Физикалық география



бет26/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

Ауа температурасы– ауаның жылулық жағдайының маңызды сипаттамасының бірі. Температураны Цельсий шәкілімен – t°c белгілеу қабылданған.
Айдың орташа температурасының жыл бойғы өзгерісін – ауаның жылдық температурасы деп атайды. Ол 2м биіктіктегі температура бойынша анықталады.
Қазақстанда ең жоғары орташа айлық температура шілдеде, ал қаңтар айында ең төмен болады.
Жылдық ауа температурасының төрт типін бөліп көрсетеді.
Экваторлық тип.Бұл тип үшін: құрлықтардың үстінде 5–10°С, ал мұхиттардың үстінде 1°С шамасында болатын шағын амплитуда тән.
Тропиктік тип. Экватордан алыстаған сайын, амплитуда арта түседі және құрлықтың үстінде орташа есеппен 10–20°С, мұхиттардың үстінде 5–10°С құрайды.
Қоңыржай белдеулік тип.Ендіктер бойынша амплитуда өседі, құрлықтардың үстінде 50–60°С, ал мұхиттардың үстінде – 15–20°С-ке жетеді.
Полярлық тип.Мұхиттардың үстінде және жағалау бойында амплитуда 25–40°С-ке дейін жетеді, ал құрлықтың үстінде 65°С-тен асады.
Картада температураларды бірдей нүктелерін қосатын сызықтарды изотермалар деп атайды.
Атмосфераның циркуляциясы – бұл жер беті үстінен өтетін ауа ағындарының жиынтығы.
Төсеніш бет дегеніміз – атмосферамен жылу және ылғал ауыстыруды жүзеге асыратын, оның жағдайына әсер ететін жердің беткі қабатының компоненттері.


18. Атмосфераның ғаламдық айналымы
Атмосфераның ғаламдық айналымы жел режимін тудырады, жылу мен ылғалдың ендік бағытта да, меридиандық бағытта да ғаламдық ауысуын қамтамасыз етеді.
Атмосфера айналымының туындауына түрлі ендіктерде, материктер мен мұхиттарда жер бетінің біркелкі жылынбауының әсерінен туындаған атмосфералық қысымның біртекті таралмауы себепші болады. Тропосферада ауа айналымына ауа массасының негізгі типтері, муссондар, циклондар мен антициклондар қатысады.
Қысымның жылдық барысы материктерде жыл бойы ең жоғары қысым ауа шамадан тыс суыған және сығылған кезде – қыста, ал ең төменгі қысым – жазда байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет