Жол және орын ауыстыру - Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны s әрпімен белгілеу келісілген. Қозғалыстағы дене әрқашанда белгілі бір бағытта қозғалады. Мысалы, дененің бастапқы орны А нүктесі болсын. Осы дененің белгілі бір Уақыттан кейінгі В жаңа орнын, бізде В) нүктесін табу үшін, оның бастапқы орнын соңғы орнымен қосатын кесіндінің бағытын да білу керек. Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесінді дененің орын ауыстыруы болып табылады. Орын ауыстыруды I әрпімен белгілейді және ол бастапқы нүктеден соңғы нүктеге қарай бағытталған деп есептеледі.
Сонымен, дененің (немесе материялық нүктенің) орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады.
Дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс траекториясынан ажырата білу керек. Қозғалыс траекториясы мен орын ауыстыру бір-бірімен дәл келмеуі мүмкін. Мысалы, дене А нүктесінен В нүктесіне орын ауыстырғанда орын ауыстыру қозғалыс траекториясымен дәл келмейді. Әдетте, жүрілген жол орын ауыстырудың ұзындығынан үлкен болады, тек түзусызықты қозғалыс кезінде ғана орын ауыстыру мен траектория дәл келеді, яғни жолдың ұзындығы орын ауыстырудың ұзындығына тең болады.
Сонымен, дененің кез келген уақыт мезетіндегі орнын табу үшін оның бастапқы орнын және сол уақыт мезетіне дейінгі орын ауыстыруын білу керек.
Слайд 8
Қозғалыстардың бір-бірінен айырмашылығы болады, өйткені әр түрлі дене бірдей уақыт аралығында түрліше жол жүруі мүмкін. Қозғалыстардың осындай өзгерісін біз жылдамдық деген ұғым енгізу арқылы сипаттаймыз. Жылдамдық деп орын ауыстыру векторының, уақыт бойынша алынған туындысына тең және траекторияға берілген нүктеде жүргізілген жанамамен бағыттас векторды айтады. Яғни дене берілген уақыт аралығында неғұрлым көп жол жүрсе, ол шама соғұрлым үлкен болады. Сонымен, бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығы жүрілген жолға тура пропорционал, ал сол жолды жүруге кеткен уақытқа кері пропорционал:
Жылдамдық – нүктенің берілген уақыт мезетінде қозғалыс бағыты мен жол өзгерісін анықтайтын векторлық шама. Жылдамдықтың сан мәні бірлік уақыт ішінде жолдың өзгерісіне тең.
Нүктенің орташа жылдамдық векторы орын ауыстыру радиус-векторының уақыт өзгерісіне қатынасымен анықталаы:
Слайд 9
Лездік жылдамдық – қозғалыстағы нүктенің уақыт бойынша алынған радиус-векторының бірнші туындысына тең векторлық шама:
Жылдамдық векторының бағыты кез келген нүктеде траекториясына жүргізілген жанама бағытымен анықталады. Жылдамдық модулі мынадай өрнекпен анықталады:
Бірқалыпты қозғалыс кезінде жолдың теңдеуі мына түрде жазылады:
Бірқалыпты айнымалы қозғалыс деп кез келген өзара тең t уақыт аралықтарында жылдамдығы бірдей шамаға өзгеріп отыратын қозғалысты айтады. Мұнда мынадай екі жағдай болуы мүмкін: а) егер уақытқа байланысты жылдамдықтың сан мәні ұдайы артып отырса, онда қозғалыс бірқалыпты үдемелі; ә) уақытқа байланысты жылдамдықтың сан мәні ұдайы кеміп отырса, онда бірқалыпты кемімелі қозғалыс делінеді. Олай болса, уақытқа байланысты жылдамдықтың қаншалықты тез өзгеретіндігін сипаттау үшін үдеу деп аталатын физикалық шама енгізіледі. Түзу сызықты бірқалыпты айнымалы қозғалыстың үдеуі (а) дегеніміз жылдамдықтың өсімшесіне тура пропорционал және осы өсімше пайда болған уақыт өсімшесіне кері пропорционал физикалық шама
Достарыңызбен бөлісу: |