Зерттеу объектісі: орта мектепте физика пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: білім берудегі жаңа педагогикалық технологиялар;
Зерттеу мақсаты: педагогикалық технологиялардың ішінен тиімдісін, ұнағанын таңдау бойынша оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру жолдарын көрсету;
Зерттеу болжамы: егер жоғарыда айтылған А.Байтұрсыновтың сөзіндегі оқытудың бір жағы оқу құралына тірелетіндігі бойынша: жаңа дидактикалық материалдар жасалса (мұғалім арқылы), мұғалім педагогикалық технологияны тиімді қолданса, оқу материалдарының арасындағы логикалық байланыстар ашылып көрсетілсе, онда оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, материалдарды нәтижелі әрі тиімді меңгереді, логикалық ойлау қабылеті артады, білім сапасының деңгейі артады.
Зерттеу міндеттері: әр педагогикалық технологияның тиімді жақтарын бөліп алу, модульдік технологияны қолдана оқыту арқылы пәнге қызығушылығын арттыру жолдарын анықтау; педагогикалық технологияларды қолдану мемлекеттік стандарт талаптарына сай келе ме, жоқ па, анықтау; мектептегі санитарлық – гигиеналық жағдайларды сақтауға бола ма, жоқ па, анықтау; оқу – сабақ режиміне сәйкес келе ме, жоқ па, соны анықтау.
Зерттеу әдістері: бақылау әдісі, салыстыру әдісі, анкета жүргізу, тестілеу. Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
І бөлім
Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми негіздері.
Достарыңызбен бөлісу: |