Диалектикалық дәстүрлің бастауы – негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит «от» , «әлемдік өрт», «космос» ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Орта ғасырда П. Абеляр диалектиканы әртүрлі пікірлер сайысында ақиқатқа жетудің тәсілі деп қарастырған. А. Августин жалпы тарихтың дамуы туралы ілім көрсетілген деп санаған. Қайта өркендеу мен жаңа Дәуір философиясында диалектика Д. Бруно, Н.Коперник, Р. Декарт, Б. Спиноза, Н. Кузанский шығармашылығында дамыған. Диалектиканың дамуына қомақты, сүбелі үлес қосқан философ - Г. Гегель. Гегель диалектиканың негізгі заңдары мен категорияларын анықтап, олардың тиянақты жүйесін жасады.
Диалектиканың тарихи түрлері
Ежелгі грек Гераклит, Платон мен Аристотельдің диалектикасы
Кузанскийдің шектілік пен шексіздіктің үйлесімділік диалектикасы
Гегель
диалектикасы
Маркс
диалектикасы
ХХ-ХХІ ғасыр диалектикасы
Жаңа гегельдік
Жаңа маркстік
трагедиялық
негативті
когерентті
Достарыңызбен бөлісу: |