Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары.
Білім - адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды дүниені бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі - таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады. Таным - адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі - адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным - адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: - қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); - қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным - білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық сипатта болады. Егер белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда олар университет зертханалары мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада тез жүзеге асырылады. "Білім" терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек: - бірдеңені істеу, жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері; - кез келген танымдық мән бар ақпарат; - практикамен өзара байланыста болатын ерекше танымдық бірлік. Соңғы екі аспекті ерекше философиялық пән - таным теориясының (гносеологияның) зерттеу объектісін құрайды. Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі болып табылады.
28.Таным объектісі мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары.
Таным объектісі мен субъектісі.
Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.
Бәрінен бұрын, таным процесі субъект пен объектінің өзара әрекеттесуі ретінде қарастырылады. Таным – шынайылықтың адам санасында бейнелену процесі.Таным барысында болмыстың әртүрлі қырлары ашылып, қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстардың, сыртқы жақтары мен ішкі мәні зерттеліп, таным әрекетінің субъектісі – адам – адамды, яғни, өзін - өзі зерттейді. Танымның нәтижелері жеке адамның санасында ғана қалып қоймайды, ол ұрпақтан ұрпаққа ақпаратты материалды тасымалдаушылар арқылы жеткізіліп отырады.
Қазіргі зерттеулерде таным теориясымен байланысты мәселелерді зерттеуде мағынасы жағынан гносеология тең эпистемология (грек.т. episteme – білім, таным) термині кең қолданыс табуда. Ғылыми танымның басты құрамдас бөліктері теория және гипотеза. Ғылыми танымның теоретикалық деңгейіне теоретикалық әрекет пен теоретикалық білімнің бірлігі жатады. Ал теорияның мазмұнын оның негізгі және арнайы ұғымдары мен тұжырымдары құрайды. Ұғымдарда берілген теорияның объектілері, олардың қасиеттері мен қатынастары бейнеленеді. Ал теорияның тұжырымдарында тұтас жүйе ретіндегі пәндік аймақтың құрылымы, заңдылықтары мен тәртіптері сөйлемдер арқылы бейнеленеді. Ал гипотеза ақиқаттылығы немесе жалғандығы әлі анықталмаған пікірлер немесе ықтимал білім формасы жатады. Гипотеза міндетті түрде тәжірибе арқылы зерттеуді талап етеді. Гипотеза тәжірибе арқылы тексеруден өтіп, нақтыланса ғана ақиқаттылығына еш күмән келтірмейтін ғылыми теорияға айналады.
Таным мүмкіндіктері мен шекаралары.
Гносеология немесе таным теориясы - философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гепотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы. Таным теориясы немесе эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды.
Эпистемология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе жатыр. Дегенмен егер қателік жібермесе, адам ақиқатты ақиқат ретінде тани алмас еді. Сондықтан гносеологияда адамның қалай адасатыны және одан кейін қалай тура жол табатыны да зерттеледі. Гносеология үшін дүние, адам және адамзат коғамы туралы дәйекті білімдердің болуының қандай практикалық маңызы бар деген мәселенің өмірлік мәні ерекше. Осындай толып жатқан мәселелер жиналып келіп, "Білім деген не?"деген сұраққа жауап беретін таным теориясының өзекті мәселесін құрайды.
Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады.
29.Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм.
Эпистемологиялық оптимизм адамның танымдық қабілеттерінің шексіз мүмкіндіктерін талап етеді және адамның айналасындағы әлемді, объектілердің мәнін және өзін-өзі тану жолында түбегейлі кедергілер жоқ деп санайды. Бұл бағытты жақтаушылар объективті шындықтың болуын және адамның оған жету қабілетін талап етеді. Олар, әрине, таным процесінде белгілі бір қиындықтар бар екенін мойындайды, бірақ дамып келе жатқан адамзат оларды жеңеді.
Философия дамуындағы ұзақ ғасырлар бойы таным процесіне деген, танымның мүмкіндіктеріне деген, жалпы танымның нағыз табиғатын ашуға деген ұмтылыстар нәтижесінде бірқатар бағыттар пайда болды. Солардың бірі – гностицизм бағыты. Гностицизмді жақтаушылар таным мәселесін түсіндіруде материалистік бағытты ұстанды. Олар танымның бүгіні мен болашағына зор сеніммен қарады. Әлемді толықтай танып – білуге болады, адам танымының мүмкіндіктері шексіз. Таным - бұл өзінің бейнелеуші қасиеті – сана арқылы өзін - өзі тануға ұмтылады.
Гностиктарге қарсы шығып, танымның мүмкіндіктеріне күмәнмен қараған келесі бағыт агностицизм (грек.т. agnostos – танылмайтын, тану мүмкін емес) бағыты болды. Таным табиғатын түсіндіруде идеалистік жолды ұстанған агностиктердің пайымдауынша, адам танымының мүмкіндіктері шектеулі, ол әлемді тұтастай танып – біле алмайды, сондай – ақ, әлемнің біздің танымымыздан жоғары тұруының өзі адам танымының мүмкіндіктерін шектейді. Жалпы «агностицизм» терминін философияға енгізген ағылшын жаратылыстанушысы Т.Гексли. Ол осы термин арқылы Құдай болмысы, объективті шынайылық, жанның мәңгілігі сияқты біз тәжірибе арқылы таный алмайтын «мәндерді» тәжірибелік білімге сүйеніп түсіндіруге ұмтылған ғалым сенімсіздігін білдіру үшін қолданды. Ал марксизм философиясының өкілдері агностицизм ұғымына өзгеріс енгізіп, оны материалды әлемді және оның адам тәжірибесінен тәуелсіз жақтарын танудың мүмкін еместігін білдіретін ұғым ретінде қарастыра бастады. Агностицизм нағыз, шынайы білім алу мүмкіндігін жоққа шығарушы ілім ретінде Д.Юмның, И.Канттың, белгілі бір дәрежеде - Дж.Берклидің философияларында көрініс тапты. Дәстүрлі метафизиканы сынау позитивизм бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды.
Қазіргі уақытта Батыстың интеллектуалды дәстүрі «агностицизм» терминін адам танымынан жоғары тұрған мәселелерді түсіндіруге арналған философиялық концепцияларды талдауда және адамның Құдайға деген ерекше қатынасын сипаттауда қолданады.
Таным мәселесінде мағынасы жағынан агностицизмге жақын ұғым – скептицизм. Скептицизм(грек. т. skeptikos –қаарстырушы,зерттеуші, күмәнданушы) – дүние туралы абсолютті толық және ақиқатты білім алу мүмкіншілігін жоққа шығарады. Өз бастауын әртүрлі тектегі пікірлердің барлығын мойындай беруден бас тартып, өмірде адамға бағдар беретін және шындыққа жанасатын білім формасын ғана мойындауға шақырған антикалық «пирронизм» философиясынан алады.
Қазіргі философияда скептицизм критицизм формасын иеленді. Бұл бағытты ұстанған алғашқы философ ретінде И. Кантты айтуға болады. Критицизм - өте күрделі ұғым, егер мағыналық жағынан қысқаша түсіндірсек ол көптүрлі рухани құбылыстардың барлығына бірдей жалпы негіз іздемейді, керісінше, әрбір құбылысты жеке негіздеуге ұмтылады. Критицизм өз ізденісін «қалай болуы мүмкін?» (өнер, ғылым, адам, Құдай, өлім, бостандық) деген сұрақтан бастайды. Ол ештеңені терістемейді, адамдарды қандай да бір пікірлерді, тұжырымдарды қабылдауға міндеттемейді, ол ештеңені алдын ала анықтамайды. Адамға өзінің танымдық қабілетінің негіздерін ашып беріп, таңдау мүмкіндігін өзіне қалдырады. Критицизм әртүрлі формаларда өмір сүреді: эмпириокритицизм, сыни реализм, сыни рационализм, Франкфурт мектебінің философиясы, постмодернизм.
30.Милет ойшылдарының натурфилософиясы және Скифтік Анахарсистің скептицизмі.
Милет мектебі жетістіктерімен емес, ізденістерімен маңызды. Бұл шкала Грек рухының Вавилониямен және Египетпен байланысы арқасында пайда болды. Милет бай сауда қаласы болды; Милеттің көптеген халықтармен қарым-қатынасының арқасында бұл қаладағы алғашқы наным-сенімдер мен ырым-жырымдар әлсіреді. Иония біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырдың басында Дарий жаулап алғанға дейін, ол мәдени тұрғыдан эллиндік әлемнің маңызды бөлігі болды. Бахус пен Орфейге қатысты діни қозғалыс оған әсер етпеді; оның діні олимпиадалық болды, бірақ оған мән берілмеген сияқты. Талес, Анаксимандер және Анаксименнің философиялық құрылымдары ғылыми гипотезалар ретінде қарастырылуы керек және олар тропоморфтық ұмтылыстар мен моральдық идеялардың орынсыз әсерін сирек сезінеді. Олар қойған сұрақтар назар аударуға лайық болды және олардың батылдығы кейінгі зерттеушілерді шабыттандырды.
Милет мектебі алғашқы философиялық мектеп ретінде белгілі. Онда алғаш рет саналы түрде барлық нәрсенің негізгі принциптері туралы сұрақ қойылды. Мұнда бірінші кезекте Әлемнің мәні туралы мәселе тұр. Милет мектебінің кейбір өкілдері бұл мәселені басқаша шешсе де, олардың көзқарастары ортақ: олар белгілі бір материалдық принцип бойынша әлемнің негізін көреді. Бұл алғашқы грек философиялық мектебі өздігінен материализмге ұмтылады деп айта аламыз. Әрине, материалдық және рухани принциптердің өзара байланысы туралы мәселе әлі қойылған жоқ, ол кейінірек тұжырымдалды. Милет мектебінің өкілдері әлемді материалдық деп түсінді. Бұл мектеп әлемді, оның жеке құбылыстарын, жалпы принципін немесе негізін материалистік тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Ф. Энгельс "Табиғат диалектикасында": "...Аристотель бұл ежелгі философтар материяның белгілі бір түріндегі басты болмысты қарастырады дейді...»1. Олардың ойларын талдау философияның пайда болуынан бастап, бір жағынан, оның материализммен байланысы, екінші жағынан, материализмнің диалектикамен байланысы бар екенін көрсетеді. Материализмнің алғашқы тарихи кезеңіне тән белгі-оның ғылыми таныммен және сол кездегі прогрессивті әлеуметтік күштермен тығыз байланысы.
31.Д.Юмның скептицизмі.
Таным мәселесінде мағынасы жағынан агностицизмге жақын ұғым – скептицизм. Скептицизм(грек. т. skeptikos –қаарстырушы,зерттеуші, күмәнданушы) – дүние туралы абсолютті толық және ақиқатты білім алу мүмкіншілігін жоққа шығарады. Өз бастауын әртүрлі тектегі пікірлердің барлығын мойындай беруден бас тартып, өмірде адамға бағдар беретін және шындыққа жанасатын білім формасын ғана мойындауға шақырған антикалық «пирронизм» философиясынан алады.
Дэвид Юм (1711 – 1776) - шотландтық "адам табиғаты туралы Трактат";"адам танымын зерттеу";моральдық және саяси тәжірибелер; "табиғи дін туралы диалогтар".
Субъективті идеализм: эпистемологиялық нұсқа эмпиризм қағидаттарына сәйкес, біздің біліміміздің жалғыз көзі сенсорлық сезімдер болғандықтан, сезімдердің себептері туралы сұрақ мағынасы жоқ, өйткені мұндай себептер сезілетін нәрсе болуы керек (басқаша айтқанда-басқа сезім; бірақ бұл жағдайда сұрақ жауапсыз қалады) немесе кейбір сезімтал заттар (олар сезімдермен қабылданбайды, сондықтан белгісіз болып қалады). Екі жағдайда да, сенсорлық сезімдердің субъективті (идеалды) әлемі бізге қол жетімді жалғыз шындық болып қала береді.
Қабылдаудың екі түрі: әсер (сенсорлық қабылдау процесінде алынған, жанды және күшті, тәжірибемен байланысты), идеялар (сезімдерді тоқтатқаннан кейін немесе оларды алдын-ала болжағаннан кейін, аз жанды және күшті, ақылмен өз қалауы бойынша байланысады). Идеялар қауымдастығының принциптері: ұқсастық, сабақтастық, себептілік. Себептіліктің субъективтілігі: уақыт бойынша бірізділік негізінде себеп – салдарлық байланыстың болуы туралы қорытынды логикалық қатенің нәтижесі болып табылады. "Кейін ""байланысты" дегенді білдірмейді. (Post hoc non est propter hoc.)
Скептицизм Д. Юм. Скептицизм (қарау, зерттеу), шындықтың кез-келген сенімді критерийінің болуына күмән тудыратын философиялық ұстаным. Скептицизмнің экстремалды түрі.. біздің білімімізде шындыққа сәйкес келетін ештеңе жоқ және сенімді Білім негізінен қол жетімді емес деген тұжырымға сүйене отырып, агностицизм бар.
Юм жаңа еуропалық агностицизмнің негізгі принциптерін тұжырымдады. Философия тарихындағы ең дәйекті агностицизм Юма жүйесінде жүзеге асырылды. Танымның жалғыз көзі-тәжірибе. Тәжірибе білімнің жалғыз көзі ретінде түсіндірілді. Идеалистік эмпиризмнің өкілдері (Дж. Беркли, Д. Юм) тәжірибені сезімдер мен қабылдаулар жиынтығымен шектеп, тәжірибе білімнің көмегімен тұжырымдалған заңдарға негізделгенін жоққа шығарды. Юм оны тексерудің мүмкін еместігінен пайда болды => тәжірибе деректері мен объективті әлем арасындағы сәйкестікті анықтау мүмкін еместігі. Мысалы: себеп ұғымы бір құбылыстың екіншісінен кейін қайталану нәтижесінде пайда болады. Осы қайталануды қорытындылай келе, ойлау тиісті құбылыстар арасында себеп-салдарлық байланыстың бар екендігі туралы қорытынды жасайды. Алайда, шын мәнінде, Юм, мұндай тұжырым тек ойлаудың нәтижесі деп санайды. Сол сияқты, барлық білім тек тәжірибемен айналысады және түбегейлі оның шегінен шыға алмайды, сондықтан тәжірибе мен шындық арасындағы қатынасты бағалай алмайды.
Ю. таным теориясы Дж. - ның субъективті идеализмін өңдеу нәтижесінде дамыды. Беркли агностицизм рухында. Юм сыртқы тәжірибенің (сезімнің) әсерін бастапқы қабылдау деп санады, екінші — ішкі тәжірибенің әсерлері (әсер, тілек, құмарлық). Болмыс пен рухтың қатынасы мәселесін теориялық тұрғыдан шешілмейтін деп санай отырып, Ю.оны қарапайым идеялардың (яғни, сенсорлық бейнелер) сыртқы әсерлерге тәуелділігі проблемасымен алмастырды. Болмыстың объективті заңдылықтарының санасында көрініс таппай, Ю.күрделі идеялардың қалыптасуын қарапайым идеялардың бір-бірімен психологиялық бірлестігі ретінде түсіндірді. Барлық қарапайым идеялар тікелей немесе жанама түрде тиісті әсерлерден туындайды (туа біткен идеялар мәселесін алып тастайды). Білім міндеті практикалық бағдарлау үшін нұсқаулық болу. Бұл бірлікте. математика объектілері сенімді білімнің тақырыбы болып саналады. Зерттеудің барлық басқа объектілері тек логикалық түрде дәлелденбейтін фактілерге ғана қатысты, бірақ тек тәжірибеден алынады.
Тәжірибе идеалистік тұрғыдан түсініледі. Шындық-әсер ағыны. Бұл әсерлерді тудыратын себептер белгісіз. Біз тіпті білуге бола ма вешний әлемі. Біздің сезімдеріміз (сезімдеріміз) және жанның ішкі іс-әрекеттері (рефлексия) әсерлері бар, есте сақтау және қиял идеялары бастапқы сезімдердің осы 2 түріне байланысты. Алдыңғы әсерсіз бірде-бір идеяны қалыптастыру мүмкін емес.
Себеп пен әрекет арасындағы қатынасты интуитивті де, дәлелдеу арқылы да алуға болмайды. Мүмкін себептік байланыс бар. Бір-бірінен кейінгі 2 оқиғаның ішінде алдыңғы оқиға шынымен себеп болуы мүмкін, ал кейінгі оқиғалар салдары болуы мүмкін. Адамдар өткен әрекеттерді бақылаулардан болашақта осы объектілердің ұқсас әрекеттеріне қорытынды жасауға бейім (көктемде жаз болады), олар сол дәйектіліктің болашақта болатынына сенімділік негізінде әрекет етеді. Адамдар неге енгізі осылайша? әдеттер. Алайда, әдеттің әрекеті ешқашан белгілі бір тәртіптің күтілуін шынайы білімнің сенімділігіне - скептицизмге айналдыра алмайды. Әсер ағыны әлі де хаотикалық емес. Әсер эквивалентті емес және бұл әлемде бағдарлау үшін жеткілікті.
32.И.Канттың классикалық агностицизмі.
Канттың агностицизмі өте қарапайым идеяға сүйенді – біз эмпирикалық түрде тексере алмайтын нәрсені, яғни көру, есту, сезім арқылы тікелей түзете алмаймыз - біз оны 100 пайыз сенімділікпен соңына дейін біле алмаймыз. Бұл біздің болжамдарымызда қалады, олардың кейбіреулері Мұқият, ал басқалары аз.
Кант әлемді білудегі басты қиындық адамның өзі, дәлірек айтқанда оның ақыл – ойы деп санайды. Ол даулы. Әлемді тереңірек және тереңірек білуге тырысып, ақыл қарама – қайшылықтарды тудырады (оларды Кант антиномиясы деп атайды). Әлемнің шексіз екенін сенімді түрде дәлелдеуге болады, бірақ әлемнің шексіз екенін дәлелдеуге болады. Құдайдың бар екенін дәлелдеуге болады, бірақ Құдайдың жоқ екенін дәлелдеуге болады. Дауласушы тараптардың ешқайсысы да дұрыс немесе бұрыс болмайды.
Канттың агностикалық философиясының орталық ұғымы - "заттар" немесе "заттар өзі"ұғымы. Материалдық әлемнің кез-келген объектілері бір уақытта "заттар" және құбылыстар болып табылады, яғни.қосарлы сипатқа ие. Біз материалдық әлемнің кез – келген тақырыбын тек құбылыс ретінде білеміз, және бұл мағынада ол құбылыс немесе "біз үшін нәрсе", бірақ ол өзі туралы принцип бойынша толық білмейді.
Кантовтың "заттар" мен құбылыстарының мысалы ретінде сіз кез-келген, тіпті ең қарапайым тақырыпты ала аласыз. Мысалы, шыны стақан. Ол белгілі бір пішінге, массаға, түске немесе түссіздікке, мөлдірлікке ие, жанасуға тегіс. Мұның бәрін біз әйнекке қарап, сезінеміз. Әйнектің аталған барлық сипаттамалары-бұл оның құбылыстары, біз оны өз сезімімізбен біле аламыз. Машинаның пішіні цилиндр тәрізді, стақан түрлі-түсті немесе мөлдір және т.б. нысанды қалай сезінеміз, бұл бізге оның құбылысы. Бірақ әйнекте біз көре алмайтын және сезбейтін нәрсе бар. Біз әйнекті құрайтын атомдарды көрмейміз, бірақ оның атомдардан тұратынына сенеміз, өйткені кез-келген заттың атомдық құрылымы туралы бұл болжам жалпыға бірдей мойындалған, сенімге айналды. Егер бір күні әйнекті құрайтын атомдарды арнайы құрылғылардың көмегімен көру мүмкін болса, әйнек атомдарын құрайтын одан да кішкентай бөлшектердің – кварктардың болуы туралы мәселе бірден пайда болады. Біз тағы да мұндай кварктар шын мәнінде бар деп болжаймыз және сенеміз. Және де шексіздікке дейін. Шыны атомдар жиынтығы немесе одан да кішкентай бөлшектер – кварктар-бұл өз ішіндегі нәрсе. Бұл қасиетте ол принципті толық білмейді, өйткені біз атомдар да, кварктарды да сезбейміз. Канттың агностицизмі-оның философиясының орталық ойына енеді, біз бұл әлемді оның өзі сияқты емес, тек біздің сезімдерімізде көрініс табатын және біздің ойымызбен түсіндірілетін нәрсе. Ғылым қаншалықты тез дамып, айналамыздағы әлем туралы идеяларымызды кеңейтсе де, біз әлі білмейтін және тек болжай алатын нәрсе болады.
Жалпы, Кант ғылымның күші туралы, Адамның ойлау қабілеті туралы ойлана отырып, әлемнің ғылыми танымының маңыздылығын жоққа шығармады, бірақ мұндай танымның өз шегі бар деген қорытындыға келді деп айтуға болады. Бұл шекара - "заттар" әлемі. Бұл Канттың агностицизмі-бұл адам танымайтын нәрсе әрқашан болады және қалады деген сенім. Адам әлемді тереңірек және дәл білетін болса да, әрқашан белгілі бір көкжиек болады, ол үшін өту мүмкін болмайды.
Канттың ілімінің қарама-қайшылығы-адамның іс-әрекеті агностицизм идеясын үнемі жоққа шығарады. Мысалдар өте қарапайым және айқын. Біз электр тогының не екенін нақты білмейміз, бірақ ток электрондар шығаратын электромагниттік толқын деп болжаймыз. Осы болжамға сүйене отырып, адам электр станциялары мен электр шамдарын құрды, радио мен теледидар, телефония пайда болды. Барлық осы өнертабыстар электромагниттік толқын ретінде электр тогының табиғаты туралы гипотезаға негізделген. Біздің телефондар, радио және теледидар қабылдағыштарымыз жұмыс істегендіктен, бұл гипотеза дұрыс болғанын және біз электр тогының мәнін түсінуге мүмкіндік алдық.
Әлемде әрқашан адам танымайтын нәрсе болады деген көзқарас тұрғысынан агностицизм философиялық идея ретінде Мәңгілік. Бірақ адам әлем туралы білім шекарасын үнемі кеңейтіп отыратындықтан және бұл қазіргі кезде өте тез жүретіндіктен, агностицизмді жоққа шығаруға дәлелдер үнемі болады.
33.Г.Гегельдің диалектикалық методы және батыс еуропалық гносеологиясындағы оның маңызы.
Әлемде жүзеге асырылатын абсолютті идея-бұл қозғалмайтын, тыныш зат емес, бірақ мәңгі өмір сүретін және дамып келе жатқан бастама. Абсолютті-диалектикалық процесс, барлығы нақты-бұл процестің бейнесі. Егер олар Құдайды абсолютті тіршілік иесі деп атағысы келсе, онда Гегельдің пікірінше, "Құдай бар" емес, "Құдай жаратылған"деп айту керек. Философия-бұл ойдың, Құдайдың және әлемнің осы қозғалысының бейнесі, ол органикалық байланысқан жүйе және басқа дамып келе жатқан тұжырымдамалардың бірі қажет. Гегельдің философиясына сәйкес ойлауды дамытудағы қозғаушы күш-қайшылық, онсыз ешқандай қозғалыс, өмір болмайды. Барлық шындық қарама-қайшылыққа толы және соған қарамастан ақылға қонымды. Қарама-қайшылық-бұл ақылға сыймайтын, ойды тоқтататын нәрсе емес, әрі қарай ойлауға итермелеу. егельдің философиясына сәйкес, оның мәңгілік жаратылысындағы абсолютті барлық қарама-қайшылықтар арқылы өтеді, оларды кезек-кезек құрып, алып тастайды және осылайша әр жаңа алға жылжу кезінде өзінің нақты болмысының айқын санасын алады.
34.Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері.
Қазіргі ғылымның таңғажайып мүмкіндіктері бар. 1904 жылы Никола Тесла бір кездері адам өз ойын ең алыс қашықтыққа жібере алады деп мәлімдеді. Бір ғасырдан кейін бұл мүмкін болды. Қоғамды ақпараттандыру соншалықты жоғары деңгейге жетті, қазір адам кез-келген ақпаратты интернеттен таба алады. Әр үйде және кеңседе қазір компьютер де, интернет те бар. Олар соншалықты қарапайым болғандықтан, адам оларды қолданумен байланысты қауіптерді ұмытып кетеді. Компьютер-сәулелену мен өрістердің бірнеше түрінің көзі. Стационарлық компьютерлер мен ноутбуктар мониторларының катодты сәулелік түтігі иондаушы сәуле шығарады. Кез-келген басқа электр аспаптары сияқты, компьютер де электромагниттік сәуле шығарады. Компьютерге кіретін барлық құрылғылар мен қосалқы электр жабдықтары күрделі электромагниттік өрісті құрайды. Электромагниттік сәулеленудің әсері туралы қазіргі заманғы зерттеулердің көпшілігі оның денсаулыққа тигізетін зияны туралы айтады.
35.Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері.
Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.
Әдіс - 1. (Грек. methodos-зерттеу) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі.
2. Құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.
3. (Грек.odes – «бір нәрсеге жетудің жолы») – көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.
Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.
36.Ғылыми таным әдістері және және ғылыми ақиқат ерекшелігі.
Ғылыми таным – танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады. Әрине, мұнда сезімдік танымның рөлі де жоққа шығарылмайды, алайда ол ғылыми танымның теория ауқымында жанама, екінші рөл атқарады. Ғылыми таным құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық байланыстары мен заңдылықтарын эмпирикалық білім мен ақыл-ойға табан тіреп, рационалды түрде сараптау арқылы бейнелейді. Мұндай сараптау ұғымдар жүйесі, ой қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер сияқты жоғары дәрежедегі абстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең маңызды міндеті – мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты ашу. Осы міндетті іске асыру үшін ғылыми танымның көптеген тәсілдері кеңінен пайдаланылады, оларға: абстракциялау, идеализациялау, синтез, дедукция, асбстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады. Ғылыми танымның маңызды ерекшелігі – оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылыми рефлексия ретінде калыптасуы; яғни, ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді
37.Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі.
Ғылым жүйелік білім мен тәжірибе, ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру. Ғылым дамып, шарықтаған сайын, оның жетістіктеріне көлеңке түсіретін жалған ғылым да, өтірік ілім де қосарлана алға жылжиды. Бүгінде ешқандай дәлелі мен дәйегі, зерттеу тәсілі жоқ болса да, ғылымның терісін жамылған түрлі жалған ғалымдардың қатары көп. Адамзат ғарышты игеріп, нанотехнологияларды дамытып, гендік инженерияға ден қойып жатқан қазіргі кезеңде гомеопатия, хиромантия, нумерология сынды ілімдер де қалыспай келеді.. Өркениет қанша дамыса да, түрлі тылсым күштермен байланыс орнату немесе алыста тұрып ой алмасу, тіпті көзбен затты орнынан қозғалту, бір ғана дәрімен ондаған ауруды емдеу сынды жалған теориялар жойылмады. Мұндай жалған ілімдерге сенетіндердің қатары да аз емес... Негізі, жалған ғылым туралы термин тек ХVII ғасырда пайда болса да, олар ерте заманда да, орта ғасырда да дамыған. Оған сол кезеңдегі физиология мен медицинаның тірі ағзалар туралы түрлі қиял-ғажайып тұжырымдарын қосуға болады. Ал орта ғасырларда қатты дамыған алхимия ғылымы жалған ілімнің жақсы мысалы бола алады. Бірақ сол кезеңде адамзат алхимияны жалған ғылым деп қарастырмады. Оның жалған ғылымның қатарына қосылғаны кейін ғана. Алайда алхимияның дамуы нақты ғылымның дамуына жақсы ықпал еткені анық. Сол кезеңде түрлі ғылыми реакцияларды зерттеуі адамзаттың жаратылыстануы үшін қажетті болса да, сынаптан алтын алуға талпыну, қайдағы жоқ философиялық тасты іздеуі тіптен керексіз дүние еді. Бұл ғылымның кейінгі ғасырларда жойылып кеткені тарихтан белгілі. Жалпы, жалған ғылымды өте білімді,түрлі жаңалық ашуға құмар, бірақ өз дегенінен қайтпайтын адамдар жасауы да мүмкін. Мысалы 1980 жылдар Бангладеште орын алған оқиғаны да мысалға келтіруге болады. Сол жылдары Бангладешті жайлаған аштық кезінде кейбір шетелдік фармакологиялық компаниялар билікпен келісе отырып, нарыққа «аштықты емдейтін» арзан дәрі-дәрмекті енгізген. Бұл дәрі-дәрмектер тойып тамақ ішпеген кездегі енжарлық пен әлсіреудің алдын алатын керемет қасиеттерге ие-мыс. Нәтижесінде осындай керемет дәрілерден көптеген адам зиян шеккен. Бұл жерде шетелдік компаниялардың пайда үшін жұртты алдауға барғаны көрініп тұр. Алайда аталмыш елдің денсаулық сақтау министрлігі бұған қалай жол бергендігі түсініксіз. Өйткені тойып тамақ ішпеген адам өзіне қажетті энергияны ешқандай да дәрі-дәрмекпен толтыра алмайтыны анық. Аштықтан емдейтін дәрінің кесірі тигендердің саны белгілі болған кезде, оның саудасына тыйым салынған. Мұндай мысалдар қазірдің өзінде жетерлік. Шыққан тегі белгісіз, белсенділікті арттыратын биологиялық қоспалар, арықтауға арналған дәрі-дәрмектер дүкен сөрелерінде толып тұр. Бұның барлығы жалған ілімнің нәтижелері. Ал кіші дәретпен емдеуге арналған уринотерапияны қолдаушылар оны көптеген ауруларға ем дегенге сенеді. Зәрді ішке қабылдау арқылы тіпті ауыр қатерлі ісіктен да айығуға болады деп сендіреді. Алайда оның ауруға ем болғаны туралы ғылыми дәлелденген дерек жоқ. Мұндай тәсілмен емделу адам ағзасы үшін қауіпті болуы мүмкін. Жалған ғылыммен айналысу, оны ары қарай дамыту, оған сенетін адамдарды көптеп тартудың астарында көбіне бақай есеп жатады. «Фен-шуй», хироматия, астрология сынды ілімдерді дамытушылар қаржылай пайда көреді. Өйткені оларға сенетін адамдар құр қол келмесі анық. Кейде жалған ілімдерді адамдарды дұрыс жолдан адастырып, шындықтан алыстату үшін әдейі жасайды дейтіндер де бар. Мәселен, кеңестік кезеңде кеңінен оқытылған марксизм, дарвинизмді мысалға келтіруге болады. Нағыз ғылыммен айналатын ғалымдардың жаңалық ашуға ұмтылысы кезінде жіберген қателіктерінен гөрі, осындай жалған ілімді қолдан жасаушылардан келетін қауіптің қатері күшті болуы мүмкін...
38.Ғылым құндылықтары. Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде талдау.
Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.
Тұтас ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде жаратылыстану, әлеуметтік және техникалық ғылым деп үлкен үш топқа бөлуге болады. Бұлардың арасында қатаң шекара жоқ, бірқатар ғылыми пәндер аралық жағдайда қалыптасқан. Мысалы, техникалық ғылым мен әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде – техникалық эстетика, жаратылыстану ғылымы мен техникалық ғылымының түйіскен жерінде – астроботаника, ал жаратылыстану ғылымы мен әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде экономикалық ғылымдар қалыптасқан. Ғылымның ерекше маңызды рөл атқаратын салалары – математика, ақпараттану және басқару теориясы болып табылады. Ғылымның белгілі бір саласында дәстүрлі зерттеулер жүргізілуімен қатар, пәнаралық, кешенді зерттеулер жүргізу қазіргі ғылымның ерекше даму бағыты болып табылады.
39.Ғылымдардың классификациясы: Аристотель, әл-Фараби, Ф.Бэкон,
Аристотель — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие. Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған пәлсапалық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі мұсылмандық және христиандық мәдениетке, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің «Ескендір» поэмасында Ескендірдің көзтоймастығына салыстырмалы Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды. Сократ, Платон, Аристотель үштігі ежелгі грек пәлсапасының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады.
Аристотель ең алғаш этика, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты пәлсапалық жүйені құрды. Аристотельдің түрлі физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді.
Оның алты кітаптан тұратын «Органоны» ойлау әдісін қарастыратын логиканы тұңғыш рет пәлсапалық деңгейге көтерді. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ-шы ғасырда формалды логика ғылымы қалыптасты.
Әл-Фарабидің эманациялық теориясы мұсылман философиясының бүкіл тарихымен екі жақты байланысты: ол теологиялық және философиялық ойдың алдыңғы бағыттарында орын алған ілімдерді өзінде біріктіреді, және өз кезегінде Әбу Насырдың соңынан ерген көптеген ғалымдар үшін теориялық түзілімдердің бастауы қызметін өзі атқарады. Өз ілімінде Әл-Фараби аспан мен ай асты мәселелерін біртұтас етіп біріктіреді. Негізінен ақылмен танылатын және өзгермейтін болмыстармен айналыса отырып, ол, сондай-ақ, денелік және өзгермелі болмыстарды да назардан тыс қалдырған жоқ. Философ мәңгілік әлемді өзгермелі әлемнен бөліп қарайды, дегенмен Бүтін және көптік арасына байланыс орнатады. Әл-Фарабидің эманация теориясы өзінде теология мен космология мәселелерін біріктіреді. Ақыл барлық затты жасампаз ете отырып, жалғыздан тарайды. Бұлай болу себебі, құдай өз субстанциясын біледі, барлық игіліктің бастауы өзі екенін біледі, - деп есептейді Әл-Фараби. Құдайдың әрекеті мен жасапмаздығы ойлау процесінде, интеллектуалдық процесте жүзеге асады. Ойлау мен болмыстың өзара қатынасы Әл-Фараби философиясында жаратылыстың ұлы да сымбатты көрінісімен берілген.
Адамзат ақыл-ойының эволюциясын Әл-Фараби таным процесіне қатысатын адам жанының қабілеті мен бөлшектеріне байланысты зерттейді. Адам интеллекті – бұл туа біткен қабілет, - деп көрсетеді Әл-Фараби. Бұл алғашқы интеллектіні философ потенциалдық және алғашқы материалдық интеллект деп атайды. Ол тәжірибеге дейін болады, яғни адамзат ие болғанға дейін болады. Тәжірибе пайда болып, сақталғаннан кейін потенциалдық ақыл актуалды ақылға айналады. Таным процесінің екі жақты сипаты бар: ол потенциалды ақыл-оймен қатар потенциалды ақыл жететін нәрселерді де жүзеге асыруды көздейді. Материалдық болып табылатын заттардың субстанциясында өзбетінше актуалды интеллект болу қабілеті жоқ. Бұл объектілердің мүмкін, яғни потенциалды танылудан актуалды танылуға өтуі үшін материядан да асқан субстанциялы мән қажет. Өзінің “Ақыл (деген сөздің) мағынасы жайындағы пайымдама” деп аталатын шығармасында Әл-Фараби интеллект деген сөздің түрлі мағынада пайдалануы туралы жазады. Бірінші - қарапайым сөзде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады. Екінші – мутакаллимдердің түсінігінде, парасат теріске шығарылған кезде айтылады. Үшінші – Аристотельдің “Екінші Аналитика” атты шығармасында берілген мағынада, интеллект жанның қабілеті болып табылады. Туа біткен қасиеті арқылы әмбебап, ақиқат және қажетті шарттар жөнінде анық мағлұмат алу үшін адамға жағдай жасайтын жан қабілеті деп қарастырылады. Төртінші мағынасы – тағы да Аристотельдің “Этика” деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған. Мұнда Аристотель интеллект деп өзіне сәйкес келетін тектегі объектілерге ұдайы қолданудан келіп туатын сол жанның бір бөлігін айтады. Бұл өзі жүре келе тәжірибеден туады, жан бұл тәжірибені объектідегі әрбір дара нәрседен алады. Пікірлер мен шарттардың анықтығы ерік істерінен туады; оның қабылданатыны немесе қабылданбайтыны ерік істерінің табиғатында болады. Жанның нақ осы бөлігін Аристотель “Этиканың” алтыншы кітабында интеллект деп атаған, - дейді Әл-Фараби.
Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ағылшын философы, ғылыми зерттеудің тәжірибеге сүйенген методологиясын ұсынған. Эмпиристік бағыттың негізінсалушы, саясиқайраткер. Ұлыбритания лорд-канцлері, корольданкейінгіекіншітұлғасы. «Білім - күш» дегенқанаттысөзайтқа
Философияны Бэкон: Құдай; табиғат; адамтуралы ғылым деп тұжырымдады.
Философияның аталған 3 саласына дамтүрлі жолдармен, құралдармен таниды:
табиғатты – тікелей сезімдік қабылдау мен тәжірибе арқылы;
Құдайды – табиғат арқылы;
өзін - рефлекция арқылы
Фр.Бэкон философиясы ағылшын философиясына, Жаңа Заман философиясына, одан кейінгі дәуірлер философиясына үлкен әсер берді:
философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізі қаланды;
гносеология (танымтуралыілім) философияның қосалқы саласы болудан жоғары көтеріліп, онтология (болмыс туралыілім) деңгейінежетті, жәнекез-келген философиялық жүйенің басты ек ібөлімінің біріне айналды;
философияның жаңамақсатыанықталды – адамғаоныңөзәрекетіндепрактикалықнәтижелергежетуінекөмектесу (осылайша Батыс философиясы жанаматүрд еболса да болашақ америкалық прагматистік философияның негізінқалады);
ғылымдарды жіктеуге талпыныс жасалды;
Англиямен қоса, бүкіл европалық антисхоластикалық, буржуазиялық философияға серпінберілді.
40.Г.Гегель, О.Конт.
Исидор Мари Огюст Франсуа Ксаве Конт − француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы. Ол «әлеуметтану» терминің ғылыми қолданысқа алғаш рет еңгізген. Әлеуметтану басқа да ғылымдар сияқты бақыланатын әлеуметтік құбылыстарды зерттеумен айналысады.
Бірінші кезең (1820-1826) – мынадай кішігірім жұмыстарды жазу кезеңі: «Әлеуметтік философия опускулдары»; «Қазіргінің өткендігі элементтерін жалпы бағалау» (көкек, 1820 ж.); «Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыстар жоспары» (көкек, 1822 ж.); «Ғылымдар және ғалымдар туралы философиялық ойлар» (қараша−желтоқсан 1825 ж.). «Рух қуаты туралы ойлау» (1825-1826 жж.).
Екінші кезең - «Позитивтік философия курсы» дәрістері (жеке томдармен 1830 жылдан 1842 жылға дейін жарыққа шығып отырған) құрастырады. Үшінші кезең «Позитивтік саясат жүйесі, немесе Адамзат діндері негіздері туралы социологиялық трактат» (1851 жылдан 1854 жылға дейін жарыққа шығып отырған) еңбегінде көрініс табады.
Гегель, Георг Вильгельм Фридрих- неміс философы. ХVІІІ ғасырдың аяқ кезі мен XIX ғасырдың басындағы неміс классикалық философиясының аса көрнекті өкілі. Объективтік идеализм тұрғысынан диалектиқалық методты жүйелі түрде, жан-жақты зерттеуі арқасында Гегель философия саласында тарихи зор еңбек сіңірді. Философиялық ой-пікірі жағынан Гегель объективтік идеалист болды. Ол абсолюттік идеяны, абсолюттік рухты барлық дүниенің негізгі тірегі деп таныды. Идея, — деп көрсетті ол негізінде — белсенділіктің, іс-әрекеттің қайнар көзі, ол ұдайы өзгеріп, дамып отырады және осы даму процесінде бүкіл өмір сүріп отырған дүниені туғызады; сөйтіп идея шындықтың тіршілік беруші жаны болып табылады.
Гегельдің философиялық жүйесі үш бөлімнен тұрады:
«Абсолюттік идеяның» өзін өзі ашуының бірінші кезеңі. Логика, оның ойынша құдайлық ойлы ақылмен сай келетін «таза ойлы ақылдың» жүйесі. Логика, «абсолюттік идеяны» ғылыми - теориялық түрде ұғу. Гегельдің пікірінше, тарих - бұл адамның адам болу, әлеуметтену үдерісі және адамзаттың өткен жолы. Бұл оған өзін-өзі тану үшін қажетті негіз болып табылады. Адам тарихы өзіндік даму нәтижесінің барысында белгілі бір негізге келіп тоқтайды. Гегельдің түсінігінше тарих - рефлексия үдерісі сияқты. Бұл рефлексия дамудың диалектиқалық заңдарына бағынады.
41.Шоқан Уәлихановтың ғылым философиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |