Физикалық география



бет23/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

Абсолюттік геохронология жыныстың пайда болғанынан бері неше жыл өткенін дәлме-дәл анықтайды. Абсолюттік геохронология әдісі үшін жыныстардың құрамына кіретін радиоактивті химиялық элементтердің (уран, калий, рубидий) ыдырау үдерісін пайдалануға негізделген радиоактивті әдіс қолданылады. Бір жылда бір грамм ураннан қанша қорғасын қалыптасатынын білу, осы минералдың құрамында олардың болуын анықтау арқылы, минералдың немесе тау жынысының абсолюттік жасын есептеп шығаруға болады.
1881 жылы ІІ Халықаралық геологиялық конгресте Геохронологиялық кестенің ең алғашқы нұсқасы бекітілді.
Жердің жасы 4,5–5 млрд жыл.
Архей эрасы болашақ материктердің негізі болып табылған, құрамында граниті бар магмалық жыныстарды Жердің бетіне шығарған – қарқынды жанартаулық әрекетімен ерекшеленді. Архей эрасында Жерді оттегісіз тіршілік ете алатын микроорганизмдер ғана мекендеген.
Протерозой эрасындажанартаулық белсенділік сол қалпында жоғары болды, Байкал қатпарлығының таулары қалыптасты. сақталған. Протерозой эрасында ғаламшарды көк жасыл балдырлар және қарапайым микроағзалар мекендеген, алғашқы біржасушалылар пайда бола бастаған.





Палеозой эрасы каледон қатпарлығының тауларына Оралдың, Арабияның, Оңтүстік Шығыс Қытайдың және Орталық Еуропаның жекелеген жоталары жатады. Бұл таулардың бәрі – орташа биік таулар немесе «тозған» таулар. Палеозойдың екінші жартысындаға герцин қатпарлығында Батыс Сібір мен Орал, Моңғолия мен Маньчжурия аумақтарында, Орталық Еуропаның басым бөлігінде, Солтүстік Амери-ка және Аустралияның шығыс жағалауларында кең көлемді тау жоталары пайда болды. Палеозой эрасында Жерді балықтар, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар мекендей бастады, ал өсімдіктерден балдырлар басым болды.. Палезой дәуірлері:кембрий, ордовик, силур, девон, карбон, пермь.


Мезозой эрасыЖердің ішкі күштерінің салыстырмалы түрде тыныш болуы, бұрын көтерілген тау жүйелерінің ақырындап бұзылуы және тегістелген жазық аумақтардың, мысалы, Батыс Сібірдің басым бөлігінің су астына кету кезеңінен басталды. Эраның екінші жартысында мезозой қатпарлығының таулары Кордильера, Шығыс Сібір, Тибет пен Үндіқытайдың жекелеген бөліктері қалыптасты. Мезозой динозаврлар дәуірі болды. Мезозойда алғашқы сүтқоректілер пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет