Формирование профессиональных умений и навыков


Қазақтың ұлттық қолөнері негізінде болашақ мамандар дайындау



бет19/38
Дата05.02.2022
өлшемі2,66 Mb.
#321
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Қазақтың ұлттық қолөнері негізінде болашақ мамандар дайындау

Бәкірова Л.Ш. – оқытушы (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)


Бүгінгі таңда біз сыпайылық, кішпейілділік, имандылық, салауаттылық, өнерпаздық, шешендік, ақындық, тәлімгерлік сияқты ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық қасиеттерімізді жоғары бағалауға құқықты болып, өркениетті өмірге өрлей бастаған халықпыз. Өнер атаулының қай саласынан болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен түседі. Ал, қандай да болсын өнерді және сол өнер таланттарын өмірге келтіретін де халық. Сондықтан да біз оларды халықтық дейміз. Осы халық таланттарының қолынан шыққан бұйымдар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпай, қайта жаңаша жаңғырып құнды асылдарымызға айналып отыр.


Мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер қойып отыр. Осы міндеттердің ішінде білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін “Қолөнер” саласы маңызды орынға ие болып отыр.
Қазақ халқының қолөнерінің арнасы өте кең, түрі саналуан. Бұған айғақ өз еліміздегі ағаш, сүйек, металл өңдеу, тері ұқсату мен етікшілік, тас өңдеу, тоқымашылық тағы да басқа сияқты салаларымыз дамып жетілгенін атасақ та жеткілікті. Ертедегі қолөнер шеберлері, ұсталар, зергерлер, әшекей бұйымдар мен қолөнер туындыларын, түрлерін жасап қана қоймай дер кезінде балаларына жастайынан оның қыр-сырын тәрбие ұғымдарын, жасалу жолдарын түсіндіріп, көрсетіп отырған. Болашақ ұрпағына мұра қылып қалдырған. Қазақстан Республикасы “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасында Қазақстандағы мәдени мұраның қазіргі жай-күйіне, сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шараларды жетілдіруге аса зор мән берілген. Бұның өзін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің ұлттық мәдениетімізді дамыту жолындағы үндеуінде “Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп келер ұрпаққа аманаттау “Мәдени мұра” бағдарламасының басты мақсаты” – деп, атап көрсетті.
Қазақ халқында ұл балаларға қарағанда қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген. Себебі, қыз бала ұрпақ жалғастырушысы, болашақ ана. Сондықтан оларды үй ішіндгі өнердің бәріне араластырып, үйретіп отырған. Осыдан барып балаларды жастайынан еңбек етуге, қолөнер түрлерімен таныстырып қана қоймай сонымен қатар оларды іс-жүзінде, өздерімен бірге, қыздар болса сырмақ сыдырып, киім тіккізіп, құр тоқытып, киіз, текемет бастырып, алаша, ши, бау тоқытып, ұлдарға болса ұсталық зергерлік тағыда басқа өнер түрлерімен тереңірек меңгертуге тырысты. Онымен қоса, оларға материалдарды қалайша қолдану керектігін үнемділікке үйретті, олардың бойында адамгершіліктің негізін, тұғырын қалау, ақыл ойын өсіруді, кәсіби шеберлікке даярлауды мақсат тұтқан. Сондықтан да, қазақ халқында қолөнер саласын жетік меңгерген, эстетикалық талғамы жоғары, іскер, ісмерлігі озған адамды “Өнеріне қарай өрнегі” – деп сүйсіне бағалауы тегін емес. Қазақ елі шебер, ісмер адамдарға бай екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Дегенмен, оқушыларды олармен, олардың жасаған бұйымдарымен таныстыру жақтары көңіл қуантарлық дәрежеде емес. Қазіргі кезде өз өнерін баласына, қызына үйретіп, кілем тоқып, ұршық иірумен айналысып отыратын апалар, әжелер азайған тәрізді. Сондықтан баланы қолөнерге баулу және оған қызықтыру үшін, білікті маман иесі болып шығуы үшін ең алдымен, оған үлгі алатындай жағдай туғызып, халық қолөнерінің әсемдік құпиясын ашып көрсету қажет. Біздің ойымызша, қазақ қолөнерін үйретуде мынадай педагогикалық шарттар орындалса тиімді болар еді:

  • қазақ қолөнерінің тәлім-тәрбиелік дәстүрлерін үйрету;

  • балаларды жастайынан ұлттық өнермен таныстырып еңбек етуге баулу және қабілеттік пен шеберлікке даярлауды көздеу;

  • қоғам өміріндегі еңбектің, халық қолөнерінің ролін түсіну, өнер адамдарын құрметтеу;

  • түрлі ою-өрнекті көне мұраларды тауып, түрлендіре жаңғыртып отыру;

  • ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер түрлерін іздестіріп меңгеру;

  • ел арасында жүрген шеберлермен кездесу ұйымдастырып, бұйымдарынан көрме жасау.

Ұлттық мәдениетімізді меңгермей, мәдениетті азамат тәрбиелеу және ұлттық сананы қалыптастыру мүмкін емес. Қай кезде болсын адамзат алдында тұрған мұрат міндеттердің ең бастысы өзіңнің ісің, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Білімді, жан-жақты тәрбиелі, қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсірудегі халық қолөнерінің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық ролі орасан зор.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру тұжырымдамсында оқушылардың санасында туған халқына деген құрметпен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт-дәстүрлерді аялай білу негізгі міндеттердің бірі болып табылатындығына ерекше көңіл бөлген. Оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені дәстүрлі мәдениетте халықтың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі сақталған, ұлттық рухани байлықтың қайнар көзімен мүмкіндігі көрніс тапқан.
Қазақ халқының қолөнерінің арқасында, әлем елдері қатарында қазақ елінің мәдениеті жоғарғы сатыда көрінері сөзсіз. Өнер – бұл өмір шындығы болғандықтан қоғамдағы болған және болып жатқан жағдайларды өнермен байланыстырып, ұлттық қолөнердің эстетикалық тәлім-тәрбие құралы екендігін ұғамыз.
Студенттерге халқымыздың ұлттық қолөнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттарымен бұйымдарын көрсетіп, қолөнерді сүюге, құрметтеуге, жан-жақты жетілген азамат болып шығуына үлес қостыру. Сонда студенттердің бойында еліне, жеріне, отанына, ұлттық қолөнеріне деген сүйіспеншілігі табылады. Студенттер қауымының негізгі міндеті ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер шеберлерінің туындыларын одан ары дамытып, неше түрлі өрнекті ою сияқты көне мұраларды тауып, түрлендіріп, жаңғыртып, жасарту қажетті болып саналады. Халық қолөнері көркем шығармашылықпен, эстетикалық талғаммен орындалатын шығармалардан тұрады. Қолөнер туындылары халықтың материалдық қажеттілігіне қарай үлкен философиялық негізде туындады. Қазіргі кездегі өмір талабы – оқу-тәрбие процесін түбегейлі өзгерту екендігі белгілі. Сондықтанда студенттердің ұлттық қолөнеріміздің беделін көтеру үшін мына мәселелер жүзеге асырылуы қажет:

  1. Қазақ ұлттық қолөнер туындыларының шығу тарихымен оның жасалу технологиясын зерттеуі;

  2. Студенттердің ұлттық қолөнерімізді тәжірибе жүзінде меңгеруі;

  3. Ұлттық қолөнерімізді зерттей отырып, оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалана білуі;

  4. Студенттердің өздерінің қолөнер туындыларын көрме арқылы көрсетуі және одан әрі дамытуы;

  5. Студенттердің ата-кәсібімізді дамыту арқылы мәдени дамуымызға үлес қосуы.

Бүгінгі күнгі студент ертеңгі ұстаз, болашақ жас жеткіншектерге тәрбие беруші үлкен маман иесі болып есептелінеді. Егемендігімізді алып, мәртебеміз асқақтап тұрған шақта, бала тәрбиесіне барынша назар аудару, бүгінгі күнгі өмір талабы. Өйткені қоғамдық өміріміздің ертеңгі жалғасы солар дейтін болсақ, онда оларға жақсы тәрбие және сапалы білім беруге тиіспіз. Осы орайда қоғам дамыған сайын, қызметі күрделене отырып, мамандандырылады демекпін.
Еліміздің әрбір азаматы қандайда бір мамандық иесі болып, қай жерде еңбек етсе де, өнер түрлері ішінде қолөнерінен хабардар болуға, дүниежүзілік деңгейдегі жоғарғы мәдениет пен рухани құндылықтарға адалдық жасауға, әр істе белсенді шығармашылық әрекет көрсетуге қабілетті болуға тиіс.
Ұлттық қолөнеріміздің арқасында студенттеріміздің эстетикалық сезімін және әсемдікті түсіну қабілетін дамыту арқылы өнерге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін қалыптастырудың орны ерекше. Ұлы Абай атамыздың 33-ші қара сөзінде, “Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек, мал жұтайды, ал өнер жұтамайды” делінген.
Бүгінгі жоғары білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі, маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойнымызда. Еліміздің білім беру стратегиясының негізгі мақсаты – бүгінгі қоғамдағы саяси ахуалды, нарықтық қатынасты түсінетін, жаңаша ойлайтын жеке тұлғаны қалыптастыру. Бүгінгі таңда ұлттық өнерімізден, мәдениетімізден, салт-дәстүрімізден білім мен тәрбиеге сусындап өсетін ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндік туды.
Білім мен тәрбие егіз екені баршамызға белгілі. Олай болса бүгінгі жастарды ұлттық дәстүрімізге тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Оның қайнар бұлағы – халықтық педагогикада. Халықтық педагогика қазіргі кезде республикамыздағы жалпы білім беретін оқу орындарының оқу-тәрбие жұмысының арқауы. Қазақ Совет энциклопедиясында “Халық педагогикасының негізгі түйіні – еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру” делінген. Халықтық педагогиканың мақсаты – жас ұрпақты ата-бабалар тәжірибесінің ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу. Халықтық педагогиканың негізі және жеке тұлғаны тәрбиелеудің қуатты құралдарының бірі - халықтың қолөнері.
Сондықтан болашақ мамандар дайындауда ұлттық қолөнерімізді үйретуде мынадай тәсілдерді пайдалануға болады:

  1. Бұрынғы алған білімдерге сүйене отырып, студенттердің алдына тапсырыс қойып, ұлттық қолөнер туындыларын дамыту.

  2. Студенттердің алдына арнайы шығармашылық талап қою. Олар қойған талаптарды жүзеге асыру үшін ізденеді, өз көзқарастары бойынша көркем шығармашылықты пайымдайды.

  3. Студенттер өз пайымдарының арқасында ұлттық қолөнеріміздің шынайылығын дәлелдеуге әрекет етеді.

Қорыта келгенде студенттердің халқымыздың ұлттық қолөнері арқылы, тәрбие алуы, яғни қолөнеріміздің түрлі салалары кілем тоқу, кесте тігу, сырмақ сыру, киіз басу және тағы басқа түрлерімен танысып, олардың жасалу жолдарын біліп, үйреніп, оны одан әрі дамытуы. Келер ұрпаққа беретін үлкен жетістік әрі үлкен тәлім-тәрбие құралы деуге болады. Сол арқылы еліміз көркейіп жандана түсері баршамызға аян.
Еліміздің ертеңі мемлекеттің алтын діңгегі – бүгінгі ұл мен қыз болса, оларды саналы да, салиқалы, парасатты да пайымды, өнерлі де шебер, білімді де тәрбиелі болып өсуі, әр ұстаздың қарызы да, парызы болып саналады.

әдебиеттер



  1. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. А., 1969.

  2. “Технология” журналы. № 8. А., 2001.

  3. Әбдуәлиева Ш. Қолөнер. А., 1992.

  4. “Қазақстан мектебі” журналы. № 5. 1996.

Түйіндеме


Мақалада бүгінгі күнгі студент ертеңгі ұстаз, болашақ жас жеткіншектерге
тәрбие беруші үлкен маман иесі болғандықтан оларға қазақтың ұлттық қолөнерін жан-жақты меңгерту, бойына сіңіру жайлы айтылған.
Резюме
В статье рассматриваются вопросы воспитания у будущего поколения, будущего педагога любви к прикладному декоративному исскусству.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет