Физиологиялық жүктілікті бақылау



бет1/29
Дата18.12.2022
өлшемі106,49 Kb.
#163178
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Акушер-гинекол тезисы


1 Физиологиялық жүктілік. Физиологиялық жүктілікті бақылау
Хаттама коды: PN-O-003 " Физиологиялық жүктілікті бақылау "
Акушерлік-гинекологиялық саладағы медициналық пункттер үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): Z34. Қалыпты жүктілік ағымын бақылау
Анықтамасы: Физиологиялық жүктілік – ұзақтығы 37-42 аптаға созылатын (276-294 күн), нəтижесінде мерзіміне жеткен тірі нəресте дүниеге келетін жүктілік
Жіктемесі: жоқ
Қауіп-қатерлі факторлар: жоқ
ДИАГНОСТИКА
Диагностика критерилері: жүктіліктің гестациялық мерзіміне сəйкес физиологиялық ағымы.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: тактиканы қара.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: тактиканы қара.
Жүктілікті бақылау тактикасы
Алғашқы тексеру жүктіліктің 12 аптасына дейінгі мерзімде бірінші медициналық тексерумен бірге өткізіледі.
Жүктіліктің 12- аптасында өткізілетін бірінші медициналық тексеру:
1. Жүкті əйелдің жасы.18-ге дейінгі жəне 35-тен асқан жүкті УДЗ жолданады;
2. Əйелге тексерудің қосымша əдістері туралы мəлімет беру керек, өйткені ол оларды жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдауға тиіс;
3. Жүктінің дене салмағы. Дене салмағының индексі 25,0-ден артық болса глюкозаға төзімділігіне (толеранттылық) тест жəне УДЗ өткізу қажет. Салмағы артық жүктілер рационында калория мен белокты шектеу, сондай-ақ жүктіліктің бастапқы кезеңінде салмақты көп қосқандарға бұл өте тиімсіз, тіпті нəрестенің дамуына зиянды əсер етуі мүмкін;
4. Жүктілік мерзімін анықтау (жүкті 12-14 аптада УДЗ өтеді. ):
- Соңғы етеккір мезгілі, оның сипаты (етеккір сипаты əдеттегіден өзгеше болған жағдайда УДЗ-ге жолдау қажет).
- Нəтижесі оң болған жағдайда, жүктілікті анықтауға арналған тест уақыты.
- Етеккір оралымының реттілігі (тым ретсіз).
5. Əйел жүктіліктен сақтандыратын дəрілер ішкен бе (жүктіліктің дəл алдында қабылдаған ба?);
6. Алдыңғы жүктілік ағымы:
- Алдыңғы жүктілік ұзақтығы (36 аптадан кем немесе 42 аптадан артық болса, УДЗ қажет)
- Алдыңғы жүктілікті ауырлатқан бауыр ішілік холестаз, уыттану (əрқашан УДЗ өткізіледі)
- Босану ұзақтығы (кесар тілігі), вакуум көмегімен сорып шығару (тар жамбас)
- Босанудан қорқу
- Босану кезіндегі нəресте салмағы (4,5 кг-нанартық немесе 2,5 кг-нан кем болса, УДЗ, глюкозаға төзімділікке тест)
- Туған баланың денсаулық жағдайы (туа біткен ауытқулар, хромосомдық патология, нəрестенің өлі тууы)
- Алдындағы аборттар (2, одан да көп )
- Алдындағы аурулары жəне денсаулыққа байланысты басқа мəселелері
- Жүктілік кезінде дəрі қабылдауы (дəрілерді шектен көп қабылдау, тератогенді, психотроптық дəрілерді қабылдауы)
- АҚ (с.б.б. 140/90мм. жиі жоғарылауы)
- Зəр жолдарының инфекциясы (сақтандырушы ем жүргізу, жүктіге кеңес беру)
- Сусамыр (глюкозаға төзімділікке тест өткізу қажет)
- Тромбоз, эмболиялар, гепатит, жүрек тоқтауы, субарахноидалық қанқұйылу, қатерлі ісік (жүктіні арнайы маманға немесе УДЗ мейілінше тез жіберу керек)
- Қояншық, геморрагиялық аурулар, жүрек, тыныс алу ағзаларының, бүйрек немесе бауыр жүйке жүйесі аурулары, қалқанша без қызметінің бұзылуы, құяң, ішек аурулары (жүктіні арнайы маманға жіберу керек немесе оны одан ары бақылау тактикасы жөнінде кеңес алу қажет)
7. Жүктіліктің ерте мерзімінде диагностикалық шаралар өткізу қажет патология (ата-анасының бірінде немесе алдында туған балада хромосомдық өзгерістер, жанұя мүшелерінде тұқым қуалайтын ауру, алдында туған балада немесе жанұяның басқа мүшелерінде нефроз, анэнцефалия, менингомиелоцеле немесе ОЖЖ (ЦНС) басқа патологиясы). Бедеуліктен емдеу (дəл осы жүктілік алдында)
- Шылым шегу (айқын құмарлық)
- Кəсіптік зияндылықтар
- Əлеуметтік мəселеле.
- Аллергия
- Жатырға операция
8. Іншекті екі қолмен жəне айнамен тексеру, ең бірінші мақсаты жұқпалар болу мүмкіндігін анықтау. Жүктіліктің кеш мерзімінде іншекті екі қолмен тексеру үлкен сақтықпен жүргізіледі, жатыр мойнын мүмкіндігінше аз тітіркендіру. Бұл тексеру жатыр тонусының жоғарылығында немесе жүктіде іштің төменгі жағында бату сезімі болғанда жүргізіледі. Бұл сезім мерзімінен бұрын босануды меңзейді;
9. Жүкті əйелдер консультациясына əр келгенінде, жатыр мойнының ұзындығын анықтау үшін, айнамен абайлап қарауға болады. Айнамен тексеру жатыр мойнының ашылуы мен қағанақты анықтауға да мүмкіндік береді;
10. Іншек жəне жатыр аңқасы жұқпалардың болуына тексеріледі (жытыр мойнының эрозиясы, жыныс жолдарынан иісті шығындылардың бөлінуі). Қажет болса,тікелей іншек шығындыларына калий гидроксиді ерітіндісін тамызғаннан кейін одан балық иісінің білінуіне тест өткізіледі, сонымен қоса микроскоппен жатыр жағындысін негізгі жасушаларға жəне трихомонадаға тексереді. Іншек қышыса, саңырауқұлақтарды анықтау үшін жағындылардын микроскопиясын пайдалануға болады (іншек қабырғаларынан ақ шығындыларды қырнау) немесе өсіндіні себу əдісі. Тексеру сəтінде мойын жолдарынан қанды шығындылар болса немесе науқас оған шағымданса, материалды хламидия, соз инфекциясына тексеруге алу керек.
1 кесте. Жатырдың жүктілік кезіндегі көлемі
Жүктілік аптасы Жатыр көлемі
6-шы Жатыр көлемі елеулі үлкеймеген
8-ші 9 см.
12-ші 12 см.
16-шы Жатыр түбі қасаға жігінің жоғарғы жақтауы мен кіндік қашықтығының ортасында орналасқан
20-шы Жатыр түбі кіндік деңгейінде орналасқан
Жатыр көлемі аменорея ұзақтығымен сəйкес келмеген жағдайда, əйелді УДЗ-ға жіберу керек.
Басқа ұсыныстар:
- Нəрестенің жүрек соғуын анықтау керек. Ол УДЗ немесе “Малыш” аппаратымен жүктіліктің ең ары кеткенде 14-аптасында анықталуға тиіс;
- Жүктіге қалыпты жүктілік 42 аптаға созылуы мүмкін екені түсіндіріледі;
- Қан анализі (1-ші келгенде 6 параметрде);
- Гемоглобин деңгейі 110 г/л төмен болса, қанның сарысулық темір құрамын анықтайды;
- Зəр анализі келген сайын;
-1-ші келгенінде іншектің тазалық дəрежесін анықтау үшін жағынды ;
-1-ші келгенінде RW;
-1-ші келгенінде АИТВ (ВИЧ) (қалауы бойынша);
- Терапевтің, стомотологтың, эндокринологтың тексеруі;
- Жасы 35-тен асқан жүктіні генетиктің консультациясына жіберу (қосымша тексеру).
Қорытынды (бақылаулық) тексеру жүктіліктің 14-15-аптасында.
-Жүктінің келісімімен қанын сарысулық АФП-ға тексереді.
Қорытынды (бақылаулық) тексеру жүктіліктің (22)-24-(26) апта мерзімінде.
-Тексеру мақсаты – мерзімінен бұрын босану қаупі дəрежесін бағалау;
-Тексеру барысында жатыр түбінің тұру биіктігін өлшеу маңызды (көп ұрықты жүктілік болуы мүмкін);
-Жүктінің анамнезінде мрзімінен бұрын босану мүмкіндігіне меңзеу болса, ол медициналық тексеруге жіберіледі. 20-22 аптада УДЗ (туа біткен даму ақауларында болмайды).
Жүктіліктің (26)-28-(30) апта мерзімінде өткізілетін екінші медициналық тексеру:
-Жүктіліктің осы мерзімінде жатыр түбінің тұру биіктігін өлшеу жəне УДЗ арқылы көпұрықты жүктілікті түбегейлі растау қажет. Бұдан басқа, екінші медициналық тексеру кезінде кешеуілді уыттану белгілерін мақсатты түрде анықтау қажет;
-Бұрын жүкті болған əйелдерден нəрестенің бұрынғы жүктілік пен қазіргі жүктіліктің осы мерзіміндегі мөлшерін салыстыру сұралады;
-Тексеру барысында айқандалатыны:
1. Жүктінің өз жұмысын қаншалықты орындай алатыны.
2. Салмағының шектен тыс ұлғаю себебі (кешеуілді уыттануы (преэклампсия).
Акушерлік тексеру.
Жатыр көлемі (орташа мəннен 2 см.артық емес ауытқу рұқсат етіледі ).
1. Мойын жолы (каналы) (ішкі аңқа 1 саусақты өткізеді).
2. Нəрестенің алда жатуы (көлденең немесе бөксемен жатуы жатыр дамуының анмалиясын меңзейді).
3. Нəрестенің мөлшері мен салмағын салыстырады немесе келесі түрде сипаттайды:
к – жүктілік мерзімімен салыстырғанда нəресте мөлшері кіші;
қ – жүктілік мерзімімен салыстырғанда нəресте мөлшері қалыпта;
ү – жүктілік мерзімімен салыстырғанда нəресте мөлшері үлкен.
Жүктіліктің соңғы мерзімінде жүктілердің бəріне скринингтік УДЗ жүргізуге болмайды, алайда нəресте кіндігі тамырларындағы қан жүруіне допплерография жасау жоғары қауіп тобындағы жүктілердің перинаталдық өлім-жітім жиілігін азайтуға мүмкіндік береді.
-Қан анализі (эритроциттер, ЭТЖ (СОЭ), лекоциттер, ұйығыштығы).
-Зəр анализі.
-RW (30 аптада)
-іншектің тазалық дəрежесін анықтау үшін жағынды 30 аптада
Қорытынды (бақылаулық) тексеру жүктіліктің (30)-32-(33) апта мерзімінде.
-Бұл қараудың мақсаты – нəресте өсуін айғақтау, бұл үшін жатыр түбінің тұрған биіктігі өлшенеді.
-Нəресте мөлшерін бағалау (жоғары қара).
-Нəрестенің алда жатуын анықтау (бөксемен жатуы мүмкін).
-Ерекше қауіп факторы бар жүктілерде жүктіліктің 33-35 апта мерзімінде нəрестенің қимылдау белсенділігін бақылау ұсынылады (алдыңғы жүктілікте нəресе өлуі, жүктілердің бауыр ішілік холестазы, сусамыр немесе глюкозаға төмен төзімділік). Нəрестенің өздігінен қимылдауын жүктіліктің 41 аптасынан ерте санау ұсынылмайды, себебі бақылаудағы тексерулерде олардың мəліметі расталмайды.
-Нəрестенің қимылын санау.
1. Қимыл ұйықтар алдында бір сағат бойы саналады. Норма болып нəрестенің 1 сағат ішінде ең кемі 10 қимыл жасауы саналады. Егер нəресте қимылы 10-нан кем болса, санау тағы 1 сағат жалғастырылады, нəрестенің 10 айқын қимылы білінбесе, жүктіні тікелей əйелдер консультациясына жіберу керек.
2. Нəрестенің қимылын күні бойы да санауға болады.
3. Жүктіні өлшеу, АҚ өлшеу, зəрінде белокты анықтау.
Жүктіліктің (35) – 36 – (37) апта мерзімінде өткізілетін медициналық тексеру.
Тексеру мақсаты – нəрестенің бөксемен жату ықтималдығын анықтау,нəрестенің өсуін айғақтау, жыныс ағзаларының ұшықтық инфекциясын ашу.
Келесі белгілерге көңіл аударылады:
1. Нəрестенің қимыл белсенділігі;
2 Қышудың болуы жүктілердің бауыр ішілік холестазын меңзеуі мүмкін; бұл жағдайда аш қарында қан сарысуында АЛТ жəне өт қышқылының болуын анықтайды.
3. Акушерлік тексеру;
4. Жатыр көлемі (орташа мəннен 2 см.артық емес ауытқу рұқсат етіледі );
5. Сыртқы жыныс мүшелері (ұшықтық жұқпадан қауіпенгенде, яғни күлдіреу немесе жаралар болса, жүктіге ол туралы ескертіп, тиісті зерттеу үшін материал алу);
6. Жатыр мойны сыртқы аңқасының жағдайы;
7. Нəрестенің алда жатуы (бөксемен жатуы);
8. Нəрестенің мөлшері (жоғары қара);
-Қан анализі (36 аптада);
-Зəр анализі;
-RW (36 аптада);
-Іншектің тазалық дəрежесін анықтау үшін жағынды 36 аптада
Қарау босанғаннан 5-12 аптадан кейін.
1. Алғашқы патронаж перзентханадан шыққаннан кейін 7-10 күнде өткізіледі.
2. Жатыр мойны сыртқы аңқа аймағында эктопия болса,етеккір қайта басталғанда, цитологиялық зерттеу үшін Папаниколау бойынша жағынды алынады. 6 айдан кейін жағынды қайта алынады да, қажет болса ем тағайындалады. Эктопияның өзі емдеуді талап етпейді.
3. Жұқпаның белгілері болғанда, қажетті зерттеулер жүргізілуі тиіс.
Босанғаннан кейінгі қарау мақсаты.
1. Жүктілікке қарсы құралдар қабылдау қажеттігін анықтау жəне сақтану тəсілін таңдау. Қалыпты мөлшердегі жатырға ЖІҚ (ВМС) енгізуге болады. Екі жəне одан көп дені сау балалары бар немесе жасы 35-тен асқан əйелдер күйеуінің келісімімен хирургиялық тұлдауға құқылы.
2. Нəжіс ұстамаудың дамуы мүмкін ( нəжіс немесе газ ұстау қабілетінің төмендеуі). Босанғаннан кейінгі депрессия белгілерінің болу мүмкіндігі.
- Келесі тестер өткізіледі: Қанда гемоглобин деңгейін , ЭТЖ (СОЭ), АҚ өлшеу; жүктілік кезінде зəр жолдарында жұқпа болған жағдайда, зəрге бактериологиялық тексеру жүргізіледі.
- Балада қандай да бір тұқым қуалаушылық патологияның бар екеніне күдік туған жағдайда, əйелді медициналық генетика маманына кеңеске жіберу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет