Физикалық география


Биік таулардың (биік таулар)



бет15/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

Биік таулардың (биік таулар)биіктігі теңіз деңгейінен 2000 метр-ден жоғары болады. Таулардың шыңдары үшкір, найзаша тәрізді және өзіне тән «карлингтер» деген атауға ие. Памир, Тянь-Шань, Кавказ, Гималай, Кордильера, Анд, Альпі, Қарақорым, Сеңгір таулары және басқалар – биік тауларға жатады.
Пайда болуы бойынша таулар тектоникалық, жанартаулық және эрозиялық болып бөлінеді.
Тектоникалық таулар литосфералық тақталардың соқтығысуының нәтижесінде пайда болады. Қатпарлы таулар осылайша пайда

болады. Қазіргі кезде қатпарлы таулар өзінің алғашқы табиғи түрінде жас – Гималай тауларының жекелеген бөліктерінде ғана сақталған. Жер қыртысы қозғалыстарының қайталануы жағдайында тау жынысының қатып қалған қатпарлары ірі кесектерге (үйінділерге) бөлінеді, олар тектоникалық күштердің әсерінен көтеріледі немесе төмен түседі. Осылайша қатпарлы-тасжақпарлы таулар пайда болады. Алтай және Тянь-Шань таулары қатпарлы-тасжақпарлы тауларға жатады.
Жанартаулық таулар жанартаулардың атқылауы үдерісінде пайда болған. Эрозиялық (денудациялық) таулар. Эрозиялық таулар ағын сулардың жазықтарды, қыраттарды және үстірттерді бұза бастағандығынан пайда болған. Эрозиялық тауға Оңтүстік Африкадағы Столовая тауын жатқызуға болады. Жеке орналасқан эрозиялық таулар сирек, олар, негізінен, тау өзендері тау жыныстарының қабаттарын қақ айырған жерлерінде кездеседі.
Жасына қарайтаулар шартты түрде жасжәне ескі деп бөлінеді. Қалыптасу үдерісі аяқталмаған тауларды жас таулар деп атайды. Жас таулардың жасы әдетте 60 млн жылдан аспайды. Мерзімнен бұрын пайда болған таулар – ескі таулар болып саналады. Ескі таулардың жасы 600 млн жыл болуы мүмкін. Жас таулар негізінен биік болады. Памир, Гималай, Альпі таулары жас таулар қатарына жатады. Уақыт себебінен бұзылған ескі таулардың кейбіреулері кейінгі тектоникалық үдерістердің әсерінен қайтадан көтерілген.Оларға Қазақстандағы Тянь-Шань тауларын жатқызуға болады.
Жер қыртысының ауқымды, аз қозғалатын, неғұрлым тұрақты
бөліктері (тек баяу тік қозғалыстар жасайды) платформа деп аталады.



Ежелгі платформалар материктердің ядроларын құрайды. Ежелгі платформалардың саны тоғыз: Орыс, Сібір, Солтүстік-Америка, Оңтүстік
Америка (Бразилия), Қытай, Үндіқытай, Африка-Арабия, Аустралия,
Антарктика.
Платформалар екі қабаттан тұрады тұрады. Жоғарғы қабаты (шөгінді тыс) тыныш жататын шөгінді жыныстардан құрылған. Тыстың қалыңдығы кішігірім ғана, небәрі 3–4 км болады.
Іргетас платформаның астыңғы қабаты. Қос қабатты құрылымы бар платформаның аумағы тақта деп аталады (литосфералық тақтамен шатастырмаңдар).
Платформа іргетасының жер бетіне ашық шығып жатқан бөліні қалқан деп аталады (Шығыс Еуропа жазығындағы Украин және Балтық қалқандары, Канададағы Канада қалқаны).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет