2. Пререквизиттер Аталған пәнді меңгеру үшін «Педагогика» пәндерін меңгеру барысында игерілген білім мен дағдылар қажет.
Постреквизиттер Аталған пәнді меңгеру барысында игерілген білім мен дағдылар кәсіби пәндерді меңгеруге қажет болып табылады.
3. Оқу жоспарынан көшірме Курс 3 Семестр 5 Кредит саны 4
1.1 Бағалау жүйесінің қалыптасу тарихы
Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалау жүйесінің Қазақстанда қалыптасуы. Бағалау жүйесінің ерекшеліктері. Баға қою.
Оқытудың әдістемесі мен формасы: студенттермен белсенді кері байланысты орната отырып, электронды түрдегі шолу лекциясы
2
1.2 Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері
Оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың критериалды жүйесін енгізудің әдіснамалық негіздері. Бағалау жүйесінің атқаратын қызметтері. Критериалды бағалау жүйесінің әдіснамалық негіздері. Критериалды бағалау жүйесінің элементері. Өлшемді бағалаудың мұғалімдерге арналған қағидаттық ұстанымдары. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің оқу-әдістемелік негіздері
Оқытудың әдістемесі мен формасы: Көрнекі құралдарды (слайдтарды) пайдалана отырып, электронды түрде белсенді лекция өткізу, сабақ соңында Kahoot тестін алу.