Физикалық география



бет47/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

Бейзоналылық дегеніміз – қандай да бір географиялық құбылысының таралуы зоналылық заңына бағынбауы. Бейзоналылықтың негізгі себептері – геоло гиялық құрылым, тектоникалық ерекшелік, жер бедерінің сипаты және т.б. Бейзоналылық тауларда және тау етегінде
жиі байқалады.
Маңызды географилық заңдылық – географиялық қабықтың тұтастығы. Географиялық тұтастық заңдылыңы бойынша табиғи үдерістер, құбылыстар мен компоненттер (су, өсімдік, топырақ және т.б.) өзара тығыз байланыста болады және біреуінің өзгеруі басқаларының да өзгеруіне әкеледі.
Ғаламдық өзгерістердің тағы бір мысалы – жамылғы мұздықтардың еруі. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуін туындатады.
Зат айналымына топырақ пен өсімдіктердің өсуі және қурауы арасындағы химиялық элементтердің айналымы, табиғаттағы су айналымы, атмосферадағы ауа массасының айналымы (экватор мен тропик арасында) және т.б. мысал бола алады.
Табиғи үдерістердің ырғақтылығы заңдылығы олардың тәулік (күн мен түннің алмасуы), жыл (жыл маусымдарының ауысуы) ішінде қайталануынан байқалады.
Тәуліктік ырғақ Жердің өз осін айналуына байланысты. Тәуліктік ырғақ температура, қысым және ылғалдылық, бұлттылық, желдің күші өзгергенде; теңіз, мұхиттардағы судың көтерілуі мен қайтуы кезінде, өсімдіктердің фотосинтез үдерісі, жануарлар мен адамның тәуліктік биоритмі кезінде өзгереді.
Жылдық ырғақ – Жердің орбита бойынша Күнді айналып шығуының нәтижесі. Жылдық ырғақтылыққа: жыл мезгілдерінің ауысуы, топырақ түзілуінің қарқынды өзгерісі және тау жыныстарының бұзылуы, адамның өсімдік өсіру және шаруашылық әрекеттерінің дамуы. Жылдық ырғақ қоңыржай ендікте қатты, ал экваторлық белдеуде баяу білінеді.
38-39.Халық санағы
Белгілі бір аумақта тұратын адамдар жиынтығы халық деп аталады. Белгілі бір аумақта тарихи тұрғыда қалыптасқан халық пен елді мекендердің құрамы және орналасуын, демографиялық үдерістер мен әлеуметтік-экономикалық жағдайлар арасындағы қарым-қатынасты демогеография зерттейді. Демогеографияның зерттеу нысаны: халықтың жас-жыныстық, әлеуметтік, кәсіби құрылымы, оның шынайы және механикалық қозғалысы, жұмыспен қамтылуы, көші-қон және басқалары.
Халықтың саны екі түрлі жолмен анықталады: 1) халық санағы 2) бала туылуын, өлім-жітімді, ел аумағына адамдардың келуі мен кетуін есепке алып отыратын мемлекеттік органдардың есебі.
Халық санағы – белгілі бір уақыт ішінде елдің әрбір тұрғынын сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау және тарату үдерісінен тұратын жалпымемлекеттік іс-шара.
Қазақстан аумағында тұңғыш ұйымдастырылған халық санағы Ресей империясы халқының «Алғашқы және бірегей халық санағы» аясында 1897 жылы өтті. Қазақстанның КСРО құрамында болған кезінде халық санағы 1920, 1926, 1937, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдары жүрді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін халық санағы 1999 және 2009 жылдары болды. Енді 2020 жылы өтіледі деп күтілуде.
Санақ жүргізген кезде тұрғындардың негізгі санатын тұрақты және нақты деп ажыратып көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет