Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Ә.Диваев – қазақ фольклорын зерттеушілердің аса ірі өкілдерінің бірі



бет8/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org

11. Ә.Диваев – қазақ фольклорын зерттеушілердің аса ірі өкілдерінің бірі
Әбубәкір Диваев – қазақ халқына еңбегі сіңген фольклоршы, этнограф, ғалым.
Фольклоршы Ә.Диваев халық ауыз әдебиеті нұсқаларын этнографиялық материалдармен байланыстыра жинады. Ол халық поэзиясын халықтың тұрмысынан бөле қарауға болмайды деп білді.
Сондықтан да ғалым кептеген халық ауыз әдебиет нұсқаларын, әсіресе әдет-ғұрыппен байланысты өлең-жырларды тікелей тәсіл арқылы жинағанда, әдет-ғұрыптың өзін де бірге жазып алып, онда өлең-жырдың атқаратын қызметін қоса жазып өткен. Ғалым фольклорлық шығармаларды жазып алумен бірге, халық шығармалары жазылған жинақтар мен қолжазбаларды да жинай жүрді. Ол кезде халық шығармалары қазақ ауылдарына ауызша ғана емес, жазбаша да тарайтұғын. Ә. Диваев алдымен қолжазбаның өзін қолға түсіруге тырысқан, ал иесі бермеген жағдайда көшіріп алуға көшкен. Мұндай жағдайда шығармаға «қолжазбадан» деген белгі соғып отырған.
Ә. Диваев Ақынбеков Еркінбектің қолжазба қорындағы ертегілері мен А. Қожабайдың қолжазбасынан алынған - «Алпамыс» жырын баспаға бастырып шығарды.
Ә.Диваев Түркітанушылардың көбімен байланысты болды. Оның ғылымқұмарлығы, көзқарасы, іздену әдісі орыстың Шығыс зерттеу ілімінің арқасында қалыптасты. Ә.Диваевке тән жақсы қасиеттер -материалды контактілі тәсілмен жинастыру, зерттеу жұмыстарының кеңдігі мен терең мағыналылығы, халықтың рухани мәдениетін кадірлей білу болды.
Ол Шымкент, Қызылорда, Қазалы, Әулиеата , Ташкент, Черняев уезі және Сырдария аймағының Түркістан ауданы айналасын аралап, ертегі, мақал, жұмбақтар, мысқыл әңгімелер мен әдет-ғұрып өлеңдерінің нұсқаларын жиған. Мұнда Ә.Диваев қиссаларды және халық поэзиясын жатқа білетін, өз ойынан да шығаратын Сұлтанқожин Майлықожа сияқты сегіз қырлы талант иелерін табады. Ол Майлықожадан лирикалық өлеңдер мен ғашықтық жырларды, ертегілер мен мысқыл өлеңдерді, соның ішінде қазақ арасына кең тараған Алдар Көсе, Шықбермес Шығайбай және Жиренше жайындағы нұсқаларды жазып алады. Ә.Диваев Шымкент уезінде ауыз әдебиет мұраларынан аса көп білетін дарынды жыршы, әрі әңгімеші Ақынбеков Еркінбекпен кездеседі. Ол одан қыз ұзату тойында айтылатын жар-жар, өлеңдерін және басқа да ертегі, мысқыл әңгіме, мақал, жұмбақ, жырлар жазып алған.
Халық шығармасын айтушының аузынан колма-қол жазып алу -Ә.Диваевтың жинаушылық қызметінің негізгі түрі болды. Оның шығармаға жасаған пайымдауларында «ауыздан» деп көрсетіледі де,одан әрі айтушының аты-жөні, оның қай жерде, қай болыста, қай жерде тұратыны жазылады, яғни біршама паспорттық мәлімет беріледі.
Жалпы Ә.Диваев жинаған материалдар негізінде қазақ фольклоры әрі тақырыптық, әрі жанрлық жағынан толықты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет