Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)



бет66/72
Дата08.11.2023
өлшемі0,71 Mb.
#190192
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
Байланысты:
физиология

Кешіктіретін тежеу-шартты рефлекстер бірден құрылмайды.Тек ныгайтудын басталуы біртіндеп ұзартылганда барып жасалады.Осы тітіркендіргіштің жекеленген әсерімен бастапкы кездежуйке нейрондарынын әрекеті тежеледі.Кешіктіретін тежелу шартсыз рефлекстің кушынен тәуелді,егер ол кушти болса бул тежелудің пайда болуы киынга согады.Кешіктіретін тежелудің касиеті:1-шартты тітіркендіргіш негурлым кушти болса согурлым киын жазылады,2-ныгайтушы түрткі кушти болса шартты рефлексті кешіктіру киынга согады,3-тәжірибелерді кайталау кезінде окшауланган шатты тітіркендіру баяулап узартылса кешіктіру онай болады,4-шартты рефлекстің бірге берілуі кобырек ныгайтылса немесе кыска уакытка кешіктірілсе, тежелу узартуга кедергі жасайды.
111. Сыртқы тежелу механизмі. Бағыттық-зерттеушілік реакциясы және оның ЖДНҚ үшін маңызы. Қорғаныштық (тыс) тежелу және оның маңызы.
Жүйкедегі бірыңғай құбылыстардың екі жағы құрайтын, қозу мен тежелудің тепе-теңдік арақатынасы жануарлар мен адамның сыртқы ортаның өзгермелі түрткілеріне бейімделу іс-әрекетінің нәтижесін анықтайды.
Орталық жүйке жүйсіндегі тежелуді ашқан орыстың атақты ғалымы И.М. Сеченов (1962).Ол орталық тежелуді арнайы тежеуші жүйелердің бірлестігі деп қарады.
Ч. Шеррингтон (1906) қарсылас бұлшық еттердің үйлесімді әрекеттері индукциялық (кезеліс) тежелуден болатынын көрсетті.
А.А. Ухтомский (1923) жүйке орталықтарында доминанта қалыптасуы кезінде жегілген тежелу туатындығын анықтады.
И.П. Павлов мәні зор тәжірибелер жасап, шартты рефлекстің тежелу түрлерінің негізгі тетіктерін дәлелдеді. Тежелудің сыртқы (шартсыз) және ішкі (шартты) түрлері болады. Шартсыз тежелу – жүйке жүйсінің туа біткен қасиеті. Ол – сыртқы бөтен түрткілердің теріс индукция әсерінен мінез әрекетінің кенеттен әлсіреуі немесе басылып қалуы. Мұның себебі әртүрлі жаңа тітркендіргіш қабылдау рефлексін туғызады. Егер осы тітіркендіру бірнеше рет қайталанса, бағдарлы әсерленіс бәсеңдейді және оның шартты рефлексті тежеу әрекеті әлсірейді. Мұндай бөтен тітркендіргішті И.П. Павлов «өшетін тежеу» деп атады. Мәселен, қатты ауыртатын тітіркендіргіш шартты шұғыл тежейді. Осы сияқты ішкі ағзалардан шығатын тітркендіріс те әсер етеді. Кейбір мүшелердің қабынуы, қуықтың зәрге аса толуы, құсу, жыныстық қозу шартты тағамдық рефлексті басып тастайды.
Мұндай тежеулердің бәрінің жалпы қасиеті олар осы шартты рефлекске бөтен сыртқы тітркену ықпалынан пайда болады. Сондықтан бұл сыртқы тежелу деп аталады.
Шартты рефлекстің шамасы тітіркендіргіш қарқының («күш заңы») тікелей тәуелді келеді. Шартты тітіркендіру күші шектен аса өссе, қарама-қарсы нәтижеге, яғни шартты рефлесте: әлсіреуіне, тежелуіне әкеліп соғады. Мұндай тежелуді шектен тыс тежелу деп атайды. Бұл тежелудің сақшылық маңызы бар. Өйткені ол жүйкені шамадан тыс күшті немесе ұзақ тітіркендірудің әлсірету әсеріне кедергі жасайды. Күшті әсерден мелшиіп қатып қалу (ступор) медицинада жиі кездеседі. Бұл тежелу жүйкені уақытша жұмыстан босатады және оның қалыпты қозғыштығы мен жұмыскерлігін қайта орнына келтіруге жағдай жасайды. Жүйкесі нашарланған жануарларда шектен тыс тежелу тіпті біршама әлсіз шартты тіткендірудің әсерінен де пайда болады.
Сыртқы және шектен тыс тежеулер жүйке жүйсінің туа біткен қасиеттеріне байланысты болғандықтан оларды шартсыз тежелу қатарына жатқызады
112. Тежелудің нерв әрекетіндегі рөлі. Тежелудің үйлестіруші және қорғаныш ролі.
Негізгі жүйке процестері – қозу мен тежелудің көрсеткіштері, олардың өзара әсері ағзаға көптеген тітіркендіруді талдап және синтездеп, өзін әртүрлі жағдайда бағдарлауына мүмкіндік туғызады. И.П. Павловтың көзқарасы бойынша, шартты тежелу тек ми қыртысында болатын құбылыс. Қалай болғанда да, тежелу процесінің ми қыртысындағы орналасуы үш түрлі болуы мүмкін. Біріншіден, шартты сигналдық ми қыртысы проекциясында, екіншіден, шартсыз рефлекстің ми қыртысы проекциясында, үшіншіден, уақытша байланыстың өз құрылымында қалыптасады. Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер, шартты тежелу әуелі мидың қыртысасты құрылымдарында немесе олардың белсенді қатысуымен пайда болып, үлкен ми сыңары қыртысына жоғары көтеріледі деп санайды. Шартты тежелудің шығу жағдайы, көптеген деректерге сәйкес арнайы тежегіш құрылымдарға байланысты болады. Бұларға тежегіш түйіндер, тежегіш интернейрондар жатады. Демек, олардың белсенді әсерленісі арнайы тежегіш рефлексін жасайды. Сөйтіп, ми қыртысындағы тежелу міндетті түрде арнайы тежегіш жүйесін құрайтын мамандандырылған тежегіш нейрондар арқылы жүзеге асырылады. Көптеген нейрофизиологтардың ойынша, жоғары жүйке іс-әрекетінің тежелу құбылыстарында әртүрлі қыртысасты құрылымдар өте маңызды рөл атқарады. Дегенмен, соңғы жылдары М.Н. Ливановтың зертханасында жүргізілген тәжірибелер ішкі тежелудің гиперполяризациялық (әсіреүйектеліс) болжамын дәлелдеді.
113. Ішкі тежелу: өшірілу, саралау (дифференцировка), шартты тежелу, кешіктірілу.
Шартты тежелу, уақыттық түрткінің кірісуіне байланысты басқа түрлерінен ерекшк ьолады. Шартты тежелудің тағы бір ерекше, «нығайтылса да өшетін» түрі болады. Ол жағымды шартты стимул ұзағынан бір ырғақта немесе бір сарында нығайтқышпен қоса әсер еткен жағдайда пайда болады. И.П. Павлов ішкі тежелудің түрлерін әрекетіне және қалыптастыру тәсілдеріне қарай жіктеумен бірге, тежелу қасиеттерінің айырмашылығы олардың күшіне байланысты болатындығын атап көрсетті. Ол шартты тежелудің жергілікті және ми құрылымында жалпылама түрде кездесетініне ерекше көңіл аударды. Сөйтіп шартты тежелу ағзаның бейімделу іс-әрекетін реттеп отырады. Егер шартты тежелу қалыптаспаса, ағзада табиғи қажетсіз, қолайсыз әскрленістер көп болар еді. Шартты тежелу өте нәзік, төзімсіз келеді. Әртүрлі аурулар, қажу, зорлану бұл тежелуді әлсіретеді. Организмнің сыртқы ортаға жете бейімделуі, оның әсерленісінің сыртқы жағдайларға өте сәйкес келуі тежелу процесіне ба Ішкі тежелу қалыптасқанда, гиперполяризациялық құбылыстардың біршама өсетіндігі анықталды. Ол үйрету кезінде теріс стимулдың әсерінде мидың тежегіш жүйесінің әсерленгіш қабілеті жоғарылайтынын растайды. Оған нейрондардың сатылық және бедерсіз белсенділігінің, қоздырылған потенциал мен биік шайқалатын баяу тербеліс шамасының күшеюі сәйкес келеді. Сонымен ішкі тежелу ми қыртысы деңгейінде орталық қозу ретінде пайда болып, рефлекстік жауапты жүзеге асыратын қыртысасты механизмдердің бағынышты (субординациялық) тежелуін белгілейді. Әсіресе мінездің ұйымдастырылу және реттелу істерінде мидың маңдай алаңы маңызды рөл атқарады. Ол қыртысасты бөліктері арқылы ми бағанының белсендіргіш жүйесіне тікелей немесе жанама түрде ықпал жасайды. Сөйтіп, мұндағы тежелу құбылыстары бейімдендіру мәніне қарай, мидың медиаторлық жүйесін іріктеп еліктіру арқасында жүзеге асырыладыйланысты болады.
114. Бас ми қыртысы қызметінің аналитикалық-синтетикалық қызметі. Динамикалық стереотип, оның физиологиялық мәні.

Ми қыртысы бірнеше аймакка бөлінеді.Сыңарларының сенсорлық аймагы едәуір орын алып тұрады.Әр ми сыңарының арткы орталык катпарында денелік және вегетативтік сезім проекциясы бар.оны 1ши денелік сезімдік аймак деп атайды.Ал 2ши сезімдік аймак 1ши аймактан ішкері орналасады.


Денелік сезімдік аймақта тітіркендіргішке жауап кайтару,талдау,бірлестіру ,түйсік дәрежесін аныктау процестері жүреді.Мидың шүйде бөлігінің ішінде көздің торлы қабығынын алаңы орналаскан.Сонымен қатар дәм сезу,иіс сезу аймагы бар.
Есту аймагы 41-42 аландарда орналасады.20-21 аймакта сойлеу тіл аймагы,Вернике орталыгы бар.Моторлык сойлеу сол жак жарты шарда орналаскан.
Мидыңекі жарты шарынын кызметі екі түрліні көрсетеді.Сол жак шарты шар адамнын өнерге,бейнелеуге бейімділігне жауап берсе,оң жақ жарты шар математика сияқты ойлау қабілетінің жүйріктігіне жауап береді.
115. Сөйлеу. Сөйлеу функциялары. Адамда сөйлеудің дамуымен байланысты ми қыртысының функционалды асимметриясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет