Жұлдыздардың формасы мен өлшемін анықтау
Жұлдыздың дискісі Жерден көрінетін бұрышы- бұрыштық диаметр деп аталады. Кейбір аспан денелерінің (Күн, Ай, планеталар) бұрыштық диаметрлерін (немесе радиусын) және оның Жерден қашықтығы белгілі болса, онда оның дәл диаметрін (немесе радиусын) сызықтық өлшемде анықтауға болады. Шыныменде, егер (3-суретте) ρ-М жұлдыздың бұрыштық радиусы, ∆- Жер мен Жұлдыз арасындағы центрлерінен қашықтығы, ρ0 – Жұлдыздың горизонтальдық экваторлық параллаксы, ол R0 және
r- Жердің Т сызықтық радиусы және М жұлдыз, онда r=∆sinρ, ал R=∆sinp0, бұдан
r =sinp/sinp0·R0
немесе, бұрыш айырмашылығы ρ және ρ0,
r =ρ/ρ0·R0
3 -сурет. Аспан денелерінің бұрыштық және сызықтық өлшемдері.
Аспан денелерінің формасын олардың дискілерінің әртүрлі диаметрлерін өлшей отырып анықьауға болады. Егер дене майысқан болса, оның бір диаметрі үлкен, екіншісі аз болады. Планеталардың диаметрін өлшеу көбінесе майысқан форманы Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун береді екен. Аспан денелерінің сызықтық өлшемін, формасын арнайы әдіспен анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |