Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


С.Сейфуллин – фольклортанушы



бет6/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org

9.С.Сейфуллинфольклортанушы
Сәкен (Сәдуақас) Сейфоллаұлы Сейфуллин — қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарды.
Қазан төңкерісінен кейінгі Кеңес үкіметі дәуірінде 1932 жылы «Қазақстан» баспасынан Сейфолла ұлы Сәкеннің «Қазақ әдебиеті» атты бірінші кітабы шықты.Еңбекте С. Сейфуллин фольклордың ауызекі даму ерекшелігін дұрыс айқындаған. Жалпы С. Сейфуллин фольклорды: эпос, ертегі, тұрмыс-салт жырлары т.б. деп жүйелеген.
Егер қазақтың тұрмыс-салт жырларын М. Әуезов сыршылдық салт өлеңдері деп қарастырса, С. Сейфуллин салт өлең-жырлар деп қарастырған. Мұндағы қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдеріне М. Әуезов жар-жар, қоштасу-танысу, беташар үлгілерін жатқызса, С. Сейфуллин зерттеуінде бұлардың қатары, сондай-ақ тойбастар, сыңсыма, жұбату-үгіт, айт келін түрлерімен толықтырылған.
Ал, дінмен байланысты өлеңдер деп М. Әуезов бақсы сарынын, жарапазанды атаса, ал С. Сейфуллин бұларды ескілікті дін салтынан туған дей отырып, олардың қатарына, сондай-ақ шақыру, арбау, байлау, күн жайлату, бұлт пен жауын шақыру, бәдік т.с.с. түрлерін жатқызған.
Ең басты жайт, С. Сейфуллин еңбегінде фольклордың алғаш рет күн жайлату, бұлт пен жауын шақыру түрлерінің ажыратылуы, фольклортану ғылымының жетістігі болып табылады. Сондай-ақ С. Сейфуллин ажыратқан Шопан атаға, Жылқышы атаға, Ойсыл қараға, Зеңгі бабаға, Сексек атаға арналған жануарлар турасындағы жыр үлгілері де– алғаш зерттеушілер назарына ұсынылғаны, сөз жоқ, ХХ ғасырдың 30– шы жылдарындағы қазақ фольклортану ғылымы жеткен жетістігі болды.
С. Сейфуллиннің жан-жақты қарастырған фольклор жанры . – ол эпос. С. Сейфуллин «жырлы әңгімелер» деп қазақтың лиро-эпостық жырларын, яғни ғашықтық эпосты атаған. Ал, батырлар жыры қатарына: «Едіге батыр», «Алпамыс», «Шора батыр», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын» т.б. үлгілерін жатқызған.
Ғалым С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» атты кітабының қазақ фольклортану ғылымының біртұтас жүйеге келтірілмеген заманында алғашқылардың бірі болып фольклор жөніндегі күрделі ізденістерді әрі тарихи, әрі әдеби жағынан қарастырып, бір жүйеге келтіруге тырысқан еңбектерінің бірі. Ендеше ХХ ғасырдың отызыншы жылдардағы қазақ фольклортану ғылымының негізін қамтуда,жалпы,қазақ фольклорының дамуында С. Сейфуллин еңбегінің өзіндік орны елеулі екені даусыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет