Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Мәлік Ғабдуллин – фольклортанушы



бет27/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org

35. Мәлік Ғабдуллинфольклортанушы
Мәлік Ғабдуллин — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы , профессор, КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі , Кеңес Одағының Батыры.
Ал,фольклортанудағы зерттеулеріне келетін болсақ,ғалым халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинау бірдің емес, көптің ғана қолынан келетін іс болып табылатындығын білген . Сондықтан, бұл игілікті іске ел ішіндегі оқыған, көзі қарақты, зиялы азаматтарды кеңінен қатыстыру шарт. Міне, осы мақсатпен М.Ғабдуллин сол кездегі елге көп тарайтын газеттің бірі «Төте оқуға» арнайы мақала жазған. Газеттің 1938 жылғы 21 тамыздағы санында жарияланған «Халық әдебиетін жинайық» атты осы мақаласында ол Қазақ КСР Орталык аткару комитетінің қаулысымен Ұлт мәдениеті институтының халық шығармашылығын зерттейтін Жамбыл атындағы бөлім ашылғанын қуана хабарлаған болатын. Осы бөлімнің алдында тұрған міндеттер жайында айта келіп, жұртшылық болып халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауға атсалысайық, сөйтіп олардың тәуір нұсқаларын баспа жүзінде жариялауға, зерттеуге үлес қосайық деген пікір қозғағаны мәлім. Сонымен бірге, ел аузында айтылып жүрген ертегі, аңыз, мақал-мәтел, жыр-дастан, өлең-термелерді жазып алудың ғылыми тәртібін түсіндірген. Ғалымның бұл айтқандары осы уақытқа дейін өзінің мән-маңызын жойған жоқ. Өйткені, халық мұрасын жинау ісі әлі де жүргізіліп келеді, алдағы кезде де жүргізіле бермек. «Қазақ әдебиеті» газетінің 1940 жылғы 28 қаңтардағы санында жарияланған «Халық фольклоры жайында» деген мақаласында М.Ғабдуллин фольклортанушы ғалым әрі жинаушы, әрі зерттеуші болу керек екенін тағы да ескертеді. «Фольклорда, әсіресе, батырлар жырын зерттеуде біздің алдымызда бірнеше күрделі міндеттер тұр», -деп жазды ғалым... «Ең алдымен осы күнге дейін жиналмай халық аузында қыдырып жүрген жырларды жинап алу керек. Бір жыр бірнеше вариантта болатыны анық. Ғылыми зерттеу үшін сол варианттардың бәрі де өте қымбат бағалы. Біз иемденіп «өзіміздікі» деп жүрген жырлардың біразы көршілес елдерден де кездеседі. Алдағы күнде зерттеу жұмысын түзгенде батырлар жырының өзімізде бар варианттарын ғана пайдалану, олардың қай жерде, қалай айтылатынын салыстыру және бір жырдың бірнеше басылғандарындағы қосындыларды, өзгеріс-жамауларды салыстырып зерттеу аздық етеді»-деген.Ғалымның, осы айтқан пікірінің дұрыстығын көп жылдық зерттеу тәжірибелері айқын танытты. Мысалы, Алпамыс, Қозы Көрпеш-Баян сұлу дастандарының өз тілімізде варианттары болумен катар өзбек, қарақалпақ, башқұрт, таулы алтай халықтарында да әр түрлі нұсқаларының кездесуі бұған толық дәлел болады.
М.Ғабдуллин өз мақаласында былай деген еді: «Шынын айту керек, фольклор туралы жалпылама әңгіме айту, жалпылама шолақ қорытынды жасау оңай, ал, жеке жырды алып талдау, сол жөнінде зерттеу жазу анағұрлым қиын». Бұл даусыз шындық еді. Осылай бола тұрса да, М.Ғабдуллин өзіне тән батылдықпен оңайға емес қиынға барды, зерттеу тақырыбы етіп «Қобыланды батыр» дастанын алды. Оның «Қобыланды батыр» жайындағы алғашқы ғылыми мақаласы «Әдебиет және искусство» журналының 1940 жылғы 3-ші санында басылған. Мұнда ол жалпы батырлар жырына байланысты келелі пікір қозғап, жырларда айтылатын ұнамды қаһарман – халық батырларының бәріне тән ортақ қасиет – олардың қара басы үшін емес, көпшілік қауым үшін, жаулап алу үшін емес, қорғау үшін күресетіндігін дәлелдеген. Батырлар жауласуға емес, достасуға бейім тұрған. Досқа адалдық, сертке беріктік, бір сөзділік, қайсарлық, ант үшін, ар үшін жан беруге де әзірлік батырлардың бойындағы басты ерекшелік. Зерттеуші халықтың сүйікті қаһармандарының осындай гуманистік сипаттарын ашуға талаптанады.
Ғалым мұнан кейін «Қобыланды батыр» туралы бірнеше мақала жариялаған. 1941 жылдың басында шағын кітапша да шығарған. Ұлы Отан соғысы М.Ғабдуллинді жаңа қырынан танытқаны мәлім. Ол бұрын «Қобыланды» жырын зерттеуші ғалым ретінде белгілі бола бастаса, енді өзі де сол батырдай аты аңызға айналған қаһарман дәрежесіне көтерілген.
М.Ғабдуллин «Қобыланды батыр» туралы зерттеуін осы тақырыпта кандидаттық диссертация жазып корғағаннан кейін де тоқтатқан жоқ. Бұл оның аса сүйікті тақырыбы болған. Ғалым көлемді де ғажайып көркем дастанды зерттеуге отыз жылдың ішінде әлденеше қайта оралып, бұрынғы жазғандарын толықтырып, жетілдіріп отырған. Ғалымның Қобыланды жырына байланысты зерттеулерінің соңғы нұсқасы 1972 жылы жарияланды. Осы еңбегінде ол 1950-1960 жылдары жүргізілген зерттеулерде «Қобыланды батыр» оқиғасына Қазан қаласының ешқандай қатысы жоқ екендігі анықталғандығын айтқан болатын. Жырдың сюжеті қызылбастар (ирандықтар) мен қыпшақтардың арасында ХІІІ-ХІҮ ғасырда болған қақтығыстардың негізінде туған.
Ғалымның осы «Қазақ халқының батырлық жыры» монографиясына 1972 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді. Бұл еңбектің құндылығы – халық эпосын зерттеуде кеңес фольклортануының соңғы жетістіктеріне сүйеніп, тың тұжырымдар түюінде.
М.Ғабдуллиннің қазақ фольклортануында аса бағалы үлес болып қосылған қабырғалы еңбегі «Қазақ халқының ауыз әдебиеті». Аталған еңбектің ғылыми мәні ерекше.
Аталған еңбектің ғылыми мэні ерекше. Жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған оқу кұралы ретінде жазылған осы еңбек 1958 жылы жарыққа шыққан болатын. Кейіннен түзетіліп, толықтырылып 1964, 1974 жылдары қайта басылғаны, бізге мәлім. Рас, қазақ халқының дәстүрлі ауыз әдебиеті жайында бұдан бұрын да жазылған зерттеулер бар болатын. Бірақ, олардың көпшілігі фольклорда жеке жанрлар (эпос, айтыс, өлең-жыр т.б) тұрғысынан алып қарастыратын шағын зерттеулер немесе мақалалар ғана болғандығы аян.
1972 жылы М.Ғабдуллиннің ұйымдастыруы және жетекшілігімен «Қазақ фольклористикасы» атты аса құнды еңбек жарыққа шықты. Бұл қазақ фольклоры туралы ғылымның даму барысы, оның көрнекті өкілдері жайында жазылған тұңғыш еңбек еді. Осы еңбекте ғалым қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, академик жазушы С.Мұқановтың жиырмасыншы жылдардағы шығармашылығына байланысты мақала жариялады. Ол мақаласында ғалым 1968 жылы Душанбе қаласында өткен «Орта Азия мен Қазақстан халықтары әдебиеті мен фольклорының өзара ықпалы» атты мақаласында дәстүрлі ауыз әдебиетінің жазу шығармашылығына әсері және оның қазақ фольклоры туралы зерттеулері әңгіме болды.
Дарынды ғалымның соңғы жазған және көзі тірісінде жарық көрген мақаларының бірі - «Қазақ фольклористикасының даму жолдары» деп аталады. Бұл жоғарыда аталған «Қазақ фольклористикасы» еңбегінде жарияланды. Ғалым мұнда халқымыздың ауыз әдебиеті туралы революциядан бұрын да бірен-сарандап пікір айтушылар болғанымен әдебиеттану ғылымының дербес саласы ретінде қазақ фольклортануының тек қана кеңес дәуірінде қалыптасып, дамығанын еске салады. Сөйтіп, бұл ғылымның өсу жолдарын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырады.
Осылайша, бүгінде ғасырға толған толымды да бүкілхалықтық тойы бүтін әлемде ерекше шаттықпен аталып жатқан шақта Ұлы ғалым өзінің ұзақ жылдар бойындағы ғылыми еңбектерінің ең сүбелісі – фольклористика екендігін, осы салаға ғалымның айрықша көңіл бөліп, мол еңбек еткендігін атап өтуді жөн көрдім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет