Физикалық география



бет48/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

Нақты тұрғындар (НТ) уақытша тұрғындарды қоса алғанда, санақ жүргізілген айрықша сәтте тексеру жүргізілген аумақта болған тұрғындардың барлығы.
Тұрақты тұрғындар (ТТ) – тексеру жүргізілген аумақта тұрақты тұратын тұрғындар (6 айдан немесе 1 жылдан астам мерзімде).
Халық санағы жүргізілген сәтте тұрақты тіршілік ететін жерінде болмаған нақты халықтың бір бөлігі уақытша жоқ адамдар (УЖ) болып есептеледі. Халық санағы жүргізілген сәтте сол аумақта тұрған, бірақ оның тұрақты тұрғыны болып табылмайтын нақты халықтың бір бөлігі уақытша тұратын адам (УТ) деп аталады.
Санақ жүргізу тәсілдері. Статистикалық органдар/қызметтер халық санағының үш тәсілін қолданады:
1. сауалнама – санақ парағын санақ жүргізуші (есепке алушы, тіркеуші) санаққа енгізілуші тұлғамен жеке сұхбат барысында толтырады.
2. өзін-өзі тану – санақ парағын санаққа енгізілушілер өздері толтырады, ал санақ жүргізуші (есепке алушы, тіркеуші) тек оның дұрыс толтырылғандығын тексереді, толтырылмаған немесе анық емес мәліметтерді нақтылайды.
3. аралас (сауалнамалық) тәсіл – сауалнамалар санақ жүргізушілерге жіберіледі, олар оны өздері толтырады да, сосын санақ жүргізу бюроларына немесе статистика қызметіне жолдайды. Толтырылған сауалнамаларды жинақтап біткеннен кейін статистикалық қызмет оларды салыстырып, тұрғындардан сауалнама жүргізу үшін сауалнама алынбаған мекенжайлар бойынша санақ жүргізушілерге жібереді.
Халық санағының ағымдағы есебі азаматтық хал және көші-қон қозғалысы актілерінің тіркелуіне негізделеді. Мұндай ақпараттардың негізінде мемлекеттің халық саны, бала туылу, өлім-жітім, некеге отыру және ажырасу көрсеткіштері (халық санағы деректерімен үйлесімде) есептеледі, болашақтағы халық саны мен құрамына болжам жасалады.
Баланың өмірге келуі, азаматтық кемелділік және заңды жауапкершілік жасына жетуі (жеке куәлік алуы), азаматтардың некеге отыруы немесе ажырасуы, ата-ана атануы, бала асырап алуы, қамқорлыққа алуы, қайтыс болуы сияқты жағдайларды тіркеп отырады Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (АХАТ бөлімдері).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет