Шөгінді тау жыныстары.
Шөгінді тау жыныстары пайда болуына байланысты кесек, химиялық (хемо-гендік) органогендік және пирокласты (жанартаутекті) болып бөлінеді.
Цементтің болуына қарай кесек жыныстар борпылдақ және цементтелген болып бөлінеді. Құм, қиыршық тастар, сазбалшықтар борпылдақ жыныстарға жатады. Құмдауық, конгломерат және жентек тас цементтелген шөгінді тау жыныстарына жатады. Өте ұсақ жұмсақ масса – цемент. Цемент сазбалшық және кальциттерден тұрады.
Хемогендік жыныстардың жіктелуі. Химиялық шөгінділер суқоймаларындағы судың булануы кезінде тұздардың түсуі нәтижесінде пайда болады. Химиялық шөгінділерге гипс, ангидрит, магнезит, доломит және әкті туфтар жатады.
Тұну тәсілі мен орнына, сонымен қатар сулар мен ерітінділердің пайда болуына байланысты хемогендік тау жыныстары шөгінді, гидро-термалдық-шөгінді және гидротермалды болып бөлінеді.
Қарапайым шөгінді хемогендік жыныстар қоршаған ортаның температурасы жағдайында су ерітінділерінен жауын-шашынның түсуі арқылы пайда болады.
Гидротермалды шөгінді тау жыныстары жоғары қысым жағдайындағы ыстық су ерітінділерінің қатысуымен эндогендік үдерістердің нәтижесінде орта және кішкене тереңдікте пайда болады.
Гидротермалды-шөгінді тәсіл жағдайында минералданған ерітінділер шөгінділер қабатына өтеді және топырықтарды қоректендіреді.
Тұну орнына қарай хемогендік жыныстар теңіздік және континенттік болып бөлінеді.
Органогендік жыныстар организмдердің суда тіршілік ету әрекеттері мен жойылуының нәтижесінде түзіледі. Органогендік жыныстардың кең тарағандарына карбонатты, кремнийлі және көміртекті жыныстардың өкілдері жатады.
Карбонатты таужыныс жануарлар мен өсімдіктер организмі қаңқаларының карбонаттық қалдықтарынан тұрады. Кремнийлі таужыныс кремний топырақты қаңқалардан құрылған. Көміртекті таужыныс – физика-химиялық, биологиялық және геологиялық түрткіжайттар әсерінен өсімдік немесе жануарлар организмі қалдықтарының өзгеруінен пайда болған қатты жанғыш қазбалар. Көміртекті таужынысқа мұнай, газ, асьфальтты битум, қазып алынған көмір, жанғыш тақтатас, шымтезек жатады.