Физика сабағында инновациялық үрдістерді қолдану


§ 2.3 Физика және астрономия пәнін оқытуда өзім қолданып жүрген технологияның әдістер



бет8/28
Дата07.02.2022
өлшемі297,5 Kb.
#92502
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
000862bc-f741c490

§ 2.3 Физика және астрономия пәнін оқытуда өзім қолданып жүрген технологияның әдістер
Физика және астрономаия пәнін оқытудағы басты мақсаттар – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, олардың диалектикалық – материалистік көзқарастарын қалыптастыру мен политехникалық білімін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру, оқушылардың табиғатқа және техникалық әлемге қызығушылығын арттыру болып табылады.
Мектеп оқушыларының ой толғанысы мен ойлау қабілетінің бүкіл оқу жылының, оқу аптасының немесе күнінің барысында, тіпті сабақ үстінде де сан құбылып отыратынын әр ұстаздың білуі қажет. Оқушының зейіні, ойлау қабілеті өз деңгейінде болу үшін оқытудың әңгімелік, көрнекілік және практикалық әдістерін үнемі өзгертіп отыру керек.
Біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі деңгейінде мұғалімнің ролі, көтерер жүгі ерекше. Бұл Республикамыздағы жаңа оқу Тұжырымдамасының мазмұнына сәйкес, оқушының көптеген тапсырмаларды өз бетімен ізденіп тауып оқуына, оның жеке тұлғасының қасиеттерінің дамуына байланысты.
Қазір мұғалімнің алдында мынадай міндеттер аса маңызды:

  1. оқушы сабақ оқығысы келуіне дағдыландыру (өз пәніне қызықтыра білу)

  2. өз пәнінің мазмұнын жетік білу

  3. оқыту әдістемелерінің сан салалы түрін меңгеру.

Осы орайда қазіргі Қазақстан Республикасы мұғалімінің келбеті мынадай болуы керек деп есептеймін:

  1. білімі өте кемелденген, жан-жақты адам болуы;

  2. психологиялық тұрғыдан алғанда өте сыпайы, бала жанына жара түсірмей, оған тек мейрімділікпен, жүрек жылуымен ғана оқушыны жеке тұлға деп қарайтын мәдениеті аса дамыған адам болуы;

  3. ата-аналармен болсын, оқушылармен болсын, өз әріптестерімен болсын – қарым-қатынаста рухани білімі (духовность) өте жоғары дамыған болуы.

Осы үш қасиетті бойына дарытқан адам ғана мектепте мұғалім болып істесе, өз миссиясын дұрыс орындап жүрген адам деп есептеуге болар еді.
Мен өз тәжірибемде жоғарыда айтылған педагогикалық технологиялардың ішінен қолданып жүргендерім – Шаталовтың оқу материалын сызба, тірек-конспектілер арқылы беруі және М.Жанпейісованың модульдік технологиясы. Тірек-конспектілердің тиімді жақтары-оқушының мынадай мәселеге көңіл аударуын қажет етеді:

  1. Тірек-конспектіні мұқият оқып шығу. Егер түсініксіз сұрақтар кездесіп қалса, оқулықтағы параграфты оқу.

  2. Тірек-конспектінде берілген материалды жадында жақсы сақтап, меңгеру үшін өзінің дәптеріне заңдар мен олардың математикалық өрнегін,негізгі формулалар мен теңдеулерді, заңдылықтарды жазып алу.

  3. Көру және жазу арқылы өзінің есте сақтау қабілетінің артуына көп ықпалы болатынына.

Тірек – конспектіні пайдалану мұғалімнің уақытын үнемдейді, тақтаға бормен жазып жатудың қажеттігі азаяды, барлық сабақ барысында оқушының көз алдында тұрады, есте сақтау қабілетін арттырады, оқу мазмұнын қысқаша баяндап шығу арқылы, көптеген оқушыны бағалау мүмкіндігі туады.
Модульдік технологияға келсек, мұнда білім берудің үш мақсаты – оқыту, тәрбиелеу және дамытуды орындау кезінде мынадай дидактикалық қызметтер: үйрету, бағыттау, тексеру жүзеге асады. Материалды ең алғашқы кіріспе сабақта қысқаша – тезистік лекция түрінде бергеннің өзінде, сөйлесу бөлімінде көптеген ойын түрлері арқылы материалды 7 ретке дейін қайта қайталап оқып, оқушының білімінің берік болуына, оның өз бетімен көп ізденіп тырысуына, әр деңгейлік тапсырманы орындау барысында шығармашылық дағдысы қалыптасуына, оқушыларды ұжымшылдыққа, тіл коммуникативтігінің артуына, пәнге қызығушылығының артуына көп көмегін тигізеді. Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыстар жүргізу кезінде бір ғана сабақтың үстінде дарынды оқушымен де, орташа оқушымен де, нашар оқушымен де байланыс үздіксіз жүріп отырады.
Сонымен қатар оқушылар әр сабақта бағаланып, қорытынды бөлімде олардың алдыңғы сабақтарда алған бағаларын жақсартуына мүмкіндік туады. Ең бастысы – оқушы дәстүрлі сабақтағыдай 45 минут бойы бір орында тапжылмай отыру, жалығу, шаршау деген сияқты жағымсыз жақтарды басынан кешірмейді.
Модульдік технология әрбір оқушыны белсенді оқушыға айналдырады, білім сапасының көп жақсаруына жеткізеді. Бірақ әрбір модульді дайындау алдында мұғалімнің де өте көп ізденуін, өте ауқымды материал құрастыруды, әр деңгейге есептер ойластыру, әр ойынға сұрақтар ойлап табу, ол сұрақ, тапсырма, есептердің жауабын дайындап жазып қоюды да талап етеді. Модульдік технология оқушы мен мұғалімнің екеуінің біріге отырып әрекет етуіне негізделген технология болып табылады.
Төменде осы модульдік технологияны қолданып өткізген тараудың немесе сабақ жоспарларының бір-екі нұсқасы келтіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет