Физиологиялық жүктілікті бақылау


Жатыр мойнының қатерлі ісігіне скрининг жүргізу



бет29/29
Дата18.12.2022
өлшемі106,49 Kb.
#163178
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Акушер-гинекол тезисы

35. Жатыр мойнының қатерлі ісігіне скрининг жүргізу
Скрининг бұл –жатыр мойны дамуы мүмкін қауіп тобындағы әйелдерге жүргізілетін тестілеу,көбінде симптомдар білінбейді.Скрининг бұл рак алды жағдайларды анықтау үшін қолданылады,яғни уақытында емделмесе жатыр мойны қатерлі ісігіне алып келеді.
Скрининг кезінде өзгерістер анықталған әйелдерг е алдағы уақытта жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алу мақсатында ары қарай бақылау жүргізіледі ,диагностикаланады жән е ем тағайындалады .
Жатыр мойнының қатерлі ісігін және рак алды жағдайларды анықтау үшін цитологиялық әдісті қолданады,ол грек дәрігерінің атымен аталған Папаникалоу .Бұл әдісте жатыр мойнынан және цервикалды каналдан алынған клеткаларды Папаникалоу әдісімен арнайы бояғышпен бояйды .Қысқаша ПАП тест деп аталады.Бұл тест бұрын жылына 1 рет жасалса қазіргі уакытта 3-5 жылда бір рет жасалады.
Көптеген өзгерістер 30-65 жас аралығындағы әйелдерде байқалады .Бұл жастағы әйелдерге ПАП тест пен бірге Адам папилома вирусының жоғары онкогенділігіне скринингпен бірге 5 жылда 1 рет жасау тағайындалған немесе ПАП тест АПВ скрингпен бірге болмаса 3 жылда бір рет жасалады.
Жаңа тағайындауларға сәйкес скрининг былай жүргізіледі.
-21 жасқа дейінгі қыздарға скрининг жасалмайды;
-21-29 жастағы әйелдер тек ПАП тест 3 жылда 1 рет ;
-30-65 жастағы әйелдер ПАП тест пен АПВ бірге скринингтеу немесе тек ПАП тест 3 жылда 1 рет ;
-65 жастан кейінгі әйелдер скринингтеу міндетті емес ,егерде оған дейінгі ПАП тесттері теріс болған жағдайда . Осы жастағы әйелдер алдыңғы CIN II ,CIN III, аденокарцинома in situ болған әйелдер 20 жыл көлемінде скринингті жалғастыру керек.
-Тотальды гистэроэктомиядан кейін скринингтің қажеті жоқ;
-АПВ қарсы вакцинация жүргізгеннен кейін ,вакцина жасалмаған әйелдерге жасалған тағайындаулармен жүру керек.
21-29 жастағы әйелдерге скринингке қатысты тағайындаулар: АПВ скринингтеусіз тек ПАП тестпен анықтау әйелдердің иммунды жүйесі АПВ инфекциясымен жақсы күресуіне байланысты.Орташа алғанда әйел адамның ағзасы инфекцияланғаннан кейін 8 ай ішінде әйелдің ағзасы адам папиломма вирусынан құтылады,тіпті инфекцияланғаннан кейін ағзада эпителийде өзгеріс болған жағдайда ағза өздігінен жазылады.
Кейбір жағдайда скринингтеу жиі жүргізіледі:
-ВИЧ жұқтырғандар ;
-трансплантация жасатқандар немесе иммунодепрессияға ұшырағандар;
-бұрын ракпен немесе CIN II ,CIN III емделгендер;
Осыған байланысты жыл сайын ПАП тест өту қажет емес бірақ бұл гинекологка сирек бару керек деген сөз емес .

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет