Физикалық география



бет31/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

Қоңыржай белдеу ғаламшарымыздың солтүстік пен оңтүстік жартышарлардағы 40-шы және 60-шы параллельдері арасында жатқан аумағын қамтиды. Қоңыржай климат оңтүстік жартышарда айқын байқалмайды.
Солтүстікте қоңыржай белдеу зонасы 65-параллельге дейін созылып жатыр, ал оңтүстікте шамамен 58-параллельге дейін қысқарады.
Ауа температурасы жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады, сондықтан қоңыржай белдеуде жыл мезгілдері айқын көрініс береді: қыс қарлы және аязды, көктем – ашық әрі жасыл шөптесінді, жаз – аптап ыстық, ал алтын күз – нөсер жаңбырлы және желді. Қоңыр-жай ендіктерде қыста орташа температура 0°c-қа дейін төмендейді, жазда +15, +20°c-қа сирек көтеріледі. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері – 500–800 мм.
Мұхиттың жақындығына байланысты қоңыржай ендіктерде климатты 4 типке бөледі:
1)Қоңыржай теңіздік – климат мұхит үстінде қалыптасады, қысы жұмсақ, жаз аса ыстық емес, жауын-шашын мол және ылғалдылық жоғары болады.
2)Қоңыржай-континентті– климат мұхит пен теңізден біршама алыста орналасқан құрлықтың барлық өңірлерінде таралған. Қоңыржай континентті климат жаз ыстық, қыс – аязды, жауын-шашын аз болады. Қоңыржай континентті климат типінің басты белгілерінің бірі – қатты жел, шаңды дауыл және ала бұлттылық.
3)Шұғыл-континентті– климат мұхиттардан едәуір қашықтықта орналасқан аймақтарға тән. Шұғыл континеттіде құрлықтық жерлерде қыс өте ызғарлы, аязды, жиі суық полюстің шегінде, жаз ұзаққа созылмайды және аса ыстық емес.
4)Муссондық – климат қоңыржай белдеулерде сирек кездеседі, өйткені тропиктер мен субтропиктерге көбірек тән. Муссондық аудандардағы күн райы маусымдық жел – муссондардың айналымынан қатты тәуелді болады.
Субарктикалық және субантарктикалық белдеулер. 60° және 70° с. е. аралығында субарктикалық белдеу орналасқан. Жыл бойы бұл жерде қоңыржай және арктикалық (антарктикалық) ауа массалары бірін-бірі алмастырады. Жаз ұзаққа созылмайды, температура +20°c-қа дейін көтерілмейді. Бұл белдеудің үлкен аумақтары суық поляр маңы жазына орай жылынып та үлгермейді, сосын ол аудандарда көпжылдық тоң қалыптасады. Арктикалық ауа массасының келуімен қыста ауа температурасы нөлден төмен мәнге дейін төмендейді және бұл 0°c-тан төмен температура жылдың басым бөлігінде сақталады. Материктердің ішкі аудандарында жиі – 50-60°c-қа дейін төмендейді. Жауын-шашын 500-ден 250 мм-ге дейін және одан да азырақ, алайда буланудың төмендігі жауын-шашын аз мөлшерде түссе де, белдеудің көптеген аудандарының батпақтануына мүмкіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет