Физиологиялық жүктілікті бақылау


Ерте гестоз. Жүкті әйелдердің құсуы . Клиника. Классификация. Стационарлық емге көрсеткіш



бет3/29
Дата18.12.2022
өлшемі106,49 Kb.
#163178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Акушер-гинекол тезисы

3. Ерте гестоз. Жүкті әйелдердің құсуы . Клиника. Классификация. Стационарлық емге көрсеткіш.
Жүктілік кезіндегі гестоз ауруы — қазіргі акушерлік саладағы өзекті проблеманың бірі және аурулардың арасында алдыңғы орындарда тұр.
Гестоз — әйелдердің жүктілік кезіндегі асқынған ауру түрі, ол ана ішіндегі нәрестенің ең маңызды органдары мен жүйке жүйесі функциясының бұзылуымен сипатталады.

Гестозбен ауырған әйелдерде созылмалы түрдегі бүйрек және гипертония аурулары қалыптасады. Сондықтан аурудың алдын алу шараларын қолданған жөн. Мұндай аналардан туған балаларда дене пішіні және психоэмоционалды даму жағынан бұзылыс туындайды.


Жүктілік гестозы екіге бөлінеді: алғашқы және кеш.
Алғашқы гестоз жүктіліктің алғашқы үш айлығында құсу және ауыздан сілекей ағуы секілді белгілер арқылы анықталады. Гестоздың пайда болуына іштен туа біткен және жүре пайда болған нейроэндокринді айналым жүйесінің жетіспеушілігі (гипоксия, инфекция, улану, тұқым қуалау факторлары) және де әйелдерде кездесетін патологиялық аурулар (жүрек-қан тамыры аурулары, гипертония ауруы, гипотония, қант диабеті, пиелонефрит, гломерулонефрит, т.б.) әсер етеді.
Ерте гестоздар жүктіліктің алғашқы айларында пайда болады.
Жүкті әйелдің құсуы. Бұл жиі кезедеседі. Әйелдердің 80-85% жүктілік кезінде таңертеңгі мезгілде жүрегі айнып, анда-санда құсатын болады, бірақ жалпы жағдайы өзгермейді. Бұл гестозға жатпайды, тек жүктіліктің бір белгісі болып есептеледі. Ал гестоз кезінде әйел тәулігіне бірнеше рет жүрегі айнып, лоқсып, құсып, тәбеті төмендеп, жалпы жағдайы нашарлайды. Клиникалық белгілеріне байланысты үш түрге бөлінеді: 1) жеңіл; 2) орташа; 3) ауыр.
Жеңіл түрінде күніне 3-4 рет құсады (көбіне тамақ ішкеннен кейін). Тамақ ішу қабілеті сақталады, кейде ащы-тұщы тағамдарды сүйсініп жейді. Жалпы жағдайы өзгермейді.
Орташа түрінде әйел тәулігіне 10 және одан да көп рет құсады, жүрегі айнып, тамақ ішуі нашарлайды, ал ішсе, жедел құсып тастап отырады. Содан әлсіреп, жүдей бастайды. Сонымен бірге жүйке жүйесінде, зат және көмір сутегінің алмасуында өзгеріс болып, кетоацидоз пайда болады. Дене қызуы көтеріліп, жүрек пен тамыр соғуы жиілейді. Уақытында дұрыстап емделмесе, келесі ең ауыр түріне көшеді.
Құсықтың ауыр түрін тоқтатусыз құсық деп те атайды. Бұнда құсықтың саны 20-дан да асады, жүрегі айнитыны сонша, тамақты ойлағаннан, иісінен құсатын болады. Кейде бұған сілекей ағу қосылады. Соның салдарынан ағза сусызданып, әлсізденіп, жүдейді. Кейде салмағы 8-10 кг дейін кемитін болады. Ағзада зат алмасуының ақырына дейін тотықтырылмаған қалдықтар көбейіп, қанда мочевина, қалдық азот және креатиннің мөлшері көбейеді, зәрде ацетон пайда болады, дене қызуы көтеріліп, тамыр соғысы жиілейді, ол 100-120-ға дейін жетеді. Дем алғанда аузынан ацетонның иісі шығып, әйел есінен тануы (кома) мүмкін. Ауруды анықтау жолдары жоғарыдағы белгілерге байланысты болады.
Емдеу жолдары.Гестозды, орташа, ауыр түрлерін тек емханада емдеу керек. Емі жан-жақты болуы қажет.
1. Жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіру үшін бром, кофеин дәрілерін береді, электроанальгезия, электроұйқы, психотерапия қолданады.
2. Құсықты басатын аминазин, спленин, дроперидол дәрілерін қолданады.
3. Ағзаның улануына қарсы қажетті мөлшерде сұйықтықтар құйылады. Науқастың ауыр жағдайы кезінде тәулігіне 2500-3000 мл дейін сұйықтықты ақырындап, тамшылатып көк тамырға жіберу керек. Оларға гемодез, полиглюкин, реополиглюкин, глюкоза, аскорбин қышқылы, желатиноль, белок препараттары жатады, кейде гемоглобин азайғанда, қан кұю қажет. Физиотерапиялық әдістерді де қолданады: кальций, броммен мойынға электрофорез жасау, эндоназалдық гальванизация және витаминдер беріледі. Егер ем қонбай, әйелдің жағдайы, қан, зәр анализдері нашарласа, жүктілікті үзу белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет