Тропиктік ауа екі тип тармағына бөлінеді. Континенталды тропиктік ауа құрлықта түзіледі, жоғары температурамен, құрғақшылықпен және шаң-тозаңдылықпен сипатталады. Теңіз тропиктік ауасы тропиктік акваторияда (мұхиттың тропиктік зоналарында) қалыптасады, температурасы мен ылғалдылығының жоғары болуымен ерекшеленеді.
Тропиктік ауа қоңыржай және экваторлық ендіктерге енеді.
Экваторлық ауа экваторлық зонада пассаттар әкелген тропиктік ауадан қалыптасады. Экваторлық ауа жыл бойы температурасының жоғары болуымен және ылғалдылығының көптігімен сипатталады. Экваторлық ауаның бұл қасиеті құрлықта да, теңіз үстінде де сақталады, сондықтан экваторлық ауа теңіз және континенталды тип тармақтарына бөлінбейді.
Көршілес екі ауа массасының шегаралық жолағында атмосфералық фронт түзіледі. Атмосфералық фронт – түрлі физикалық қасиеттері бар екі ауа массасының арасындағы өтпелі зона.
Фронттар ауа массасының орын ауыстыру сипаттамасы бойынша жылы және салқын болып бөлінеді.
Суық ауа жағына орын ауыстыратын фронт жылы деп аталады. Жылы фронт жылу мен ылғал әкеледі.
Суық фронт аумақтан жылы ауаны суық ауа ығыстырған кезде
туындайды. Фронт жүріп өтуі температураның төмендеуіне және басқа да метеорологиялық элементтердің күрт өзгеруіне әкеледі.
Басты климаттық фронттар: • Арктикалық (антарктикалық) және қоңыржай ауа массасының шегарасында арктикалық (антарктикалық).
• Қоңыржай және тропиктік ауа массасы шегарасында полюстік.
• Тропиктік және экваторлық ауа массасының шегарасында ішкі тропиктік.
Жергілікті желдерге самал желдер, таулы -аңғар желдері, аңғар елдері, сирокко, ыстық құрғақ жел, хамсин, вилли-вилли және басқалары; дауылды (қарақұйын, құйын, тайфун) желдері жатады.
19. Климаттық белдеулер Климаттық белдеулер – бұл ендік бағытта орналасатын және бір-бірінен:
– күннің қыздыру деңгейімен;
– ауа массасының режимімен;
– атмосфера айналымының ерек шелігімен айтарлықтай ерекшеленетін жер шарының климаты бір текті аймақтары.
Жер бетінде климаттық белдеу 13 негізгі типке бөлінеді. Климаттық белдеулер тұрақты және өтпелі деп бөлінеді. Тұрақты климаттық белдеулерде үнемі бір ауа массасы, ал өтпеліде әртүрлі, бір-бірін алмастырып отыратын ауа массалары әрекет етеді. Тұрақты белдеулер:экваторлық, тропиктік, қоңыржай және арктикалық, өтпелі белдеулер – субэкваторлық, субтропиктік және субарктикалық белдеулер.