Апта:
|
Күні 06.12.14
|
Сабақ:
|
Сабақтың атауы
|
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндер.
|
Сілтеме
|
«Физика және астрономия» 8 сынып. /Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова, – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2012.
|
Жалпы мақсаты
|
Денелер қалай электрленетінін біледі. Электр зарядының сақталу заңын біледі. Электроскоппен танысады. Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндерді ажырата алады.
|
Оқушылар үшін оқу нәтижелері
|
Денелерді электрлей алады. Электр зарядының сақталу заңын қолдана алады. Электроскоппен электр тогын өлшейді. Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтін заттарды біледі.
|
Сабақта туындаған негізгі идеялар
|
Электр заряды. Электроскоп. Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндер.
|
Тапсырмалар
|
Тәжірибе жасау.
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
1-тапсырма
|
Мұғалім немен айналысады
|
Оқушылар немен айналысады
|
Топқа бөледі
Тапсырма береді
бағыт-бағдар береді
бақылайды
|
Топқа бөлінеді
Постер қорғайды.
Талдайды, пікір алмасады, ортақ шешімге келеді.
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
2-тапсырма
|
Топтың жұмысын бақылайды. Тәжірибелерін тексереді. Жұмыстарын бағалайды.
|
Топпен отырып оқушылар ойларын тұжырымдап, тәжірибе жасайды, білімдерін бағалайды, яғни жазған жұмыстарына қорытынды жазады.
|
Дерек көздер және жабдықтар: АКТ, интербелсенді тақта, электрондық оқулық, электроскоп, фольга шарлар, қағаз қиындылары, жүн, мата, эбонит, шыны таяқшалар.
|
Оқыту мен оқуды бағалау: Формативті, суммативті
|
Кейінгі тапсырмалар мен портфолио деректері
|
Оқулық бойынша тақырып – §28, 29
108-113 бет
|
Кейінгі оқу. Ежелгі гректер
|
|
Сабақты талдау . Екі тапсырмадан кейін қорытынды жазады.
|
Тәжірибелік сабақты бағалау
|
Қауіпсіздік ереженің сақталуы
Тапсырма реттілікпен орындалады
|
Сабақ бойынша өзгертулер
|
Оқушылардың талдауынан кейінгі ұсыныстар, көрсетілімдер.
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сергіту сәті
2 мин
|
Сыныпты электр құралдары бойынша 3 топқа бөлу.
І топ. «Электр шамдар»
ІІ топ. «Үтіктер»
ІІІ топ. «Электр шайнек»
|
Электр құралдары бойынша
3 топқа бөлінеді
|
Үй тапсырмасын тексеру. 1 мин
|
Жабық сұрақтар қояды.
1.Термодинамиканың 1-ші заңы?
2.Егер жылу мөлшері 0-ге тең болса термодинамиканың 1-ші заңы қандай болады?
3.Егер А=0 болса Т.1-ші з. ?
4.Изобаралық процесс?
5.Изтермиялық процесс?
6.Изохоралық процесс?
|
Оқушылар топта отырып жауап береді. Топ басшысы бағалау парағына белгілеп отырады.
|
І.Білу
1 мин
|
Мұғалім тақырыптар береді.
|
Денелер қалай электрленетінін біледі. Электр зарядының сақталу заңын біледі. Электроскоппен танысады. Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндерді ажырата алады.Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды оқып біледі.
|
ІІ.Түсіну
15 мин
|
Оқушылардың түсінгендерін постерлер, жасаған тәжірибелері арқылы көреді.
Сергіту сәтін ұйымдастыру.
|
Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларының мағынасын ашады.Постерлер қорғайды және тақырыбына байланысты тәжірибелер орындайды.
Оқушылар сұраққа толық жауап береді.
Топ мүшелері жауаптарды өзара бағалап отырады.
«Отшашу» сергіту жаттығуын жасайды.
|
ІІІ. Қолдану
15 мин
|
Тәжірибенің орындалу дұрыстығын тексереді.
|
Оқушылар топпен тәжірибеде қолданып көрсетеді.
|
ІҮ. Талдау
2 мин
|
Топтар тақырыпты талдайды.
Әңгіме- дебат ұйымдастыру
|
Өз постерлері бойынша ойларын дәлелдейді.
|
Ү.Жинақтау
5 мин
|
Электрондық оқулықтан бейне жазба көрсету.
|
Оқушылар ЭО-тан бейнкежазба көреді.
|
V. Үйге тапсырмасын беру
1 мин
|
§28,29 Оқып келуге.
|
Оқушылар күнделіктеріне жазады.
Үйде №5 эксперименттік тапсырма
|
VII. Рефлексия
3 мин
|
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Стикерлерге жазу. (өте қызық, ұнады, түсінбедім, ұнамады)
Оқушылардың іс-әрекеттерін бағалау парағына жазылған критерийлер бойынша бағалау
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазу.
Оқушы үні
|