Даму
Дамудың қайнар көзі
Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы
Дамудың “механизмі”
Сандық және сапалық өзгерістердің өзара даму заңы
Дамудың барысы
Терістеуді терістеу заңы
Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі немесе қайшылық диалетикасы - дамуға іштей күш беретін, белгілі бір кезеңде ескінің жойылуы және жаңаның тууы арқылы шешілетін процесті бейнелейді. Қарама-қарсылық деп – құбылыстардағы, нәрселердегі сәйкессіздіктің шегіне жеткен формасын бейнелейтін ұғым. Қайшылық – қарама-қарсылықтардың диалетикалық қатынасын, олардың өзара әрекеттесуінің бірлігі мен күресін бейнелейтін ұғым. Түрлері: объективтік және субъективтік. Сандық және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы – даму процесінің ішкі механизмін, тетігін, оның қалай, қайтіп өтуін, дамудағы жаңа сапаның пайда болу логикасын ашып көрсетеді. Заңның категориялары – сан, сапа. өлшем, секіріс. Сапа - нәрсенің бірлігін, біртұтастығын, қайталанбайтындығын, оның салыстырмалы тұрақтылығын көрсетеді. Сан – заттардың біркелкілігін, бірдейлігі, ұқсастығын білдіреді, сондықтан олармен көбейту және азайту, бөлу мен қосу және тб. операциялар жасалады. Өлшем – сан мен сапаның диалетикалық бірлігі, қайшылығы өзара тәуелділігі, яғни сапа жағынан анықталған сан, немесе сан жағынан анықталған сапаны көрсететін ұғым. Өлшем – сан мен сапаның диалетикалық бірлігі, қайшылығы өзара тәуелділігі, яғни сапа жағынан анықталған сан, немесе сан жағынан анықталған сапаны көрсететін ұғым. Секіріс – берілген сапаның түбірлі өзгеру апроцесі, ескі сападан жаңа сапаға өтудің, бір өлшемнен екінші өлшемге өтудің формасы, дамудағы шешуші түйін. Секіріс –заттың барлық үш деңгейін де- оның сапалық, сандық және өлшемдік анықтылығын қамтиды. Жаңа затта оның сапасы да, саны да, өлшемі де жаңа болады. Секіріс формалары – жылдам, шұғыл; баяу, созылмалы, эволюция, - біртіндеп өзгеру, революция – қоғамдағы секіріс түрінде болатын даму формасы. Терістеуді терістеу заңы - даму процесінің бағытын, тенденциясын, ілгері басуды, жаңаның пайда болуы мен ескінің кейбір кезеңдерінің қайталануының салыстырмалылығын, қозғалыстың, дамудың бірлігін сипаттайды. Терістеуді терістеу заңы - даму процесінің бағытын, тенденциясын, ілгері басуды, жаңаның пайда болуы мен ескінің кейбір кезеңдерінің қайталануының салыстырмалылығын, қозғалыстың, дамудың бірлігін сипаттайды. Заңның категориялары: Терістеу – шығармашылық, жасампаздық терістеу, ол дамудың негізі. Қандай да болмасын жаңа, неғұрлым жоғары жетілген формалардың пайда болуының алғы шарты болып табылаиын терістеу. Терістеуді терістеу – қос терістеу, екі есе терістеу. Алдыңғы терістеу әрі терістеледі және әрі сақталады, бұрыңғы даму сатысынан сақталғанның барлығы келесі сатьыға едәуір өзгертілген түрде өтеді.
Диалектика категориялары
Мән мен құбылыс
Жалпы мен жеке
Мазмұн мен форма
Себеп пен салдар
Қажеттілік пен кездейсоқтық
Мүмкіндік пен шындық
Достарыңызбен бөлісу: |