40-41.Халықтың ұдайы өсу типі Халықтың ұдайы өсуі – бала туылуы және адам өлімі (халықтың шынайы қозғалысы) негізінде ұрпақтардың алмасуы барысында халық саны мен құрылымының тұрақты түрде жаңарып отыруы.
Құрылым барлық халықтан құрылған адамдардың,түрлі топтардың қатынасы.
Халықтың демографиялық құрылымы
Халықтың жыныстық құрамы халықтың құрылымында ерлер мен әйелдердің арақатынасымен анықталады.
Халықтың жас ерекшеліктеріне қарай құрамы – бұл халықты жас ерекшеліктері бойынша топқа бөлу, ол бөлінген топтардың санымен және олардың өзара арақатынасымен сипатталады. Демографиялық талдау кезінде көбінесе бес жылмен жас ерекшеліктері топтарына ажыратылады (1–4, 5–9, .... 95–100 жыл), ал әлдеқайда жалпыланған зерттеуде – он жыл мен 10 жылдық аралықпен бөлінеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) төмендегідей жастық кезеңдерге бөлуді қабылдаған:
Халықтың некелік құрылымы– бұл халықты некелік жағдайына қарай, әдетте жынысы және жасымен үйлестіре отырып бөлу. Неке (жұбайлық) – отбасын құру мақсатында заңда белгіленген тәртіппен тараптардың еркін және толық келісімімен бекітілген, ер мен әйел арасындағы тең құқылы одақ. Демография үшін неке – отбасын құру мен бала туылуының, сонымен қатар туылу мен өлім-жітім үдерістерінің түрткіжайттары.
Халықты некеге қатысты келесі топтарға бөлуге болады:
● некеге ешқашан отырмаған тұлғалар;
● некеге отырған тұлғалар;
● ажырасқандар;
● жесірлер.
Халықтың отбасылық құрылымы. Отбасылық құрылым халықтың неке және отбасы институтына қатысты жағдайы бойынша бөлінуін көрсетеді. отбасы – некеден (жұбайлық өмірден), туыстықтан, жегжаттықтан, асырап алудан шығатын қарым-қатынастармен байланысқан және отбасылық қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға мүмкіндік туғызуға тартылған тұлғалар ортасы. Отбасы – негізгі демографиялық ұяшық. Отбасы мынадай демографиялық функцияларды орындайды: 1) бала туылуы және күтімі;