12. Бесік жырларына талдау жасау
Бесік жыры баланы бесікке бөлегенде тынышталуы үшін, ертерек ұйықтауы үшін айтылатын жыр. Бұдан бөлек, бесік жырының баланы тәрбиелеудегі тәрбиелік маңызы өте зор.
Біздің халқымыз жас сәбиді бесікке салуды қуаныш етіп, тойлап өткізген.
Бесік жыры ауыз әдебиетінде ертеден кездеседі. Бастапқы кезеңдерде оны ақындар шығарса, кейін оны халық тыңдап, жаттап алған.
Бесік жырына композициялық талдау :
1)Ананың әлдиі (халық ауыз әдебиетінен)
Мамық төсек салайын,
Құшағыма алайын.
Қозым менің ұйықтасын,
Арқасынан қағайын.
Бөпем менің қалғыды,
Тербетті оны ән-жыры.
Бота, қозы, құлыншақ -
Ұйықтап қалды барлығы.
Ай арбамен жетіпті,
Күн ұйқыға кетіпті.
Жұлдыз кіріп кетер деп,
Қақпаларын бекітті.
Ормандар да қалғыды,
Қорғандар да қалғыды.
Сен де ұйықтап қала ғой,
Анасының жан нұры!
Күнім ұйықтап қалыпты,
Анасы әнге салыпты.
Ол түсінде ғажайып
Ертек-елге барыпты,
Алтын алқа тағыпты
Автор:халық ауыз әдебиетінен, авторы жоқ
Атауы:Ананың әлдиі
Тақырыбы:Ананың балаға деген махаббаты.
Себебі, бұл жырда балаға деген маххабатын, оны тыныштандыру, ұйықтату мақсатында айтып отыр.
Жанры:бесік жыры
Идеясы:сәбиді жұбату және оның болашағына деген ата-аналық тілегін білдіру
Шумақ саны-5
Тармақ -21,өлең 21 жолдан тұрады.
Бунақ-2
Мысалы:Қозым менің// ұйықтасын,
Арқасынан//қағайын
Буын саны-7
Мысалы:Ма-мық тө-сек са-ла-йын,
Құ-ша-ғы-ма а-ла-йын
Ұйқас түрі-қара өлең ұйқасы (ааба)
Мысалы:
Ай арбамен жетіпті-а
Күн ұйқыға кетіпті-а
Жұлдыз кіріп кетер деп-б
Қақпаларын бекітті-а
Яғни, өлеңнің бірінші, екінші және үшінші жолдары ұйқасады.
Көркемдегіш құралдар:
1)Эпитет:мамық төсек, ай арба, ертек-ел, алтын алқа
2)Кейіптеу :"Күн ұйқыға кетіпті ","Ормандар да қалғыды"
Жырдағы күй:аналық махаббат ,сүйіспеншілік
2)Сапарғали Бегалин «Бесік жыры»
Әлди - ау, әлди - ай,
Әлди де бөпем әлди - әй.
Ұйықтай ғой, бөбек, ұйықтай ғой,
Балбырап балқып, қалқатай.
Ұйықта, бөбек, көріп түс,
Өмірге сайлы жинап күш.
Балғын бол, бөпем, батыр бол,
Өс, бөбегім, өс, өс!
Өсерсің бөпем ержетіп,
Өсірер өмір тербетіп.
Ұшырар өмір шыңына
Қияға қанат серметіп.
Арыстан сынды айбатты,
Алып та болар ма екенсің?
Ақылы теңіз данышпан
Ғалым да болар ма екенсің?
Толқыны тулап көкке атқан,
Теңізді кешер ме екенсің?
Ұйықтаған шынды оятып,
Аспанда ұшар ма екенсің?
Автор:Сапарғали Бегалин
Атауы:Бесік жыры
Тақырыбы:Ана тілегі
Жанры:бесік жыры
Идеясы:сәбиді ұйықтату, ананың балаға ізгі тілектерін жеткізуі
Шумақ саны-4
Тармақ саны-20
Бунақ-3
Мысалы:Ұйықта//бөбек//көріп түс,
Өмірге//сайлы//жинап күш
Буын саны:8
Мысалы:ө-сер-сің бө-пем ер-же-тіп,
Ө-сі-рер ө-мір тер-бе-тіп
Ұйқас түрі:өзеннің алғашқы 3 шумағы-қара өлең ұйқасы (ааба)
Мысалы:
Өсерсің бөпем ержетіп,-а
Өсірер өмір тербетіп-а
Ұшырар өмір шыңына-б
Қияға қанат серметіп-а
Өлеңнің соңғы шумағы-шалыс ұйқасты (абаб)
Мысал:
Арыстан сынды айбатты, -а
Алып та болар ма екенсің? -б
Ақылы теңіз данышпан -а
Ғалым да болар ма екенсің? -б
Толқыны тулап көкке атқан, -а
Теңізді кешер ме екенсің, -б
Ұйықтаған шынды оятып, -а
Аспанда ұшар ма екенсің? -б
Көркемдегіш құралдар:
1)Кейіптеу-"Толқыны тулап көкке атқан, Теңізді кешер ме екенсің"
2)Қайталау:жай қайталау, «екенсің» сөзі
Мысалы:
Арыстан сынды айбатты,
Алып та болар ма екенсің.
Ақылы теңіз данышпан
Ғалым да болар ма екенсің.
Толқыны тулап көкке атқан,
Теңізді кешер ме екенсің,
Ұйықтаған шынды оятып,
Аспанда ұшар ма екенсің
Жырдағы күй:үміт, аналық махаббат
Бесік жыры құрылымы:
Бесік жырларында жас баланың дені сау, ер-азамат болып өсуін, халықтың ізгі тілектерін жырға қосып айтқан.
Бесік жырының мазмұны мен құрылысы осындай тілектерден тұрады.
Мысалы:
Көзімнің, ағы, қарасы,
Жүрегімнің парасы,
Уайым, қайғы ойлатпас,
Көңілімнің санасы.
Айналайын, шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Бұл жолдарда ананың балаға деген сүйіспеншілігі мен махаббаты көрініс тапқан.
Тағы бір мысал келтіре кетсем,
Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?!
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?!
Бұл өлең жолдарында анасы баласының болашақта қандай адам болғанын қалайтындығын айтады.
Яғни, бесік жырының құрылысы негізі ананың балаға деген махаббатынан, ананың баласына тілейтін арман-тілектерінен және халықтың нені аңсағандығынан тұрады.
Салыстыру
Бесік жыры тек қана қазақ халқында емес әлемнің көптеген елдерінде бар.Бірақ олардың құрылысы, мазмұны жағынан әр халықтың бесік жырының өзіндік ерекшеліктері бар.Мысалға түрік халқының бесік жырын алсам.
Түрік халқында бесік жыры "ninni" деп аталады.
Қазақ халқында бесік жырында балаға деген ізгі тілектер айтылса, түрік халқының бесік жырында әйелдер жырға өзінің отбасына деген ренішін, ішіндегі қайғы-мұңын қосып жырлайды.
Бұл туралы Мелиса Біләл бесік жырын "Әйелдер күнделігі " деп атаған. Яғни, түрік халықының бесік жырында балаға айтылатын тілектерден гөрі анасының басынан кешкен қайғылы, мұнда оқиғалары басым болып келеді.Сонымен қатар, түрік халықының бесік жыры өз ішінде:жоқтау түріндегі, әже даусы, қыздарға арналған, ұл сәбилерге арналған болып бөлінеді.
Мысалы: Ninni çaldım beşiğine
Devlet konsun eşiğine
Bilirim ne çok düşün var
Çiçek çiçek öpüşün var
Bir gül gibi gülüşün var
Uyu ninni uyu ninni
Uyuyacak yavrum ninni
Büyüyecek yavrum ninni
Ninni benim yavruma ninni
Бұл түрік халқының бесік жыры қазақ халықының бесік жырымен өте ұқсас болып келеді.Бұл жерде кездесетін, қайталаным отыратын "ninni" сөзі қазақ халықының бесік жырында кездесетін "әлди" сөзімен бірдей. Бұл жырда сонымен бірге,дәл біздегідей балаға деген ананың маххабаты мен оның балаға артар үміті баяндалады.Яғни,бесік жырларының өзіндік ұқсастықтары да айырмашылықтары да бар.
Жалпы, бесік жыры-халқымыздың әдебиетінде үлкен орын алатын,тәрбиелік мәні зор балалар жыр болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |