Формирование профессиональных умений и навыков


ӘОК 75.01 Композиция курсының негіздері



бет16/38
Дата05.02.2022
өлшемі2,66 Mb.
#321
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
ӘОК 75.01
Композиция курсының негіздері
Алиев С.С. – оқытушы (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)

Кәсіптік білім мамандығын оқытудағы сабақ барысы «Композиция» курс бағдарламасымен таныстыру, тақырып, тапсырмалар, жаттығу жұмыстары бойынша қысқаша мағлұмат беру. Міндетті түрде композицияның қоршаған ортадағы барлық нәрселерде, галактикада, табиғат пішіндерінде (жануарлар, өсімдіктер) кездесетіндігін айту керек. Өнердегі композиция өнердің әр саласындағы суретшілердің негізгі мәселесі, сонымен қатар, композиция түсінігі ғылымда, техникада, қоғамдық ғылымға тән қолданылады. Студенттер композиция туралы түсініктің кең екенін философиялық, адам өмірінің бар саласына қатысы бар екенін сезіну керек. Мысалы, ағаш, тамыр, бағана, діңгек бұтақтары, жапырақтары, гүлдері, жемістері және т.б.


Композиция латын сөзі Composition (композиция) - аудармасы бірігу, байланыс, элементтердің өзара қарым-қатынасы, бөліктердің, шығармадағы элементтердің өзара орналасуы. Композицияның негізгі заңы - тұтастық бөліктер мен элементтердің тұтастығы, шектілігі. Бөліктер мен элементтердің біріккен түрлерінің бәрін шығармашылық жұмыстағы композиция деп атауға болмайды. Мысалға сағатты алайық, егер сағат бөлшектерінен жинақталған шағын топты сағат композициясы деп айта алмаймыз. Тек қана барлық бөлшектерді өз орнымен ұқыпты жинақтап, қолдануға жарамды сағат жасағаннан кейін ғана, композиция жұмысы болып саналады. Өнерде кез-келген сызықтар терімін, түсті дақтарды, форма, сөздер, дыбыстар жиынтығын композиция деп атауға болмайды. Сондықтан да автор шығармасын да беруге, көрсетуге тырысқан композиция шешімін мақсат қылып, элементтердің жеткіліктілігі немесе артық нәрсенің жоқ болуын алып тастамау, қоспау, жөндемеу, орындарын ауыстырмау қажет. Әрбір элемент ойға қызмет етеді, барлығы өз орнында.
Композиция термині өнерде нақтылы екі нәрсені білдіреді: жазықтық еркін, бос, ұйымдастырылмаған, парақпен немесе рамамен шектелген бүкіл үстіңгі бетті көзқараспен шолуға болады; нүкте-кеңістікті ұйымдастырады, біздің назармызды аудартады, оның қойылған жерін айқындайды;
Аппақ төртбұрыштарды әртүрлі көркемдік емес элементтермен, қағыстармен, сызықтармен т.б немесе ақ, сұр, қара бояумен толтырып көрейік, сонда әрбір төртбұрыш әртүрлі эмоцияларда, ұнайды-ұнамайды, қызық, қызық емес деген сияқты жеке қатынасты тудыртады, бірақ бұл жерде толтырылған жазықтықта ешқандай нақты сюжет жоқ.
Композиция суретші жұмысының барлық кезеңдеріндегі түпкі ой мен идея, эскизден бастап, соңғы нұсқаға дейін көркемдік шығарманы ұйымдастырады. Композициямен жұмыс істеу ағашқа ұқсас өз тамыр, діңгегі, сабақтары, гүлдері мен жемістері болады, яғни өнер шығармасы – барлық бөліктер мен элементтердің бүтін мағыналы органикалық бірлігі.
Көркемдік өнерлер ең алдымен көзбен көруге арналады, көрдім, сездім, түсіндім, деген сияқты тез түсіну иллюзиясын жасайды. Ондай болса, ескертетін жәйт – әрбір адам петроглифтерге қарап, оқып, мағынасын түсіне бермейді. Осыдан шығатын түйсін – көргенді, естігенді түсіну үшін бұл құбылыстың өзіне тән білу қажет. Өнер бұл – адамды бағалаудың, ашудың үш күрделі нысаны, сондықтан оған мынандай анықтама беруге болады, өнер-ой мен сезімге негізделген ақпараттық белгілі жүйе.
Композиця – суретшінің нақты тақырыпта ой-сезімін көрсететін негізгі тәсіл. Ол өнердің әр саласына байланысты сипатталады, сонымен қатар композиция тәсілдерінің кейбіреуі барлық өнер түрлеріне де ортақ бола береді.
Сұхбат – әңгіме аяғына оқушы елес-қиялын дамыту жаттығуларын орындайды. Бұл формуланы ашып көрейік:

  • ақпараттық кез келген шығарма әрқашан түсінікті бола бермесе де, қандай да бір білімдегі мағынаны құрайтындығын білдіреді.

  • жүйе шығарманың элементтері, бөліктері онда барлық құраушылардың композициялық және субординация қатынастарын белгілеуді қайталаусыз етіп құралдары бар, қандай да бір бүтінді құрауы тиіс дегенді білдіреді.

Сызық. Сурет өнерінде сызық көбінесе суреттегі көрінетін шет, форма немесе белгілеме шартты білдіреді. Ол өзен алдындағы көлемді сездірме алады.
Сызық – қағаз бетіндегі қаламкөз, қаламұш, жаққыштың созылыңқы әрекеті. Құралдың қысқа қимылы, сызықтың бөлігі – штрих. Суретте сызық өз алдына мән-маңызы бар, ол штрихтар біріге отырып мағына береді. Сызық суретте үш негізгі функцияны атқарады.

  • біріншіден, әрбір сызық бейнелейді, пластикалық форманы елестете алады;

  • екіншіден, әрбір сызық өзінің декоротивті сипаты ритмі сарынына ие;

  • үшіншіден, әрбір сызыққа өзінше экстерссия сезімі тән, ол қандай да бір көңіл-күйді білдіреді.

Сонымен қатар, сызықтардың формасы шексіз және шектелген мазмұнда болады. Мысалға, статикалық ұсақ оюлардың геометриялық денелерден тұратын сызықтар композициясын қарастырсақ, олардың әр біреуі өз бетінше эмоциональді сезімді білдіреді.
Вертикальді тік сызықты композицияның болуы, оның монументтігін, маңғаздықты, ұлылықты, симастылықты көреміз. Тек қана қисық сызықты мотивтегі композицияда тыныштық сезімді салмақтылық, баяндылық көрсетілген.
Тік және қисық сызықты мотивтегі композиция ерекше де әсерлі болады. Әртүрлі қалыңдықтағы сызықтар негізгі орнаменттік болады да, ал сызықтар соған бағынышты, яғни композицияның заңдылықтағы графикалық шешім болып табылады.
Дақтың мотивтегі шешімдері сызықтарға қарағанда әсерлі де салмақты, ритмикалық қайталану көбірек. Сызықтық және дақтың мотивтегі композициялық шешім жиі қолданылады, әрі өте әсерлі де болады.
Ырғақтық қатардағы композициялық шешім, сурет пен фонның нақты, оның интервалын сақтап отырады. Осы өзара, бірдей қашықтықтағы ара қатынас композицияның көркемдік шешімін әсерлі етіп көрсетеді.
Ырғақтың жай заңдылықтарының бірі форманың, элементтердің теңбе-теңдігі және интервалдың кеңістікте, уақытта ара қашықтықтағы тәртіп негізінде бірдей ауқымды қайталануы «Метром» деп аталынады. Ырғақты ретті тізбектеу заңдылығы, ашық қабылдануы керек - бұл негізгі талабы. Ырғақ қарапайым және күрделі болады. Қарапайым түрі бірдей интервалда қайталанады.
Декоративті матаның композициялық суреті. Эскиз жасаудан басталады. Негізгі болып табылатыны, ол бөлменің көлемдік өлшемдері мен декоротивті матаның өлшемдері. Матадағы суреттің графикалық шешімі қарапайым түрде болуы мүмкін.
Дақ. Күнделікті өмірде дақты жиі кездестіруге болады. Бұл төгіліп қалған сұйық зат (тушь, бояу, сүт және т.б.) таңертеңгі жарық болып келе жатқан аспан аясындағы, терезе алдындағы гүлде, бұлттар, жасыл көгалдағы тастар, ағаштар және т.б. Сызбада, әсіресе, силуэт өнерінде немесе сызық пен штрихтың қосындысына жиі кездеседі. Табиғатта сұлба, әсіресе, контрасты жарықта, аспан аясында, кешке, тұманда (суға шашылған сұлбалар) көлеңкеде т.б. жерлерде ерекше көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет