шы-ғатын; 2) басыңқы немесе бағыныңқы шығатын. Осымен байла-нысты ол дауыстылардың шығуын былай түсіндіреді:
«...кейбір дауыстыларды айтқанда біздің тамағымыз тарылады. Мысалы о дауыстыны айтатын болсақ ерін жалпақтанады, и
дауыстыны айтқанға қарағанда немесе дауысты і-ні алып көрейік, өте күшті дауысты а айтқанға қарағанда...» Осыған орай
В. В. Радлов дауыстыларды 2-ге бөледі: 1) жалпақ дауыстылар - а, о а, о, е; 2) тар дауыстылар - у, и, и, і. Бұдан
аңғаратынымыз, В.В.Радлов-тың пікіріне сай дауыстылардың бір тобы 2 топты толықтырып отырады екен. Қазақ тіліндегі
дауыстыларды В.В.Радловтың принциптеріне сүйене отырып, қазақ ғалымдары өзіміз білетін-дей 2-ге бөлген. Ондағы
дыбыстар: а, а, е, о, о, у, і, и, и. Со-нымен В.В.Радлов қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды
құра-мына байланысты
Н.И.Ильминскийдің көзқарасын ұстанады. Ондағы 9 дауысты дыбыстардың ішіндегі тек а дыбысын түбір сөздеріне
келіспейді.
И.Лаптев – қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды 14-ке жеткізіп, біріншіден, ол бір дыбыстың екі түрлі дыбысталуын
айтады.
Н.Созонтов – қазақ тіліндегі 13 дауысты дыбыстарды ай-тады. Соған қоса орыс тілінің и, ю, я, дауысты дыбыстарын
қо-сады және е дыбыстарының екі түрлі дыбысталуын қосады.
Қ.Жұбанов – қазақ тілінің 9 монофтонг дыбыстарын бөліп қарастырса, І.Кеңесбаев оның пікірімен келісетіндігін
білдіреді де, қазақ тілінде и, у деген екі дауысты дыбысты дифтонг ретін-де қарастырады.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарының жасалым белгілері, негізінен, үш түрлі болып келеді. Оның үшеуі де белсенді
(ак-тив) сөйлеу мүшелері болып саналатын тіл мен ерінге қатысты.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарының жасалымына қатысты тілдің ауыз қуысындағы қалпы екі түрлі болады:
тілдің
ауыз қуысындағы көлденең қалпы және тілдің ауыз қуысындағы тік қалпы.
Қазақ тілі үшін тілдің
көлденең және
тік қалпы бар болғаны екі сатыға бөлінеді. Ендеше қазақ тілі дауыстыла-рының тіл қатысына қарай жіктелімі қарапайым
келеді.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарының жасалымына қатысты еріннің қалпы да екі түрлі болады:
еріннің езулік қалпы
және еріннің еріндік қалпы.
Қазіргі фонетиканың мәліметіне қараған-да қазақ тілі дауыстыларының жасалымына қатысты
еріннің қалпы күрделі екен. өйткені еріннің езулік қалпының өзі езу
және емеурін, ал еріндік қалпының өзі доғал және
сүйір болып іштей екі-екіге тағы бөлініп кететін болып шықты. Ал езу да-уыстылардың өзі А.Байтұрсыновтың
жіктеуінше
кең шығысты-қысаң шығысты
болып тағы екіге бөлініп кетеді. Ендеше қазақ
тілі дауыстыларының ерін
қатысына қарай жіктелімі тіл қа-тысына қарағанда күрделі болып шықты.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) деп екіге бөліп
қарастырмақпыз. Оған себеп
соңғы кездегі белгілі ғалым, ф.ғ.д., профессор Ә.Жүнісбектің жүргізген фонетикалық
зерттеулерінің нәтижесі болып отыр.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды
жалаң-құранды деп жіктегенде, төмендегі қарапайым ережеге сүйенеміз:
Достарыңызбен бөлісу: