Күтпеген жағдайлар немесе түстер неге әртүрлі болып кетеді?
Бөлменің бір бұрышында қою қызыл – сары матамен қапталған диван, оның жанында жасыл скатерть жабылған стол тұр. Стол үстінде қызыл түсті шарап құйылған графин тұр. Графиннің астында ақ салфетка бар. Бөлмеге алдымен көзге үйреншікті электр шамының жарығын түсіреді. Сосын ол шамды өшіре қойып, қызыл түсті жарықпен жарықтандырғанда бөлме іші мүлдем өзгеріп сала береді: диван роза түстес болып, жасыл скатерть күрең қызыл түске еніп, шарап түссіз болып су секілді болып көрінеді. Қызыл жарықты өшіре қойып, бөлмеге жасыл жарық түсіргенде бөлме іші тағы өзгеріп сала береді. Осы бір қызықты метаморфозалар Ньютонның түстер жайлы іліміне жақсы иллюстрация бола алады. Бұл ілімнің мәнісі мынада: дененің түсі бізге қандай болып көрінетіндігі бұл дене заты қандай түсті өзінен шағылдырып, біздің көзімізге көрсететіндігінен. Диван, скатерть түстері ақ жарықта, қызыл жарықта, жасыл жарықта әр түске еніп көрінеді. Олар қай түсті жарықты өзіне жұтып, қай түсті жарықты шағылдыратындығында. Ал, қызыл жарықта қызыл шарап түссіз болып, су тұрғандай көрінуінің сыры мынада: графин ақ салфетка үстінде тұр. Егер осы салфетканы алып тастап қараса, оның түсі қызыл болып көрінер еді. Салфетка үстінде түссіз болып көріну себебі, қызыл жарықта салфетка да қызыл түске енеді, ал біз оны әлі ақ деп қабылдауымызға байланысты, шарап оның үстінде мөлдір, түссіз болып көрініп тұр.
Жарық – электромагниттік толқын. Ал әрбір толқын өзімен бірге энергия тасымалдайды. Сол себепті заттың бетіне жарық түскенде бұл зат өзіне жарықты жұтса, жұтылған жарықпен бірге энергия да алады. Сондықтан, ақ түсті дене мен қара түсті денеге бірдей ақ жарықты түсіргенде, ақ түсті дене өзіне түскен барлық түсті жарықты жұтпай, шағылдырады да, энергия алмай, салқын күйінде қалады. Ал, қара түсті дене өзіне түскен барлық жарықты жұтады да, энергия, яғни, температурасы артып, қызады. Ауылды жерге қарағанда қалалы жерде көктемде қар жылдам еріп кететіні сондықтан. Ауылда қар аппақ болып жатады, күн сәулесін жұтпайды, ал қалада завод – фабрика, автокөлік түтіндерімен қардың беті тез ластанып, ол күн сәулесін жұтатындықтан тез ери бастайды.
Мұз құрсауында қалған қайық, кемелерді мұздан босатып алу үшін, оның айналасындағы қар, мұзды еріту керек болады, соған байланысты кеменің айналасына қара түсті көмір не күл төгіп қояды.
Қазіргі кезде өнеркәсіптің дамуы, завод-фабрикалардың саны, автокөліктердің саны көбеюіне байланысты атмосфераға түтін, шаң т.б. қоқыстар көп бөлініп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |