Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті


Лекция 11-12. Оқытудың педагогикалық технологиясы негізінде физикасы курсы бойынша оқу процесін жобалаудың мысалдары



бет19/33
Дата23.08.2020
өлшемі324,27 Kb.
#76615
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Байланысты:
УМК ПРОЕКТИРОВАНИЕ

Лекция 11-12. Оқытудың педагогикалық технологиясы негізінде физикасы курсы бойынша оқу процесін жобалаудың мысалдары
Біздің ұсынып отырған технология принципі бойынша оқушыны өз бетімен еңбектенуге және өзінің оқу қызметіне баға беруіне үйрету үшін мұғалім алдымен өз оқушыларының тәрбиешісі болуы қажет. Ол үшін мұғалім оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеп, өз ішкі дүниесін танып-білуін ұйымдастырушысы және де оқушы тапсырмаларды орындағанда мұғалім үшін емес өздеріне қажет зерттеу жұмысы ретінде қабылдайтындай етіп ұйымдастырылуы керек.

Оқу және өз бетімен оқу деген не екенін анықтап алайық. Оқу дегеніміз негізінен алғанда дамудың негізі емес. Оқу мен дамудың арасын жалғайтын түйін баланың жеке өзіндік өзгеру қызметі болып табылады және бұл осы процестердің ішкі байланысының негізін қалайды.

Қалыптасқан дәстүрлі оқытуда оқушылар осыған дейін білетін, үйренген біліміне, дағды-әдетіне бағытталған еліктеу, қайталау, көшіру принципі бойынша жүреді. Орындау тәртібіне үйренген оқушы өте тез арада өз бетімен ойлану қалпынан айырылып қалады да, басқаларға арқа сүйейді. Бұндай жәй психологияда жатталған дәрменсіз феномен атауымен белгілі, және де бұндай жағдай қазіргі оқу саласында айқын көрінеді. Деңгейлік саралап оқыту педагогикалық технологиясының басты мақсаты - дамыта оқыту, яғни балада өз бетімен даму процесінің қалыптасуы, танып-білу әрекетінде өз бетімен жаңа әдістерді меңгеру, шығармашылық қабілетін қалыптастыру.

Оқушылардың біртұтас оқу әрекетіндегі өз бетімен әрекет жасауының орны мен ролін анықтау үшін алдымен оқушының оқу қызметінің үлгісін қарастырайық. Оқушының оқу әрекеті - білім алу мақсатына жетуге арналған әрекет.

Оқу әрекеті төмендегідей элементтерден құралады:

қажеттілік - ынта (мотив) - мақсат - міндет - іс-әрекет (танымдық іс-әрекет => бағдарланған, орындау, бақылау, түзету әрекеттері ).

Қажеттілік дегеніміз - адамның бір нәрсеге немесе біреуге деген керектілігін, күн көруге немесе дамуға қажеттілігін, белсенділігін құрайтын күйі.

Мотивация дегеніміз - қажеттіліктің белгілі әрекетті тудыратын ынта-ниетке өзгеру процесі. Әр мәселені шешу үшін белгіленген мақсатқа жету үшін тұлғадан жұмсалатын іс-әрекет қажет етіледі. Әрбір іс-әрекеттің іс-бағыты, орындау, бақылау және түзету бөлімдері болады. Іс бағыты болатын әрекет-істің мазмұнын анықтайды. Орындау бөлігі белгіленген істі орындауға негізделген. Бақылау бөлігі орындалған әрекеттердің қажетті нәтиже алуға арналған жиынтығын қамтамасыз етеді. Белгіленген және алынған нәтижелер арасында айырмашылық болған жағдайда түзету жүргізіледі.

Қарастырылып отырған оқу қызметінің үлгісі оқу әрекетінің мәнін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар оның генезисін, яғни шығуы мен дамуын көрсетеді.

Біз тәжірибемізде оқушылардың білім алу әрекетін ұйымдастыруда оқу барысының негізін жеке сабақ емес, оқу тақырыбы (модуль) деп аламыз. Оқу мазмұны “модульдерге” бөлінген. Модуль дегеніміз мазмұны, талабы ортақ бірнеше тақырыбтардан тұратын, күнтізбелік жоспардағы әр бақылау жұмысының арасында өтілетін оқу материалдары. Әр модульдің соңында үш сабақ ерекше болады: қорытынды өздік жұмыс сабағы, қатемен жұмыс сабағы, бақылау жұмысы сабағы. Модульдегі әр тақырып үш кезеңнен тұрады. (Тақырып бір немесе бірнеше сабақтарда өтілуі мүмкін.)

І - кезең - тірек тапсырмалары.

ІІ - кезең - жаңа тақырыпты игеру алгоритмі.

ІІІ - кезең - деңгейлік тапсырмалар.

Әр жаңа тақырыптың алдында оқушылар оның кілті бола алатындай, “тірек” тапсырмаларына үйден дайындалып келеді. Олар тақырыпқа қажетті өткен сабақтардағы формулалар, ережелер, теоремалар және т.с.с. болады. Бұл оқушының өз бетімен ізденуі, оқулықпен жұмыс жасап үйренуі дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

Сабақтың тиімділігі сол тақырыпты аша алатындай мақсат қоя білуге, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай біліп, сабақты дұрыс құруға байланысты. Сабақты саралап деңгейлеп оқыту технологиясының талаптарына сай құрылып жүргізілетін үш кезеңнің мынадай тиімділіктерін атап айтуға болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет