ғалым қазақ тілі дыбыстарын дауысты, шала дауысты және дауыссыз деп үш топқа жіктеп көрсетеді. Ауыздың ашылу түріне
қарап дауыссыздарды ашық (а, ә), жарты ашық (е, о, ө), қысаң (ы, і) және жарты қысаң (ұ, ү) деп төрт топқа жіктеп өтеді.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілі жайында жазылған ша-ғын еңбектерде фонетика мәселелері грамматиканың
құрамына еніп, соған байланысты әңгіме болып келді. Қазақ тілінің дыбыс құбылысы белгілі жүйеге салынып әржақты
талданған емес. Фонетика құбылыстары жай ғана артикуляциялық фонетика тұрғысынан қаралды да, зерттеу әдістері
анықталмай қалды. ХХ ғасырдың екінші жартысында орыс патшалығы қазақ даласын отарлауды аяқтап, орыс шаруаларын
жаппай қоныстандыруды қолға алды. Мұның өзі қазақ халқының тілін, дінін,
тұрмыс-тір-шілігін, салт-санасын білуді
бұрынғыдан да жандандыра түсуге мәжбүр етті. Осы мақсатпен орыс оқығандары бірсыпыра зерт-теу жұмыстарын
жариялады. Олардың ішінде күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоймаған құнды еңбектер де бар. Алғашқы қазақ газеттері
дүниеге келіп, қазақ тілінде кітап шығару жан-дана бастады. Қазақ
тілі жөніндегі тұңғыш пікір, зерттеулер, қа-зақша-
орысша және орысша-қазақша сөздіктер де осы тұста дү-ниеге келе бастады. Бұларда қазақ сөздері орыс графикасымен
жазылды.
Тілдің дыбыстық құрылымын, айту, жазу нормаларын зерделеу үшін, араб жазуымен салыстырғанда, мұның
маңызы зор. Қазақ сөздерін алғаш орыс графикасымен жазған миссио-нер Николай Иванович Ильминский (1822-1891) еді.
Ол 1860 жылы Қазанда «Материалы к изучению киргизского наречия» деген 162 беттік еңбегін жариялады. Оның 140 беті –
қазақша-орысша сөздік. Сөздіктің бас жағында автордың қазақ тілі,
оның дыбыстық, грамматикалық жүйесі жөніндегі
пайымдаулары баяндалған. Араб жазуын орыс жазуымен алмастыру жайында алғашқы пікір айтылған. Н.И.Ильминский
қазақ тілінің шешен-дік,
сұлулығына сұқтанады, көне түркілік сөздер көп кездесеті-ніне, өзіндік дыбыстық жүйесімен
ерекшеленетініне назар ауда-рады. Қазақ тілі жөніндегі тұңғыш еңбек болғандықтан Н.И.Ильминскийдің әрбір пікірін
сараптап қараған жөн. Н.И.Ильминскийдің сөздігі – тұңғыш қазақша-орысша сөздік. Бұл-фонетика үшін де құнды еңбек. Біз
бұдан қазіргі орыс гра-фикасына негізделген жазуымыздың тәй-тәй
басқан алғашқы адымын көреміз, орфоэпия,
орфографиямыздың даму жолын зерделейміз. Қазіргі қазақ емлесі еріндік дауыстыларды тек бас буында ғана жазып,
айтуымыз да сонымен шектеліп жүр. Тіпті қазақ тілінде ерін үндестігі жоқ деудің алдында тұрмыз.
Араб жазуымен
жазылған текстен айтудың жай-күйін парықтау қиын. Ал орыс графикасымен жазылған сөздерде айтудың ізі бар.
Мәселен, Н.И.Ильминский сөздігінен:
Достарыңызбен бөлісу: