Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі


Р. Оуэннің кішкентай балаларға арналған мекті



бет7/25
Дата06.02.2022
өлшемі253,5 Kb.
#57460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Р. Оуэннің кішкентай балаларға арналған мекті Роберт Оуэн (1771—1858) аса көрнекті социал-утопистердің қатарында болды. Ол капиталистік құрылысты қатал СЬІНға алды және өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік 'орнатылу қажеттілігін жариялады.
Оуэн жұмысшы балаларын мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиелеуде тұңғыш талпынысты ойдағыдай жүзеге асырды. Басқарушы, ал содан соң Нью-Ланарктегі (Шотландия) мақта жіп фабрикасының иесі болған Оуэн жұмысшылардың тіршілігін жеңілдету үшін бірқатар шаралар жүргізді: жұмыс күнін 10,5 сағатқа дейін (14—16 орнына) қысқартты, 10 жасқа дейінгі балаларды жұмысқа қабылдауға тыйым салды, жалақыны көбейт-ті, жаңа үйлер салды. Ол капиталистік құрылыстың кеселдерінен азат, та-за жаңа адамдардың қалыптасуына үлкен көңіл бөлді. Ол Нью-Ланаркте ұйымдастырған «Мінез-құлыққа арналған жаңа институт» осы мақсатқа қызмет етуге тиіс болды, бұл институтқа 1-ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін ясли 3-тен 5 жасқа дейінгі «кішкентап балалар үшін мектеп», 5-тен 10 жасқа дейінгі балалар үшін бастауыш мектеп кірді, «Жаңа институтта» жұмыс істейтін жастар үшін сабақтар жүргізілді, жұмысшылар мен олар-дың семьялары үшін лекциялар және мәдени ойын-сауықтар өткізілді.
Мектепке дейінгі мекемелер 300-ге тарта баяаларға қызмет етті. Сабақ арнайы бөлініп, әсем безендірілген үйлерде және ойынға арналған алаң-дарда өткізіліп отырды. Бұл мекемелерді ұйымдастыру екі мақсатты көз-деді: біріншіден, жұмысшы әйел-аналар жұмыс уақытында балаларына қамқорлық етуден босатылды, екіншіден, Р. Оуэн балаларды қбршаған ортаның жаман ықпалынан мүмкіндігінше ертерек сақтауға тырысты. Ба-лалардың бойына адалдық, шыншылдық, сипайылық сезімін, коллекти-визм рухын тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлінді. Балалардың бойында жақсы манера мен талғамды дамыту мақсатымен оларды шотландық әсем ұлт-тық костюмдермен немесе ежелгі римдік туника сияқты кең тігілген көй-лектермен киіндірді, би билеуге жэнс ән салуға, өлең айтуға үйретті.
Балалар күндізгі уақыттың көбін далада, ашық ауада ойнаумен өткі-зіп отырды. Ойын кезінде тәрбиешілер балалардың назарын қоршаған табиғатқа аударумен болды, үй ішінде олармен еркін әңгіме өткізіп түрды, жиһаз бұйымдарымен, олардың пайдалану жайымен таныстырылды. Әқгі-ме мен сабақ өткізу кезінде көрнекілік кең қолданылды. Бастауыш мек-тепке барғанша балаларға кітап оқу үйретілмеді, өйткені Оуэн балалар-дың кітапты ерте оқуына қарсы болды. Еркін әңгіме өткізу, табиғатты бақылау, нақты өмірдің құбылыстарымен және заттарымен танысу оларды дамытудың неғұрлым тиімді құралдары болып табылады деп есептеді ол. Сонымен бірге сол кездегі оқу кітаптары негізінен діни мәнерде жазылды, ал Оуэннің мекемелерінде тәрбиенің бүкіл бағыты дінсіз сипатта болды.
Оуэн тәрбиешілерді іріктеп алуға ерекше көңіл бөлді, ал олардың не-гізгі қасиеті білімділігі емес, балаларға деген сүйіспеншілігі, мейірімділігі мен тәртіптілігі деп санады ол.
Оуэннің мектепке дейінгі тәрбие саласындағы қызметі алдыңғы қатар-лы жұртшылықтан жоғары баға алды. Ф. Энгельс былай деп жазды: «Нью-Ланаркте сәби жастағы балаларға арналған Оуэн ойластырған мек-тептер бірінші рет енгізілген болатын. Бұларға балалар екі жастан бастап қабылданды және онда балалар уақытты жақсы өткізіп отырды, оларды үйлеріне қайтарып альш кету қиын болды»1.
Жан-жақты қызметі Оуэннің керемет атағын шығарды. Нью-Ланаркке кәсіпкерлер, мемлекеттік және коғамдық қайраткерлер барып жүрді. Оуэн Европада атақты кісі болды. Бірақ бүтіндей алғанда жұмысшылардың жағдайы ешбір жақсармады. Оның қызметі буржуазияның әлеуметтік құ-рылысты өзгсртуге мәжбүр ете алмайтындығына көзі жеткен Оуэн капита-лизмді батыл сынау жолына түсті.
Оуэн әзірге өзінің филантропикалық тәжірибесімен шұғылданғанша ол, Ф. Энгельстің сөзімен айтқанда, «тек байлық, құптау, құрмет және даңқ игіліктерін кәрді... Бірақ ол тек өзінің коммунистік теорияларымен бой көрсетсе-ақ болғаны іс басқаша бағыт алды».
К. Маркс пен Ф. Энгельс Оуэннің педагогикалық идеялары мен қоғам-дық-педагогикалық қызметін жоғары бағалады. Оның ілімі мен педагоги-калық тәжірибесінің прогрестік жағын К. Маркс «болашақ дәуір тәрбие-сінің ұрығы» ретінде сипаттаған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет