұралы өмірдің түрлі жай-жағдайларында жаңа ұрпактарға мінез-кұлық ережеле-рі мен нормаларын беріп отырған фольклор (ертегі, аңыз, мақалдар мен мәтелдер) болды.


Антикалық Грецияда мектепке дейінгі жастағы балаларды семьяда тәрбиелеу жөніндегі идеяларды қамтыған педагогикалық теорияның ны-шандары пайда болды. Тәрбие берудің өзінің мақсаттары мен құралдары жағынан елеулі түрде ерекшеленген спарталық және афинылық жүйесі көбірек белгілі болды. Спартада, әскери кұл иеленуші мемлекетте, олар болашақ әскери азаматтар тәрбиелеу міндеттерімен белгіленіп отырды. Қоғамдық мораль балаларды жас шағынан ер жүрек, шыныккан, ішер та-мак, киер киім таңдамайтын, жылап-сыктау, жасу дегенді білмейтін етіп тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың болашақта дені сау болуына тырысушы-лық, қыз балалар мен бой жеткен қыздардың дене тәрбиесіне көңіл бөлу-мен байланысты болды.
Афиныда кұл иеленушілердің балалары уакытты негізінен үйдің әйел-дер тұратын бөлігінде өткізіп отырды. Олар спартандарға қарағанда не-ғұрлым биязы тәрбие алды. Асыраушының қолынан бала педагогтың (бұл екі сөз —«пайдос»— бала және «аго»— қолынан жетектеймін дегеннен іііыққан) колына беріледі, олар кебіне дене еңбегіне жарамсыз кұлдар бо-лып келетін. »
Спартандық және афинылық жүйелер үшін олардың арасында айыр-машылыктар болса да, құлдар мен дене еңбегіне жиіркене қарауды тәрбиелеу, білім алуға азат адамдардың монополиясы ретінде қарау ортақ болды.
Педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуында Ежелгі Грецияның аса көрнекті философтары Платон мен Аристотель көзкарастарының ерек-ше маңызы болды.
П л а т о н (б. э. дейінгі 427—347 жылдар) тәрбие мен оқыту мәні, қо-ғамдық құрылым мен тәрбиенің қатынасы сияқты аса маңызды педагоги-калық ұғымдардын анықтамасын берген кісі. Ол азат азамат балаларын ерте бастан тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі туралы идеяны ұсынды. Платон ойынды тәрбие берудің маңызды құралы деп қарады, балаларды тәрбиелеумен шұғылданатын адамдарға қойылатын негізгі талаптарды айқындап берді.
Аристотель (б. э. дейінгі 384—322 жылдар) жеке адамның дене, акыл-ой және адамгершілік тәрбиесін қамтитын үйлесімді даму идеясын тұжырымдады. Ол тәрбиенің табиғи дарындылығына үлкен мән берді. Аристотель мектепке дейінгі кезеңді жеке адамның қалыптасуындағы ерекше және маңызды шақ деп бөліп қарады. Бұл кезеңде, оның пікірі бойынша, алуан түрлі ойындармен қатар ақыл-ойды дамытатын әңгімелер пайдаланылуға тиіс, ал балаларды бес жасынан бастап мақсатты түрде мектепке даярлау керек.
Мектепке дейінгі тәрбие теориясы негіздерінің қалыптасуында рим педагогы Марк Фабий Квинтилиан (42—118) жазған «Шешенді тәрбиелеу туралы» арнаулы педагогтық трактат — педагогика тарихында тұңғыш маңызды роль атқарды. Квинтилиан балалардың бойында ең әуел-гі — бастапқы түсініктердің қалыптасуына қоршаған ортаның әсер ету маңызьш атап көрсетті және сол заман қоғамының азғындыратын зиянды осері болатынын көрсетті.
Балаларды мектепке дейін тәрбиелеу туралы айта отырып, Квинтилиан ата-аналарға, асыраушыға және педагогқа сөз тастайды. Асыраушыдан, дені сау болудан басқа, биік адамгершілік, жақсы да дұрыс тіл білу талап етіледі. Педагогты таңдау — өте күрделі іс, өйткені бала одан әлем тура-лы білім және мораль нормалары жөнінде түсініктер алады.
Квинтилиан мектепке дейін балалармен жүйелі сабақ жүргізу мүмкін-дігі бар деп есептеді. Алайда соның өзінде берілетін білім ауқымы кең болмауға тиіс, оны беру методикасы «бала сүйіп үлгермеген оқуды жек көріп кетпеуі үшін» балалардың куанышты көңіл күйін, ынтызарын туғы-зуы керек.
Феодализм кезеңінде балалар тәрбиесіне католик діні орасан зор ық-пал етті, ол әр адамның бойында күнәһарлік нышан болады деп пайымда-ды. Шіркеу іліміне сәйкес, бұл күнәһарлықты жер бетіндегі емірді ана дү-ние өміріне көшудің даярлық кезеңіне айналдыру арқылы ғана жеңуге болады. Болашақ жұмақ игілігіне ие болу үшін адам шіркеу парыздарына толық бағынып, құдайдан үнемі қорқып, құлдық етіп, өмір сүруі тиіс. Кішкентайынан бастап балалардың тентектік жасауға, жер бетінде ойын-сауыкка беленуге, кеңіл көтеруге әуестенуге деген ынтасын басып тастап отыру керек және қатаң шаралар, оның ішінде ұрып-соғу жазасын, қолда-.ну аркылы мұндай қылықтарды тыю керек. Католик шіркеуі пұтқа табы-нушылар жасаған антикалық мәдениетке қарсы болды.
XIV—XVI ғасырларда, Қайта өрлеу дәуірінде қоғамдык ой-пікір адам-ға жаңадан үн қатып, гуманистікке (һшпапиз—адамшылдық), антика цивилизациясын — мәдениетін, өнерін, ғылымын — қайта ©ркендетуге ша-қырды. Балаға деген көзқарас та өзгерді, гуманистер оны шадыман өмір сүруге, денесін ©сіп жетілдіруге, ойын ойнауға, ақыл-ой іс-әрекеттерін жа-•сауға правосы бар жан иесі ретінде карайды. Бірақ Қайта өрлеу дәуірі, гуманизмінің аристократиялық сипаты болды, қоғамның тек артықшылықтағы бәлігі балаларының мүдделерін қорғады, ал халық балалары шіркеудің қанауында тәрбиелене берді.
Бірінші социалист-утопистер Томас Мордың (1478—1535) «Утопия» және Томмазо Кампанелланың (1568—1639) «Күн қаласы» деген еңбегінде жоқшылықтан, таптық теңсіздіктен, қанаудан азат қоғамдағы жетілген адам туралыармандар өз бейнесін тапты, Т. Мор мен Т. Кампа-нелла сипаттаған керемет мемлекеттерде мектеп жасына дейінгі барлық балаларға қоғамдық тәрбие беру енгізілген. Олардың дене дамуына үлкен көңіл бөлінеді, окыту кернекілікті кең қолданатынойындар арқылы жүр-гізіледі. ;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет