34.Сүт безінің қатерлі ісігінің скринингі . Скрининг бұл белгілі бір жас аралығындағы әйелдерді,сұт бездерінің қатерлі ісігін ерте сатысында анықтау мақсатында қолданылатын зерттеу болып табылады.
Скрининг жүргіззу әдістері:
-сүт бездерін өздігінен тексеру; -сүт бездерін дәрігер көмегімен тексеру ;
-маммография ; -генетикалық зерттеу
Сүт безінің дамуына әкелетін қауіп факторлары:
-Отбасылық анамнезде қатерлі ісіктің болуы;
-ерте(11 жасқа дейін )кеш (15 жастан кейін ) менструация болуы ;
-кеш алғашқы босанушылық; -гормоналды бұзылыстар;
-лактациядан бас тарту ; -50 жастан жоғары жас;
Сүт бездерін өздігінен тексеру .
Ай сайынғы сүт бездерін өздігінен тексеру барлық әйелдерге 20 жастан бастап жасағаны дұрыс .Бұның мақсаты әйелдің сүт бездеріне көңіл бөлуін арттыру және потологиялық өзгерістер болған жағдайда дәрігерге уақытында көріну .
Маммография бұл ауырсынусыз ,инвазивті емес және көп мәлімет беретін әдістің бірі.Маммография сүт бездерін рентген сәулесі арқылы көруге мүмкіндік береді.Нақтылығы 90%.Сонымен қатар кемшілігі де бар,яғни 40 жасқа дейінгі әйелдерде ақпараттылығы төмендейді.(жас кезде емшектің тығыздылығы жоғары болады.)
-силиконды имплантациясы бар әйелдерге қолданылмайды .
-жүкті әйелдерге және лактация кезінде қолданылмайды.
УДЗ бұл ауырсынусыз және қауіпсіз әдіс ,ол сүт безінің қатаюмен және жаңа түзілістер болатын ауруларды анықтауға көмектеседі.Алынған нәтижелер арқылы кисталарды ,сүт бездерінің дисплазияларын ,қатерсіз және қатерлі ісіктерді анықтаймыз.Сонымен қатар УДЗ көмегімен кистозды және басқада ауруларды дифференциялауға болады,ал кішкентай кальцинаттарды маммограмада қараған дұрыс .
Егерде әрбір әйел ертерек қаралғанда өз өмірін сақтап қалар еді.Яғни оған:
-ай сайынғы өздінен тексеру( визуалды қарау ,пальпация жасау)
-20жастан 39 жасқа дейін жылына 2 рет УДЗ тексеру жүргізу.
-40-50 жас аралығындағы әйелдер жыл сайын УДЗ және маммограф аппаратында тексерілу .
-50жастан асқан әйелдер жылына 1-2 рет маммографиялық тексерістен өту қажет.
Қай кезде сүт бездерінің скринингі жасалуы қажет:
Маммографияны да және УДЗ да менструалды циклдың белгілі бір күнінде өту керек,(гормоналды терапия кезінде немесе менопауза кезінде циклдің кез келген күнінде скрининг өтуге болады )Қолайлы уақыт болып циклдің 5 ші күннен 14 күнге дейін аралық болып табылады.