"Физика және математика" кафедрасы «Оптика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені


Аспан денелеріне дейінгі қашықтықты анықтау



бет29/41
Дата07.02.2022
өлшемі4,72 Mb.
#84613
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
Астрономия силабус

Аспан денелеріне дейінгі қашықтықты анықтау.
Кун жүйесіндегі денелерге дейінгі қашықтықты анықтау горизонтальдық параллакс негізінде өлшенеді.
Егер де біз жұлдыздың р0 горизонтальдық экваториалдық параллаксын білсек, онда оның Жер центріне дейінгі арақашықтығын оңай таба аламыз. Мысалға, егер Жердің экваториалдық радиусы ТО=R0 болса, онда Жер центрінен М жұлдызға дейінгі арақашықтық ТМ=∆, ал бұрыш р - р0 жұлдыздың горизонтальдық экваториальдық параллаксы, яғни ТОМ тікбұрышты үшбұрышты айтып отырмыз
∆=R0/sinρ0 (1)
Айдан басқа жұлдыздар үшін параллакстар өте кішкентай. Сондықтан жоғарыдағы формуланы төмендегідей жазуға болады;

Sinρ00"sin1"=ρ0"/206265" дәлірек алғанда: ∆=206265"R00" (2)

∆-қашықтықтың бірлігі Жер радиусының шамасын білдіреді. (2) формула Күн жүйесіндегі денелерге дейінгі арақашықтықты ғана анықтауға арналған. Радиотехниканың қарқынды дамуы астрономдарға Күн жүйесіндегі денелерге дейінгі қашықтықты анықтауда радиолокациялық әдістерді қолдануға жол ашты. 945 жылы Айға радиолокация әдісі қолданды, ал 1957-1963 жылдары радиолокация Күнге, Меркурийге, Венераға, Марс және Юпитерге қолданылды. Радиотолқынның таралу жылдамдығы с=3·10 5 км/с және радиосигналдың Жерден аспан денесіне дейінгі бару уақытын біле отырып біз аспан денелеріне дейінгі қашықтықты оңай таба аламыз.


∆=сt/2
Жұлдыздарға дейінгі қашықтық олардың жылдық параллаксымен анықталады. Жұлдызға бағытталған сызық жер радиусына перпендикуляр болатын және сол жұлдыздан Жер орбитасының жарты радиусы көрінетін болса онда оны П жұлдыздың жылдық параллаксы деп атайды. ЕгерЖер орбитасының жарты радиусы СТ=a болса, М жұлдыздың С Күнге дейінгі қашықтығы МС=∆, ал П- жұлдыздың жылдық параллаксы, бұл СТМ тікбұрышты үшбұрыштан:
∆= а/sinП
Жылдық параллакс 1"-тан кіші, сондықтан:
∆=206265"a/П"
Бұл формуладағы ∆-қашықтықтың бірлігі а Жердің Күнге дейінгі орташа радиусының шамасын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет