Тәуліктік Параллакc Жердің өз осінде айналу салдарынан болады. Тәуліктік Параллакс төбесі ғарыш денесінің центрінде болатын, қабырғалары Жер центріне және бақылаушыға бағытталған бұрыш ретінде анықталады. Күннің орташа қашықтығы үшін тәуліктік Параллакс шамамен 8”,794;
Жылдық Параллакс Жердің Күнді айнала қозғалуы салдарынан болады. Ол – гипотенузасы Күн мен ғарыш денесіне дейінгі қашықтық, кіші катеті Жер орбитасының үлкен жарты осі болатын тікбұрышты үшбұрыштың кіші бұрышы болып анықталады. Жылдық Параллакс өте аз шама болғандықтан оның мәні ғарыш денесіне дейінгі қашықтыққа (r) кері пропорционал r=1/П. Жұлдыздардың жылдық Параллаксы 1”-тан аз;