12. Пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтары Энергия, шикізат, материалдар алу үшін пайдаланылатын және шаруашылықтың минералды-шикізаттық базасы болып табылатын тау жыныстары мен минералдарды пайдалы қазбалар деп атайды.
Қазіргі кезде минералды ресурстардың 200-ден астам түрі пайдаланылады.
Пайдалы қазбалардың мөлшері, сапасы және жату жағдайына қарай өнеркәсіптік пайдалану үшін жарамды болып Жер үстінде немесе қойнауында шоғырлануы пайдалы қазбалардың кен орны (мысалы, Қазақстандағы Қарашығанақ мұнай кен орны) деп аталады. Бұл –аталған жерде пайдалы қазбаның көп, сапасы жоғары болуы тиіс, ал жату тереңдігі жер қойнауынан қиындықсыз өндіретіндей болуы керек деген сөз, әйтпесе оларды өндіруге жұмсалған барлық шығын (адамдардың еңбекақысы, техника сатып алу және т.б.) ақталмайды. Табиғи ресурстарды үздіксіз тарататын тұйық аудан бассейн (мысалы, Қарағанды көмір бассейні) деп аталады.
Физикалық жағдайына қарай пайдалы қазбалар қатты (түрлі рудалар, көмір, мәрмәр, гранит, тұздар); сұйық (мұнай, минералды сулар); газ тәріздес(жанғыш газдар, гелий, метан) болып бөлінеді.
Пайдалы қазбаларды қолданылуы немесе мақсаты бойынша жанғыш(көмір, шымтезек, мұнай, табиғи газ, жанғыш тақтатас); рудалы(металл және металл емес (графит, асбест) рудасыз (металл емес және жанбайтын пайдалы қазбалар: құм, қиыршық тас, балшық, бор, әктас, түрлі тұздар. Асыл тастар және өңдеу тастары – жеке топ) деп бөлінеді.
Магмалық пайдалы қазбалар әдетте қатпарлы облыстарда көлбеу жатады.
Рудалы пайдалы қазбалар қатпарлы облыстарда кездеседі.
Платформалардағы пайдалы қазбалар. Платформаларда рудалы кен орындары қалқандарға немесе шөгінді тыстың күші айтарлықтай болмайтын платформаның бөліктерінде және іргетас жердің беткі қабатына жақын келген жерлерінде кездеседі. Ресейдегі Курск магнит аномалиясының (КМА) темір рудалары осылайша орналасқан. Кривой Рог (Украина) және т.б. бассейндердің рудалары қалқандарда өндіріледі.
Қалқандар Жердегі тіршіліктің өткен кезеңдерінде теңіз деңгейінен төмен түскен емес, қалқандарда теңіз шөгінділерінің болмауының басты себебі осыған байланысты. Ежелгі қалқандарда көмір де, мұнай да, тұздар да жоқ. Қалқандарда кездесетін пайдалы қазбалар темір, никель, мыс рудалары, түрлі сирек кездесетін металдар мен алтын, металл емес пайдалы қазбалардан – слюда және дала шпаты.
Шөгінді пайдалы қазбалар тақталарға тән, себебі платформалық тыс тақталарда орналасқан. Темір және марганец рудаларының, фосфориттің, минералды бояулардың, гипстің, әктастардың, түрлі сазбалшықтардың және т.б. шөгінді кен орындары кең таралған. Органогендік пайдалы қазбалар таяз теңіздердің жағалаулық бөліктерінде және құрлықтың көлді-батпақты жағдайында жинақталған өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан пайда болған.
Метаморфтық жыныстар магма қозғалысының периметрі бойында орналасады.
Жол арақашықтығын есептеудің бастапқы нүктесі нөлдік мередиан.
Алмаз өндіретін жекелеген шахалардың тереңдігі 4-5 км.
Тарихи себепиерге байланысты нөлдік километр қаланың басты почта үйіне түседі.
Пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты мамандықтар:геолог,тау-кен инженері,шахтер.
Сидерит («темір шпаты»)-минерал,темір рудасы.
Алмаз-табиғи минерал,минералдардың арасындағы ең мықтысы. Қырлап мәнерлеген алмаз-бұл гауһар тас. Көміртегінің атомдары үлкен тереңдікте (120-200 км), қатты қысымның (45-60 мың атмосфералық) және жоғары температураның (900-1300 С) әсерінен текшелік кристалды торлар алмаз түзеді.
Хромиттің ірі кен орындары Түркия,ОАР,Қазақстанда кездеседі.