3. Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерінді-ке-йінді қарсы әсері. Әдетте мұның өзі екі-ақ жағдайда, оның
өзін-де де сөз бен сөздің арасында ұшырайды:
а)Амангелді (Аманкелді), қаңғызып (қан қызыл), оңғой (он қой). Сөйтіп, көр-
ші дыбыстардың алдыңғысында
нқ, нк тіркестері
–ңғ, -ңг, -ге, ке-йінгісінде
сж тіркесі
шш -ға айналады. Көбіне алдыңғысы
ке-йінгіге, кейде кейінгісі алдыңғысына, ара-тұра ілгерілі-кейінді ықпал етіп, бірін-бірі игеріп, біріне-бірі бейімделіп
тұрады. Көр-ші буындардың арасында да осыған ұқсас ықпалды аңғаруға да болады. Тек тоғыспалы ықпалға ұшырап, екі
буынның бірдей өзгеруі байқалмайды.
Бір-біріне ықпал етіп, үндесетін дыбыстар морфемалар аралығында қатар
келген жағдайда ғана болады дедік. Соның өзінде кез-келген сөз бен сөздің аралығындағы ды-быстар ықпалға ұшырай
бермейді. Тек көрші сөздер бір бунаққа еніп айтылғанда ғана ықпал туралы айтуға болады.
Сонымен тіл дыбыстары жеке-дара күйінде айтылмай, сөз ішінде немесе сөз аралығында бір-бірімен тіркесіп, өз ара
тізбек-телген түрде қолданылады. Сөздердің құрамындағы не сөз ара-лығындағы дыбыстардың біріне-бірі ықпал етіп, бір-
бірімен өз ара үндесіп айтылады екен. Сөз құрамында дауысты дыбыстар-дың өз ара үндесіп айтылатыны сияқты дауыссыз
дыбыстар да бір-біріне әсер етіп үйлесімділік табады. Дыбыстардың өзгеріп үндесуі олардың айтылуда бір-біріне
артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтижесінде жүзеге асады. Дауыссыздардың бір-бі-ріне ықпал етіп өз ара үндесуі
ассимиляция деп аталса, дауыс-тылар үйлесімділігі сингармонизм деп аталады екен. Сондай-ақ тілде сингармонизм мен
ассимиляциядан бөлек диссимиляция деп аталатын дыбыстық өзгеріс түрі де кездеседі.