I нұсқа. II деңгей. Ауылды жердегіге қарағанда қалалы жерде көктемде қар тез еріп кететін себебі не?
Жердің атмосфера қабаты бар. Жер аспаны көгілдір немесе көк болып көрінеді. Айда атмосфера жоқ, ай аспаны қап-қара болып көрінеді, жұлдыздар күндіз де, түнде де көрінеді. Осы құбылыстардың сыры неде?
Қолыңызда екі түсті: қызыл және көк түсті шыны бар. Ақ қағазға қызыл қарындашпен жазылған жазуды көру ушін осы шынылардың қайсымен қарау керек?
Су бетіне қызыл жарық түсіп тұр. Су ішінде жарық толқынының ұзындығы қандай болады? (арта ма, кеми ме?), су астында жүрген адам қандай түсті жарықты көрер еді?