Формирование профессиональных умений и навыков



бет21/38
Дата05.02.2022
өлшемі2,66 Mb.
#321
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Геометрия: талшықтың ұзындығы мен жуандығын
анықтау, көлденең қимадағы формалары.
География: қай облыстарда өседі. Қандай климаттық
жағдайларға байланысты.
Түстану: суық түстер-көгілдір, жасыл, көк, күлгін т.б. Жылы түстер-сары, қызғылт т.б. күннің сәулесі,
оттың жылуын береді.
Арнайы сурет және ою-өрнек көшені: тақырыпты өрнек-бұршақ, жолақ, торкөз. Тақырыпсыз дегеніміз-
абстрактілі суреттер.

1. Пәнаралық байланыстың формасы: осы тақырыпты өткенде басқа пәндермен байланысы - тақырып құрамы жағынан:


А)Типі - мазмұндық. Б)Түрі жағынан - теория.
2. Пәнаралық байланыстың формасы: байланыс бағыты бойынша көп жақты байланыс: химия, физика, геометрия, география, түстану, арнайы сурет және ою-өрнек көшені.
Химия
Физика
Салалық Геометрия
мататану География
Түстану
Сурет

3. Пәнаралық байланыстың формасы: байланысу варианты - тәсілі ұзақ мерзімді хронометриялық байланыс. Себебі, бүкіл курс бойы осы пәндермен тығыз байланыста жүреді.


Ф.Шарипова «пәнаралық байланыс студенттерге ауыртпалықты азайтып олардың тыңғылықты білім алуына септігін тигізеді» - деді.
Пәнаралық байланыс – оқу бағдарламасын құрудағы дидактикалық қағида болып табылады. Сондықтан технология сабақтарының міндеті болашақ мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдау әрбір тақырыпты шығармашылық тұрғыдан қарастырып, олардың қызығушылық қабілетін арттыру. Осы міндеттердің орындалуы пәндердің (табиғаттану), физика, химия, биология, математика, геометрия сыртқы пәнаралық байланыс негізінде, ал кейін институт қабырғасын-да ішкі пәнаралық байланысы негізінде костюм тарихы, түстану, антропология, материалтану, тігін бұйымдарының технологиясы, құрастыру, машина аппарат-тары пәндері негізінде қамтамасыз етіледі. Бұл пәндердегі гармониялық үйлесім, пропорциялық қатынас эскиз, ритм, контурлық шешімдер мен перспективалық сәйкестіктер осы пәнаралық бірізділік, сабақтастықта қарастырылған. Жоғарыдағы пәндерді оқып-үйрену, әсемдік, сұлулық, көркемдікті паш етіп, эстетикалық талғамды дамытуға септігін тигізеді.
Педагогикалық поэманың авторы А.С.Макаренканың ойынша эстетикалық талғамды әсемдік, көркемдік, сұлулықтан бөліп қарау мүмкін емес. Сұлулық сезім-қуанышты әрі нұрлы сезім. Сұлулықты сезіне білетін адам шын мәнінде уақыттың не екенін іс жүзінде сезіне біледі. Жас адам табиғат сыйлаған сұлулықтың арқасында жаздың жайнаған гүлі тәрізді сүйкімділігімен бақытты. Сондықтан да «сұлулық тән тазалығы, жан, ақыл-ой рахаты». Тағы да еселі еңбек жайлы А.С.Макаренко қысқа да нұсқа «Универсальным средством развития эстетического вкуса является труд» деген сөз қалдырды. Ал осы еңбек біртұтастық (целостный) концепцияға негізделіп эстетикалық талғамды дамытудың негізгі категориясына (прекрасное, возвышенное, трагическое, комическое) жауап беруі керек.
Сонымен эстетикалық категорияға сәйкес технология сабақтарында қажетті технологиялық процестерді сақтап орындалған бұйымдар экологиялық, экономикалық, эстетикалық заңдылықтарға жауап беріп адамның талғамын, сұлулық сезімін арттырып, оның қажеттілігін өтеу қажет. Мұндай әсемдіктің, көркемдіктің, сұлулықтың болмыста ғылыми негізде тұрмыстық, сүйкімді, әсем зат бұйымға ұласуы - өнер болып табылады.

әдебиеттер


1. Кулагин П.Г. Межпредметные связи в процессе обучения. М. 1981.
2. Зверев И.Д. Межпредметные связи в учебно-воспитательном процессе. -Народное образование. М., 1976.

Түйіндеме


Бұл мақалада болашақ мұғалімдер даярлаудағы эстетикалық тәрбие берудің пәнаралық байланыс арқылы қажеттілігі мен жеке тұлғаны дамытудағы жан-жақты үздіксіз жағдайлары қаралған.

Резюме
В статье говорится о том, что необходимо рассматривать эстетическое воспитание через межпредметные связи, как своеобразный путь всестороннего развития личности, как непременное условие подготовки будущего учителя.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет