Физика сабағында инновациялық үрдістерді қолдану


§ 1.1 Педагогикалық технологиялар деген не?



бет4/28
Дата07.02.2022
өлшемі297,5 Kb.
#92502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
000862bc-f741c490

§ 1.1 Педагогикалық технологиялар деген не?
Білім беру технологияларының проблемасы педагогикалық инновациялардың, авторлық мектептер мен новатор мұғалімдердің мол тәжірибесі әрдайым жалпылық пен жүйелілікті талап етеді. Каркасты жүйелі түрде құратын негіз ретінде педагогика үшін жаңа ұғым «технология» және педагогикалық үрдістерді анализдеудің және жобалаудың жаңа жолын мақсатқа лайықты қолданған жөн.
Қазіргі уақытта педагогикалық лексиконға педагогикалық технология ұғымы берік енді. Дегенмен, оның қолданылуында үлкен, әртүрлі түсіндірмесі бар.

  • Технология – қандай-да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдер жиынтығы (түсіндірме сөздік).

  • Педагогикалық технологиялар – оқыту мен тәрбие беру құралдарының арнаулы жиыны мен формасы, әдіс-тәсілдерін үйлестіруді анықтайтын психология-педагогикалық үрдістердің ұйымдастырушы әдістемелік құралы (Б.Т.Лихачев).

  • Педагогикалық технология – оқу үрдісін жүзеге асырудың маңызды техникасы (В.П.Беспалько).

  • Педагогикалық технология – оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету үрдісін суреттеу (И.П.Волков).

  • Технология – бұл өнер, шеберлік, іскерлік, қалыпты жағдайды өзгерту және қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы (В.М.Шепель).

  • Оқыту технологиясы – бұл дидактикалық жүйенің құрама іс жүргізу бөлімі (М.Чошанов).

  • Педагогикалық технология – бұл оқушылар мен мұғалімдерді қолайлы жағдайлар туғыза отырып, оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудегі біріккен іс-әрекет моделі (В.М.Монахов).

  • Педагогикалық технология – ол техникалық және адамзат ресурстары мен олардың өзара әрекетін есепке ала отырып, білімді меңгеру және оқыту үрдісін құрудың, қолдану мен анықтаудың білім беру формасының тиімділігін өз міндетіне санайтын жүйелі әдіс (ЮНЕСКО).

  • Педагогикалық технология – педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданылатын барлық жеке, инструменталдық және методологиялық құралдардың жүйелі жиынтығы мен функционалдау ретін білдіреді (В.М.Кларин).

Біздің түсінігімізде педагогикалық технология әртүрлі авторлардың барлық анықтамалардың мағынасын қабылдайтын маңызды жалпылау болып табылады.
Педагогикалық технология ұғымының үш жағы бар:

  1. Ғылыми: педагогикалық технологиялар – оқытудың мақсаттары, мазмұны мен әдістерінін зерттейтін және педагогикалық үрдістерді жобалайтын педагогикалық ғылымның бір бөлімі;

  2. Іс жүргізу-түсіндірмелі: оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету үшін мақсат, мазмұн, құралдар мен әдістер жиынтығын, үрдісті түсіндіру.

  3. Іс жүргізу-әрекеттілік: Технологиялық үрдістерді жүзеге асыру, барлық жеке, инструменталды және методологиялы педагогикалық құралдырды функционалдау.

Сөйтіп, педагогикалық технология оқытудың неғұрлым тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, және оқытуда қолданылатын әдістер, приниптер мен регулятивтер жүйесі ретінде және нақты оқыту үрдісі ретінде жұмыс істейді.
Педагогикалық технология ұғымы білім беру практикасында үш иерархиялы бірлескен деңгейде қолданылады:

  1. Жалпы педагогикалық деңгей: жалпы педагогикалық, жалпы тәрбие беру технологиясы берілген регионда, оқу мекемесінде біртұтас білім беру үрдісін оқытудың анықталған сатысында сипаттайды. Мұнда педагогикалық технология педагогикалық жүйеге синонимдес:оған оқытудың мақсаты, әдістері мен құралдарының жиынтығы, үрдістің объектілері мен субъектілері іс-әрекетінің алгоритмі енеді.

  2. Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей: жеке пәндік педагогикалық технология «жеке әдістеме» мағынасында, яғни бір пән, сынып, мұғалімдердің шеңберінде оқыту мен тәрбие берудің анықталған мазмұнын жүзеге асыруға арналған әдістер мен құралдар жиынтығы ретінде қолданылады.

  3. Локальдық немесе модульдік деңгей: локальдық технология оқу тәрбиелеу үрдісінің жеке бөліктерінің, жеке дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешу технологиясын береді.

Технологиялық схема – технологиялық үрдісті шартты бейнелеу, оны жеке функионалдық элементтерге жіктеу және олардың арасындағы логикалық байланысты белгілеу.
Технологиялық карта – қолданылатын құралдарды көрсете отырып, үрдісті іс-әрекеттің қадамдық, кезеңдік тізбегі түрінде суреттеу.
Технологияларды неғұрлым іс жүргізу, сандық және есептік компоненттер, ал әдістемеде – мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативті-бағдарлы жақтары көрсетілген. Технология әдістемеден ұдайы өндіргіштігімен, нәтижелердің орнықтылығымен, көптеген «егердің» (егер дарынды мұғалім, егер қабілетті балалар, егер жақсы ата-аналар...) болмауымен ерекшеленеді.
Педагогикалық технологиялар құрылымы: берілген анықтамалардан шығатыны, технология жоғары дәрежеде оқу үрдісімен – мұғалім мен оқушы іс-әрекеті, оның құрылымы, құралдары, әдістері мен формалары байланыста. Сондықтан, педагогикалық технология құрылымына төмендегілер енеді:
А) Концептуалды негізі;
Ә) Оқытудың маңызды бөлімі:
- Оқыту мақсаттары – жалпы және нақты;
- Оқу материалының мазмұны;
Б) Іс жүргізу бөлімі – технологиялық үрдіс:
- оқу үрдісін ұйымдастыру;
- мектеп оқушыларының оқу қызметінің әдістері мен формалары;
- материалды меңгеру үрдісін басқарудағы мұғалімнің қызметі;
- оқу үрдісінің диагностикасы.
Технологиялылық критерийі: кез-келген педагогикалық технология кейбір негізгі методологиялық талаптарды қанағаттандыруы керек.
Концептуалдылық. Білім беру мақсаттарына жетудің философиялық, педагогикалық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздемені қамтитын анықталған ғылыми конепцияға сүйену әрбір технологияға тән.
Жүйелілік. Педагогикалық технология жүйенің барлық белгілеріне ие болуы керек: үрдіс логикасы, оның барлық бөліктерінің өзара байланысы, біртұтастық.
Басқарушылық. Оқыту үрдісін диагностикалық мақсатты ұйғару, жоспарлау, жобалау мүмкіндігін, кезеңдік диагностика, нәтижелерді түзету мақсатында құралдар және әдістермен түрлендіру мүмкіндігін болжайды.
Тиімділік. Қазіргі педагогикалық технологиялар бәсекелесе отырып жұмыс істейді және нәтижелері тиімді әрі ыңғайлы болуы керек, оқытудың анықталған стандартына жетуге кепілдік беруі қажет.
Ұдайы өнімділік басқа субъектілер арқылы педагогикалық технологияны өзге біртипті білім беру мекемелерінде қолдану мүмкіндігін түсіндіреді.
Білім мазмұны мен технологиясы. Қазіргі уақытта педагогикада білім беру жүйесінің маңызды және іс жүргізу компоненттерінің
( мақсаты, мазмұны, әдістер, оқыту формалары мен құралдары) бірлігі туралы түсінік бекітілген.Педагогикалық технологияларды жүзеге асыру және вариациялау үрдісінде олардың компоненттері кері тартпалылықтың әртүрлі дәрежесін тудырады көбінесе оқытудың іс жүргізу аспектілері түрленеді,ал мазмұн құрылымы, мөлшері, логикасы бойынша ғана өзгереді. Сондай –ақ, білім мазмұны білім беру технологиясының маңызды бөлімі ретінде көбінесе оның іс жүргізу бөлімін де анықтайды,бірақ әдістердің ең басты өзгерістері мақсат,мазмұн мен формалардың терең түрленулерін қамтиды. Сонымен, білім технологиясының іс жүргізу және маңызды бөлімдері бір-бірін теңбе-тең бейнелейді.
Олардың арасында білім мазмұны, технологияның іс жүргізу бөлімін анықтауда және олардың бірлігін жүзеге асыруда маңызды роль атқаратын енді бір жанама компонент-маңызды дидактикалық құрал – мектеп оқулығы бар.Соңғы жылдары біздің елімізде педагогикалық технологияларды таңдаудың әр түрлі жолдарын байланыстыруда білім сапасының келешекте жоғарылауына теориялық тұрғыдан мүмкіндік беретін көптеген вариативті оқулықтар шығарылды.
Технология және шеберлік.Бір технологияның өзі әртүрлі орындаушылар арқылы неғұрлым адал , нұсқау бойынша дәл немесе творчестволық түрде жүзеге аса алады.Осындай орындауда шебердің жеке компоненті,белгілі спецификасы сөзсіз қатысады,бірақ материалды меңгеру заңдылығын,оқушылар іс әрекеті тізбегі мен құрамын сипаттайтын анықтаушы болып табылады.Әрине,нәтижелер әртүрлі болад ы,дегенмен берілген технологияға тән қандай да бір орта мәнге жуық болады.Сонымен,жұмыс технологиясы жеке бастың қасиеттеріне сүйенеді.
Жаңа педагогикалық технологиялардың қайнар көздері және құрамды бөліктері. Кез келген қазіргі педагогикалық технология педагогикалық ғылым мен қоғамдық прогресте , гуманизация және қоғам демократизациясында пайда болған дәстүрлі элементтерінің байланысы болып табылады. Оның қайнар көздері мен құрама элементтері:

  • әлеуметтік түрлену және жаңа педагогикалық ойлау;

  • ғылыми-педагогикалық, психологиялық, қоғамдық ғылымдар;

  • алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе;

  • өткен тәжірибе, отандық және шетел тәжірибесі;

  • халықтық педагогика (этнопедагогика).

Философиялық фундамент технологияларда барынша айқын білінеді, оның қалыптасуы мақсаттар жүйесіне кіреді (мысалы, діни тәрбие, гуманистік педагогика және т.б.).
Технологияларда идеологиясы бойынша бір-біріне мүлдем қарама-қарсы әдістер қолданылуы мүмкін. Сондықтан бір технологияның өзі сол немесе басқа философиялық негізге бейім болуы мүмкін (мысалы, ойын).
Гуманизм – адам құндылығын жеке бас ретінде, оның бостандыққа, бақытқа, барлық қабілеттерінің пайда болуы мен дамуына құқығын мойындайтын көзқарастар жүйесі. Бұл адам игілігін әлеуметтік құбылыстар бағасының критерийі, ал теңдік, әділеттік, адамзаттық приниптерін – қоғамдағы қатынастың қалаған нормасы деп есептейтін жүйе.
Гуманизм философиясына антропософия, педоцентризм, еркін тәрбие, табиғат сәйкестілік, неопозитивизм, позитивтік экзистениализм сияқты бағыттар жалғасады.
Теософия – діни бағыттағы мектептердің маңызды фундаменті болып табылады. Теософиялық гуманистік парадигма халықтық педагогикада терең тамырланып жатыр, жастарда мейірімділік пен зұлымдық, адамгершілік тәртіп туралы түсініктерді жеткілікті түрде қалыптастырады.
Антропософия үшін діни емес, адамзаттық даналық маңызды. Антропософия фанаттық құрылулармен де, сектанттықпен де ешқандай байланысы жоқ, материалдық емес, рухани құндылықтарды зерттеуге бағытталған әлемді қатаң түрде сырттай бағдарлау мақсатын көздейді.
Педоцентризм – тәрбие философиясындағы бағыт, ол баланың қажеттілігі мен қызығушылық приоритетінен шығады, баланың дамуы үшін жағдай тудырудағы педагогиканың негізгі міндетін көреді.
Экзистенциализм философиялық концепция «өзінен-өзі істейтін адам» (человек есть то, что он сам из себя делает). Классикалық экзистенциализм өкілдері экзистенция мәнісін, оның негативтік мінезге ие (қорқыныш, кінә, өкініш) көңіл-күйлер мен сезімге деген адамгершілік жағын көрсетеді.
Прагматизм концепциясы (неопозитивизм, неофрейдизм философиялық ағымдары да қосылады) жеке бастың интеллектуалдық және адамгершілік қасиеттері, жеке тәжірибемен байланысты.
Кез-келген технология адамның психикалық дамуын анықтайтын қайнар көздер, алғашқы себептер туралы түсініктерден шығады. Дамудың негізгі басты факторына тәуелділігіне қарай технологияны төмендегідей бөлуге болады:

  • биогендік технологиялар; психиканың дамуы биологиялық тұқым қуалау (генетикалық) коды арқылы анықталады; сыртқы орта тұқым қуалаушылық белгілерін іске асырады деп ұйғарады.

  • Социогендік; жеке басты адамның әлеуметтік тәжірибесі, оқыту нәтижесі жазылатын «tabula rasa» ретінде көрсетеді;

  • Психогендік; даму нәтижесі адамның өзімен, оның алдыңғы тәжірибесімен, өздігінен жетілудің психологиялық үрдістерімен анықталады;

  • Идеалистік; жеке бастың материалдық емес тегі мен оның сапасын болжайтын технология;

Білімді меңгеру, дағды мен біліктіліктің қалыптасуы, қабілеттердің дамуы мынадай кезеңдерді қамтитын логикалық тізбекке ие болады: а) оқу материалын қабылдау, ә) ішкі байланыстар мен қарама-қайшылықты түсінуге әкелетін ойлау; б) еске түсіру және есте сақтау; в) практикалық іс-әрекетте меңгергенді қолдану. Төмендегі шарттарды қадағалағанда оқытуда жоғары дәрежеге жетуге болады: а) оқушылардың оқуға деген белсенді ынтасын қалыптастыру; ә) оқу материалын белгілі тізбекте беру; б) жаттығулар арқылы ақыл-ой және практикалық іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін көрсету және бекіту; в) білімді практикада қолдану.
Осы концепцияның көрнекті өкілдері мен жасаушылары – И.М.Сеченов, И.П.Павлов, С.А.Рубинштейн, Н.А.Менчинская, Д.Н.Богоявленский, Ю.А.Самарин және т.б.
В.В.Давыдов – Д.Б.Элькониннің маңызды жалпыла теориясы. Оқытудың бұл концепциясының негізіне теориялық білімнің басты ролі туралы гипотеза жатады, атап айтқанда, интеллектінің қалыптасуындағы маңызды жалпылау. Баланың оқу-әрекеті теориялық-дедуктивтік тип бойынша құрылған танымдық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі. Оны жүзеге асыруға оқушылардың теориялық ойлауын, оқу пәнін арнайы құру және танымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыру жолымен қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Оқыту үрдісінде жаңа ұғымдарды енгізу 4 сатыда жүреді:

  1. Мұғалім ұсынған математикалық, лингвистикалық немесе басқа жағдаймен танысу, оны бағдарлау.

  2. Осындай материалдың берілген түрдегі есепті шешудің негізі қызметін атқаратын неғұрлым маңызды қатыстарды айқындайтын үлгісін меңгеру.

  3. Сол немесе басқа модельдегі формада анықталған қатынасты белгілеу.

  4. Белгіленген қатынастың қасиеттерін айқындау, олар арқылы бастапқы дербес есепті шешудің шарттары мен тәсілдерін анықтайды.

Теориялық тип бойынша құрылған оқытуды ұйымдастыру В.В.Давыдов және оның жолын қуушылардың айтуынша, баланың ақыл-ойының дамуы үшін неғұрлым қолайлы; сондықтан мұндай оқытуды олар дамыта оқыту деп атаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет