23. Құрлық суларының шаруашылық маңызы. Заманауи су көтеру сорғылары суды 150-200 м тереңдіктен шығара алады.
30 жыл ішінде әлемде су алу үшін 300 млн-нан астам ұңғыма бұрғыланған.
Жерасты сулары – еуропалық елдердің көпшілігінде қалаларды шаруашылық-ауызсумен жабдықтайды. Еуропаның Будапешт, Вена, Гамбург, Копенгаген, Мюнхен, Рим тәрізді ірі қалаларын (тұрғыны бір миллиондай және одан да көп адам) сумен жабдықтау толықтай жерасты суларымен қамтамасыз етіледі, Амстердам, Брюссель, Лиссабон сияқты қалалардың суға жалпы қажеттілігінің жартысынан астамын жерасты сулары атқарады.
Жерасты сулары есебінен барлықжердің шамамен 1/3-і суландырылады. Суландырылатын жердің жалпы ауданының АҚШ-та 45%-ы, Иранда 58%-ы, Алжирде 67%-ы жерас-ты суының есебінен суландырылады, ал Ливияда суармалы егіншілік толықтай жерасты суларына негізделген.
Шымтезек бүкіл әлемде тыңайтқыш ретінде бағаланады. Шымтезек микробиологиялық өнеркәсіпте жемшөптік белок,малшаруашылығына арналған дәрумендер, физиологиялық белсенді қосылыстар және көптеген заттар өндіру үшін қолданылады.
БҰҰ-ның қамқорлығымен Бүкілдүниежүзілік тұқымқоймасы 2006 жылы құрылды. Бүкілдүниежүзілік банк-тұқымқоймасы Лонгийр кентінде орналасқан. Бүкілдүниежүзілік банк-тұқымқоймасы орналасқан арал Шпицберген. Бүкілдүниежүзілік банк-тұқымқоймасы теңіз деңгейінен 130 м биікте, 120 м тереңдікте орналасқан
24. Өзен аңғарының құрылымы. Өзен өзінің барлық тармақтарымен бірге өзен жүйесін қалыптастырады. Өзен жерасты және жерүсті суларын өзіне қосып алатын аумақ бассейн деп аталады . Ірі бассейні бар өзендерге Амазонка (7 млн км2 -ден астам), Конго (шамамен 4 млн км2 )жатады. Өзен бассейндерінің арасындағы шегара су айрығы деп аталады.
Қазақстан аумағын шартты түрде сегіз сушаруашылық бассейніне бөлуге болады: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Орал-Каспий, Есіл, Нұра-Сарысу, Шу-Талас және Тобыл-Торғай бассейндері.
Өзендер – құрлықтағы ең көп таралған экзогендік бедер түзуші түрткіжайт.
Өзен ағысының өз арнасын тереңдету үдерісі мен оның жан-жағына қарай жайылуы эрозия деп аталады. Эрозия үдерісі, өзен аңғарында су ағысы бойымен ағатын қатты кесек материалдың су түбі мен жақтауын сырып, сол арқылы топырақты аршуынан тұрады.
Су ағысы жыныстың қалың қабатын тігінен кірекесуін (терең эрозия) және жағалауын шаю арқылы өзен аңғары қиылысуларын (жақтаулық эрозия)жүзеге асырады.
Өзен өзінің арнасын одан әрі тереңдете алмайтын деңгейді эрозия базисі деп атайды.
Ағын судың эрозия әрекетінің нәтижесінде жер бедерінің пішіні пайда болады, оны өзен аңғары деп аталады. Өзен аңғарының элементтеріне арнасы, жайылмасы, өзен террасасы, сағасы жатады.
Өзен арнасы – бұл өзен аңғарының барынша терең бөлігі. Қайраң өзен суының таяз жерлерінде, ал иірімдер су арнасының терең жерлерінде болады.
Өзен арналары иректеліп ағады. Жекелеген бұрылыстары айналма немесе ирелең деп аталады.
Жайылма – бұл өзен аңғары түбінің бір бөлігі, ол өзен арнасынан көтеріңкі болады және суы тасыған кезде үнемі су басады.
Өзен террасалары – бұл өзен ағысы барысында қалыптасқан аңғар бөктеріндегі жер бедерінің баспалдақ тәрізді пішіні. .
Сағасы– өзеннің теңізге не көлге құятын бөлігі.
Көлденең кеспін пішіні бойынша өзен аңғарлары саңылау (каньон),шатқал,аңғар (сай),U пішінді аңғар,трапециялды аңғар,жәшік тәрәзді аңғар, айқын көрінбейтін аңғар болып бөлінеді.
Бөктері жарқабақты немесе жарқабақтары жаңа түзілген,терең ойылған аңғарларды Шатқал деп атайды.
Беткейі тік жарқабақты, көлденең көрінісі U пішінді аңғар Сай деп аталады.
Каньон испан тілінен аударғанда құбыр сөзінен шыққан. Каньон дегеніміз-жіңішке тік жақтаулы терең ойылған аңғарлар.
Жәшік тәрізді аңғарлар түбі кең терассаланбаған, төменде орналасқан және өте тік беткейлі келеді.
Астау тәрізді аңғарлар-терассалы кешені жақсы дамыған жазық өзендерге лайықты аңғар.