Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет51/115
Дата07.04.2022
өлшемі0,56 Mb.
#138262
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   115
Байланысты:
Фонетика дарис.

Диссимиляция
Диссимиляция
(лат. dissimilis - өзгешелену, ұқсамау) – бірінен кейін бірі қатар келіп тұрған дыбыстардың өзара әсері
нәтижесінде біреуінің артикуляция жағынан алшақтап, өзгеріске түсуі. Диссимиляция комбинаторлық өзгерістің бір түрі,
ассими-ляцияға қарама-қарсы құбылыс. Диссимиляция құбылыс ретінде сөз ішінде немесе морфема жігінде бір дыбыстың
қатар келуіне байланысты көрініс табады. Бұны тіліміздегі байырғы сөздерден гөрі басқа тілден енген сөздерден айқын
аңғаруға болады. Мы-салы, араб тілінен енген
алла, мола, күллі
сөздерінің
алда, молда, күлді
болып айтылуынан қатар
келген екі л дыбысының соң-ғысы диссимиляцияланатынын байқауға болады. Сол сияқты
Мұхаммед – Мұқаммет –
Мұқамбет – Мақамбет, уммәт – үмбет, хамма - әмме - әмбе
мысалдарынан 
мм
тіркесімінің 
мб-
ға, ал 
суннат – сүндет,
таннур – тандыр
сөздерінен 
нн
дыбыс-тық тіркесімінің 
нд 
болып өзгергенін көруге болады. Қазақтың төл сөздерінің ішінде
ыссы(қ) – ыстық, ащы – ашшы – ашты
сөздерінің құрамында да
сс-ст, шш-шт
диссимиляциясы кез-деседі. Ал тарихи
фонетика тұрғысынан қарар болсақ, онда дис-симиляция жолымен қалыптасқан сөздер көбейе түседі. Мыса-лы, -лар, -лер,
-дар, -дер, -тар, -тер көптік жалғауының л-дан басталатын варианты алғаш, д және т-дан басталатындары кейін пайда
болғандығын еске алсақ, қолдар, құмдар, күндер сөзде-ріндегі көптік жалғауы қоллар, құмлар, күнлер түрінде қолда-нуы
керек еді. Басқа тілдерде диссимиляция ілгерінді-кейінді ықпалдар арқылы жүзеге асса, қазақ тілінде тек қатар тұрып, іл-
герінді ықпал арқылы ғана көрініс табады. Қазақ тіліндегі дис-симиляция фономорфологиялық құбылыс. Нәтижесіне
қараған-да, диссимиляция – ассимиляцияға қарама-қарсы құбылыс. Ас-симиляция құбылысы бойынша әр басқа дыбыстар
біркелкі не-месе өзара ұқсас дыбыстар болып үндессе, диссимиляция құбы-лысы бойынша біркелкі немесе өз ара ұқсастығы
аз дыбыстар болып өзгереді. Диссимиляция құбылыс қазіргі тілімізде асси-миляцияға қарағанда сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет