Физикалық география



бет34/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

22. Гидросфера
Құрлықтағы сулардың түрлері мен қалыптасуы
Құрлық суларына жерасты сулары, өзендер, көлдер, мұздықтар мен батпақтар жатады. Құрлық суы әлемдік су қорының бар-жоғы 3,5%-ын алып жатыр. Гидросферадағы тұшы судың мөлшері 2,5%.
Жерасты сулары–жер қыртысының 12–16 км тереңдікке дейінгі бөлігінде кездеседі. Суы бар тау жынысының қабаты сутұтқыш деп аталады. Су сіңіргіш жыныстарға малтатастар, құмдар, қиыршық тастар жатады. Су сіңірмейтін (суға төзімді), су өткізбейтін жыныстар – балшық, жарықшақсыз тығыз орналасқан тау жыныстары, тоң топырақ.
Жерасты сулары орналасу жағдайына қарай үш түрге бөлінеді: ең үстіңгі топырақ қабатында болатын топырақтық; жер бетінен кейінгі бірінші тұрақты суға төзімді қабатта жататын жерасты; су өткізбейтін екі қабаттың арасында жататын қабатаралық сулар.
Жерасты сулары атмосфералық жауын-шашынмен, өзен, көл, суқоймаларының суларымен қоректенеді. Жерасты сулары химиялық құрамына қарай тұщы (1 л суда 1 г-ға дейін тұз) және минералданған (1 литр суда 50 г-ға дейін тұз) жерасты сулары болып бөлінеді. Жер бетіне жерасты суларының табиғи жолмен шығуы бұлақ(қайнар, көз) деп аталады. Бұлақ суы салқын (су температурасы 200С-тан аспайды), жылы (200С-тан 370С-қа дейін) және ыстық немесе термалды (370С-тан жоғары) болады. Оқтын-оқтын атқылап тұратын ыстық бұлақтар гейзер деп аталады. Гейзерлер қазіргі вулканизм аймақтарында орналасқан (Исландия, Камчатка, Жаңа Зеландия, Жапония).
Елімізде 500-дей емдік минералды су көзі, 78 балшықты көлдер, 50 климаттық орындар бар.
Қазақстандағы минералды сулардың ірі кен орындары: Алма-Арасан, Жаркент-Арасан, Қапал-Арасан, Барлық-Арасан, Сарыағаш, Мерке.
Жерасты суларының қоры өте үлкен – 1,7%, алайда жаңартылуы өте баяу. Өзен– бұл тұрақты бір жермен үнемі ағатын немесе құрғақшылық маусымында уақытша құрғап қалатын табиғи су ағыны. Өзеннің басталатын жері бастаудеп аталады. Өзеннің теңіздерге, көлдерге немесе басқа өзендерге құятын тұсы сағасы деп аталады. Басқа бір өзенге құйылатын өзен оның тармағы деп аталады.
Өзендердің басты сипаттамалары – оның түсуі, еңістігі, ағыс жылдамдығы, су шығыны мен суағары. Өзеннің түсуі – оның бастауының сағанасынан биік болуы (екі жердің биіктіктерінің айырмасы). Арнасының еңістігі – өзеннің ұзындығына түсуінің қатынасы. Мысалы, Волга өзені бастауының биіктігі – 226 м, сағасының биіктігі – 28 м, ұзындығы – 3530 км. Волга өзенінің еңістігі – 226 (-28) / 3530 = 7,2 см/км-ге тең болады.
Су ағынының ағыс жылдамдығы секундына метрмен есептеледі (м/с). Жылдамдық түрлі тәсілдермен: гидрологиялық қалтқымен немесе гидрометриялық бұрандамен өлшенеді.
Өзеннің сулылық режимі судың шығынымен және ағынымен сипатталады. Шығын – бұл бір секундта өзен арнасы бойымен ағып өтетін су мөлшері. Әдетте шығын секундына текше метрмен өрнектеледі (м3/с).
Жер шарындағы ең суы көп өзен – Амазонка.Амазонканың орташа шығыны –20 мың м3/с, жылдық ағыны – шамамен, 7 мың км3. Төменгі ағысында Амазонканың ені кейбір жердерде 80 км-ге дейін жетеді. Қазақстанда суы ең көп өзен Ертіс (шығыны 880,0 м3/с). Әлемдегі ең ұзын өзен – Ніл (Кагерамен) 6671 км, Қазақстанда – Ертіс өзені (1717 км).
Өзендер жер бедеріне байланысты екі үлкен топқа бөлінеді: жазық және тауөз ендері.
Көпшілік өзендер жоғарғы (бас) жағында – тау, ал ортаңғы және төменгі ағысында – жазық өзендері. Судың өзен арнасындағы тік жарқабақтау кертпештен құлап ағуы сарқырама деп аталады.
Жер бетіндегі ең биік сарқырама – Карони (Ориноко тармағы, Оңтүстік Америка) өзеніндегі Анхель сарқырамасы(1054 м), Замбези (Африка) өзеніндегі Виктория сарқырамасының биіктігі – 120 м, ал ені – 1800 м, Солтүстік Америкадағы Ниагарасарқырамасының биіктігі – 21 м, ал ені – 330 м.
Су ағынының айтарлықтай бөлігін еріген тұздар мен қатты заттар құрайды. Өзен ағызатын барлық қатты материалдарды қатты зат ағындысы деп атайды. Әмударияның жылдық орташа қатты зат ағындысы шамамен 100 млн т қатты материалды құрайды. Судың лайлығы қатты зат ағындысының көлеміне байланысты, ол 1 м3 судың құрамындағы заттың грамымен өлшенеді. Суының лайлығы әртүрлі өзендердің суреті 74-суретте берілген. Қазақстандағы жекелеген өзендердің лайлығы: Іле – 650 г/м3, Шу – 900 г/м3, Сырдария –1200 г/м 3.
Көл– бұл құрлықтағы су толған тұйық шұңқыр, оның мұхитпен тікелей байланысы жоқ.
Ең ірі көл – Каспий (аумағы – 368 мың км2). Верхнее, Гурон және Мичиган (Солтүстік Америка), Виктория (Африка), Арал (Еуразия) көлдері де – ірі көлдер. Ең терең көл – Байкал (Еуразия) – 1620 м және Танганьика(Африка) – 1470 м.
Көл қазаншұңқырларының шығу тегіне қарай көлдер бес топқа бөлінеді:
1. Тектоникалық көл қазаншұңқырлары жер қыртысында жарықшақтың, опырылу мен төмен түсудің пайда болуы нәтижесінде түзіледі. Тектоникалық көлдерге (Байкал, Ұлы Солтүстік Америка және Африка көлдері, Виннипег, Өлі теңіз, Чад, Эйр, Титикака, Поопо және басқалары) жатады.
2.Жанартаулық көлдер жанартаулардың аузында немесе лава алқабының шұңқырларында түзіледі. Жанартаулық көлдерге (Камчаткадағы Курил және Кроноцкий, Ява аралы мен Жаңа Зеландияның көптеген көлдері). жатады.
3. Мұздық көл қазаншұңқырлары мұздықтардың шаю (жырту) әрекетіне және мұздық еріген кезде ағызған материалдардан төбе, тізбек, қырат немесе ойыс түзілгенде жер қыртысының мұздықтарының алдында су жинақталуына байланысты пайда болады. Мұздық көлдерге (Финляндия, Карелия, Альпі, Орал, Кавказ көлдері және т.б.). жатады.
4. Карстық көлдер – топырақтың құлауы, шөгуі және тау жыныстарының (әктас, гипс, доломит) шайып кетуі салдарынан туындайтын қазаншұңқырлар.
5. Сағалық(үйінді, немесе бөгетті) көлдер таудағы опырылу кезінде тау жыныстарының үйіндісімен өзен арнасының (аңғарының) бітелуі нәтижесінде түзіледі Сағалық көлдерге (Севан, Тана көлдері, көптеген Альпі көлдері, Гималайдың және басқа да таулы елдердің көптеген көлдері). жатады 1911 ж. Памирде үлкен тау опырылысының нәтижесінде тереңдігі 505 м болатын Сарез көлі пайда болған.
Су массасының шығу тегі бойынша көлдер екі типке бөлінеді:
1. Атмосфералық.Бұл көлдер – ешқашан Дүниежүзілік мұхиттың бөлігі болмаған көлдер. Атмосфералық көлдер (Телец, Севан, Есік көлі).
2. Реликті немесе қалдық көлдер, тартылған теңіздердің орнында пайда болған көлдер. Қалдық көлдерге (Каспий, Арал, Ладожский, Онежский, Ильмень және басқалары).жатады. Бір замандары Каспий теңізі қазіргі Маныч өзенінің аңғарында болған Азов бұғазымен қосылған.
Қазақстанда 48 262 көл бар. Олардың көпшілігінің аумағы 1 км²-ден аспайды. Еліміздің ірі көлдерінің қатарына Каспий және Арал теңіздері, Балқаш, Жайсаң, Алакөл, Теңіз, Сілетітеңіз көлдері жатады.
Батпақ– өзіне тән батпақ өсімдіктері мен кем дегенде 0,3 м шымтезек қабаты бар құрлықтың шамадан тыс ылғалданған бөлігі. Шымтезек қабаты жұқа немесе мүлде болмаса шамадан тыс ылғалданған аумақтар батпақты жерлер деп аталады.
Батпақ әртүрлі климат жағдайында дамиды, алайда, қоңыржай белдеу мен тундраның орман зонасына тән. Әлемдегі ең үлкен батпақты жер – Васюган.
Батпақ алып жатқан жердің жалпы ауданы құрлықтың шамамен 2%-ын құрайды.
Мұздық – мұздың қозғалмалы шоғыры, құрлықта қатқыл атмосфералық жауын-шашынның жинақталуы және біртіндеп түрленуі нәти-жесінде түзілген.Жоғарысында қар жинақталуы (бір жыл ішінде суық ауа температурасы басым болуы) мүмкін шек қардың шегі деп аталады. Мұздықтар жамылғы және мұздық болып бөлінеді. Жамылғы мұздық ғаламшарымыздың суық аймақтарының байтақ жерлерін алып жатыр. Тау мұздықтары таудың шыңдарында түзіледі.
Жердегі мұздықтардың жалпы ауданы шамамен 16,1 млн км2 , немесе құрлықтың 11%-ы (полюстік ендіктерде басымырақ).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет