I нұсқа. I деңгей. Неліктен түрлі – түсті фильмдерді электр доғасының жарығымен, ал түрлі – түсті емес (черно-белый) фильмдерді электр шамы (лампа накаливания) жарығымен түсіреді. Жарықтың табиғатына деген өз көзқарасыңыз қалай?
Тоғанның түбі жарықтың шағылысуынан көрінбей тұр. Осы шағылысуды қалай өшіруге және тоғанның түбін көруге болады. Жарықтың электромагниттік толқын екенін білгеннен кейін оның жерге тигізетін зияны мен пайдасы туралы ойларыңыз қалай?
Бақшада өскен көкөністер мен теплицада өскен көкөністердің дәмділігі мен тағамдық құндылығының ерекшеліктері туралы не айтуыңа болады? Күн сәулесінің жарығымен өсірген немесе шамның жарығымен өсірген көкөністерде айырмашылық бол ма? Осы мәселе жөніндегі өз ойыңыз қандай?
Атмосфераға бөлініп шығатын күл-қоқыс, түтін, шаң сияқты қалдықтардың әсері жер шарында топан су қаптау қаупіне әкеле ме? Табиғатты, орман-суды, т.б. қалай аман сақтап қалуға болады деп ойлайсың?