Формирование профессиональных умений и навыков


ӘОК 687.16 Қолданбалы қолөнер арқылы студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру



бет22/38
Дата05.02.2022
өлшемі2,66 Mb.
#321
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
ӘОК 687.16
Қолданбалы қолөнер арқылы студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру

Даулетова А.О.- магистрант (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)


ХХІ ғасыр әлдеқашан бұрынғы тұрақты болып көрінген көптеген жанр иерархиясын қалтыратты. Осыған орай шексіз өнер әлеміндегі көптеген жанрлар бостандық алып, кеңінен қанаттарын жайды. Соңғы 15 жылдан бері әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-тұрмыс салаларында болып жатқан өзгерістер, бүгінгі таңда ұмытылған, немесе, өз кезінде тыйым салынған құбылыстардың маңызын қайта ашу талаптары алға қойылды. Әлеуметтік экономикалық жағдайларда мол тәжірибесі жинақталған мұраларды зерттеп, оны студенттерге кәсіби шеберлікпен баяндау, сол мұраларды танып білуіне деген жас ұрпақтың қызығушылығын туғызу – бұл әр өнерлі ұстаздың міндеті.


Өнердің негізгі салаларының бірі – бұл қолөнер. Біздің ойымызша, қолөнер сонау ерте заманнан бері осы күнге дейін үзіліссіз дамып келеді.
Б.ғ.д. V-VI ғасырларда Пазырық қорғанында Алтайда кілемдер және киіздер табылды. Бұл кілем жүн жіптен тоқылған ең көне түкті кілем, көлемі 183*200 см, тығыздығы бір квадрат дициметрде 3,600 түк орналасқан.
Қазақ қолөнерінде кілемдерді екі түрге бөледі. Олар тоқу әдіс-тәсілдерімен, құрамымен, ою-өрнек әуендерімен, мазмұнымен және сипатымен танымал.
Бірінші түкті кілем – бірнеше қабат жіптерден тұрады, /түк/ атауы көне түркі тілінде қалың деген мағынаны білдіреді. Мұндай кілемді тоқу барысында бірнеше жіптер қолданылады: желі жіп, арқау жібі, жиектеу жібі және әр түсті теру жібі.
Түкті кілемді жерге төрт қазықпен бекітілген /өрмек ағашта/ тоқиды. Тоқу екі әдіс-тәсілге бөлінеді:
1) күрмеп алу әдісі, ғылыми атауы /екі түйінді айқаспа/;
2) /гиордес/ кейде /түрік/ айқаспасы кілем тоқуда кеңінен тараған.
Гиордес – түркі елінің кілем тоқу орталығы болып саналатын шағын қаласы. Тоқу әдісі өте қарапайым түк шығаратын жіпті екі желі жібінің үстіне көлденең қоя отыра, екі ұшын желі жібінің сырт жағынан артына қайыра отырып ортасынан бетіне шығарамыз. Сонымен түк теру жібінің екі ұшы сырттан ішке кірді.
Барлық кілем бұйымдары жасалу әдісі бойынша екі түрге бөлінеді: тақыр кілем және түкті кілем. Атаулары да жарық көру мекеніне, пайдалану әрекетіне, көлеміне байланысты өте көп. Олар – арабы кілем, парсы кілем, ғалы кілем.
Көптеген деректер тақыр кілемнің түрін арабтардан алынған деп пайымдайды. Оның алғашқы атауы: жасалу әдісіне қарай айтылған, түксіз кілемнің барлығы тіке тұрғызылған станокта тоқылатын болған. Рабы сөзі биік деген мағынаны білдірген [/1/,155-156]. Екінші қырынан қарасақ, бұл атау пайдалану әрекетінен туындайды, кез- келген көркем шығармашылық құрылымымен, мазмұнымен, мінездемесімен және пайдалануымен анықталады.
Түкті кілемді көлденең станокта (өрмек ағашта) тоқиды. Және де бұл ағашпен тақыр кілем (алаша) тоқуға да болады. Өрмек ағашты үйдің бір бөлмесіне орналастырады. Желі жібі көлденең орналасқан адырғы арқылы төменгі және жоғарғы желі жібіне айырады. Төменгі желі жібін – ұрғашы, үстіңгі желі жібін – еркек жіп деп қазақ халқы атап кеткен.
Тоқымашы кілем желісінің үстінде орналасқан жылжымалы орындықта отырып тоқиды. Еден бойлай жатқан кілем желісінің желі жіптеріне теру жіптерімен түкті айқаспа шығарсақ, түк шығарған теру жібіміз кілем желсіне қарағанда тік бойлай орналасып шығады, ал арқау жібімізді алатын болсақ, ол тыным таппай кілем желісінің бір жиегінен екінші жиегіне қарай екпінді қозғалыста табылады. Осыған орай арқау жібінің міндеті түк шығарған теру жіпті бір орынға қозғалтпай қатырып түйіп тастайды. Енді теру жібі болса бір орында түйін болып қалады.
Кілем тоқуға ерекше сипаттама беріледі. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында кілем тоқу ісі қазақ тұрмысында әйелдің тірлігі деген сипаттамаға ие болған.
Өнеркәсіп өндіріс кезінде қазақ халқының қолданбалы және басқа да көркем өнерлерінің тіршіліктері тоқтады, кей өнер ордаларында баяу дамып жатты.
Ертеде қолөнер бұйымдары маңызы бойынша адамның тұрмыстық қажеттілігінен туындаған: көйлек, бас киім, аяқ киім, жылы көрпелер және т.б. жасалған.
Ұстаздың міндеті – студенттердің қолөнерге деген қызығушылығын ояту, яғни студенттің өзі таңдаған мамандығының барлық қыры мен сырын ашу, ұғындыру, үйрету, дағдыға айналдыру. Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға – демекші, жоғарғы оқу орнының мұғалімі болсын, не болмаса дербес курс жетекшісі болсын – ұстаз өз шәкіртіне, білгісі келген кәсібін толыққанды үйретуіне міндетті. Қолөнер бұйымдарын жасау барысында, студент өзінің күш-жігерлігі, шыдамдылығы, ынтасы қаншалықты екенін сезініп, сол арқылы туындысының соншалықты қымбат екенін сезеді. Студент таңдаған мамандығына адал болу үшін, ұстаз оның бойына өз ісіне деген, Отан алдында, ата-анасына деген патриоттық сезімдерді сіңіріп отыруы тиіс.
Үйреншікті әдіс-тәсілдерді пайдаланып қана қоймай, ұстаз әрдайым дүниеде болып жатқан жаңалықтарды пайдаланып, білімін үнемі толықтырып отыруы тиіс. Қазақ қолөнерінің кілем тоқу және басқа өнердің әдіс-тәсілдерін шетел қолөнер әдіс-тәсілдерімен ұштастырып, жаңаша туындылардың жарық көруіне ықпалын тигізуі, қолөнердің әр сараларын бір-бірімен ұштастыруы керек. Мысалы, ши тоқуда – гобеленнің кей әдістерін, кестелеуде – апликация әдістерін, гобеленде – чеканка, бізбен тоқуда – макрамэ, ілмек тоқу әдіс-тәсілдерін пайдаланып жаңаша әдіс-тәсілдер жарату. Әр саланың ұштасуы керемет нәтижелер береді. Шәкірттің рухани дамуына, әр кезде ұстаздың да рухани, мәдени деңгейі әсер етіп тұрады. Өнер, білім әлемі шексіз, сондықтан:

  • студент үнемі жетілуі, даму үстінде болуы, бұл табиғи заңдылық;

  • орта тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстары;

  • тәрбиеде тұрақты рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;

  • қоғамның, заманның үнемі дамып, өзгеріп отыруы, соған байланысты адам да сәйкес деңгейде жетіліп, дамып отырғаны дұрыс.

Студент ою-өрнек әуендерін күрделі түрлерін әртүрлі әдіс-тәсілдерімен және түрлі айқаспалардың түкті, қарапайым, тұзақ т.б. қолданып отырып шығара білуі. Әртүрлі тоқу әдіс-тәсілдерімен мысалы, арқау жіптерін бір-бірімен айқастырып қайыру, айқастырмай қайыру, арқау жіптерін желі жібінен қайыру, еркін сызықшаларды түсіре білу, төсеу және орау тәсілдерін білу керек. Студенттерді кілем тоқуға іс-тәжірибе арқылы баулу. Осы іс-тәжірибені барысында студенттер кілем тоқу әдіс-тәсілдерін толық меңгереді. Әр студенттің жеке басының қабілетін көрсетуіне, эстетикалық тәрбиесіне, көркемдікті ұнатуын жоғарғы деңгейде қалыптастыруына және мәдениетті, әдепті болуына барлық жағдай жасау. Мұндай көркемдік бастама студенттің болашақ жас маман ретінде жұмысын жандандырып, игілендіруіне ықпалы зор. Осы оқу барысында алған білім шеберлік пен тәжірибе – жаңа жағдайда ұлттық мәдениетіміздің бір саласы кілем тоқу өнерін сақтап және дамуына мүмкіндік туғызу.
Болашақ жас маманға халық қазынасында бар жоғарғы мәдениет эстетикасын түсіндіру. Студенттерді халқының тарихына деген ықыласын ояту. Студенттерді бірлескен еңбекте шеберліктерін шыңдап, қосылып немесе екі, үш мақалмен халық әндерін айтуға дағдыландыру.
Кілем тоқу қолөнерінің барлық түрлерін құнды көркемдік дүние деп қарап, зерттеп тану. Кілемнің сыртқы пішіні, көрінісін, құрамын және мазмұнымен таныстыру. Үйле-сімді ой мәні тоқылған бұйымның ою-өрнектерінде, түс-реңдерінде болатынын түсін-діру. Кілемнің және кілем бұйымдарының кешендік құрамымен таныстыру. Тоқу әдіс-тәсілімен ою-өрнек әуендерін ұластыра білуге машықтау. Ойдағы нақтылы жобаны нобайы арқылы қағазға түсіріп оны тоқу әдіс-тәсілімен тоқыма бұйымдарына түсіру [/1/,158-159 б.].
Төсеніш тоқуда теру немесе арқау жіптері бір-бірімен қайырылмайды, сондықтан оюлардың жиектерінде тесік торлар қалып отырады. Шпалераның тоқылу әдісінің шарты – желі жібінің бойыменен солдан-оңға қарай тоқылады. Сондықтан онда тік сызықтар сирек кездеседі. Сумахты өріп тоқиды, өрудің барысында арқау жіптер кейбір желі жібімен айқаспай қалады. Кілем тоқуда ою-өрнек әуендерін тоқи отыра жан-жақтарынан айналдыра жиектеу. Қарама-қайшы, түрлі түсті теру жіптерін қолдана отырып, ою-өрнек көшенін анық, қанық, көзге тартымды көрсетуге болады.
Аттатып тоқу әдіс-тәсілі: бұл тәсілдің ерекшелігі, теру жіп желі жібінің біреуіне немесе бірнешеуіне айқаспай тастап кілем желісінің бетінен өте бара келесі желі жіптерімен айқасып тоқылуы.
Арқау жіптері топтаса келе бір желі жібінен қайырып отырса, бұл кірпіш әдісі деп аталады.
Еркін орау: ою-өрнек әуендерінің шығыңқы жерлерін еркін орап тоқу.
Созбалы тұзақ: бұл әдістеме кілемге түк шығару әдісінің бастамасы болып табылады. Қарапайым айқаспа әдісімен екі қатар тоқып шыққаннан кейін бірінші қатардағы жіптерді ілмектеп созып шығару.
Жоғарыда көрсетілген созбалы тұзақ әдісіне ұқсас. Тұзақ шығару үшін кәдімгі қарындашты кілемнің желі жіптерінің үстіне көлденең қойып теру жібін, желі жібіне еркін орап отырсақ, қарындашты алғаннан кейін теру жіптері тұзақша болады.
Бірыңғай орау: егер теру жібін әр желі жібіне орап отырсақ кілемнің бетінде желі жібі қосақтасып, қос-қостан көрінеді.
Бұл айқаспаны кейде түрік айқаспасы дейді. Тоқу үрдісіне қатысатын жіптер: желі жібі, теру жібі, арқау жібі және жиектеу жібі.
Тоқу әдісі өте қарапайым – түк шығаратын жіпті екі желі жібінің үстіне көлденең қоя отыра екі ұшын желі жібінің сырт жағынан артына қайыра отырып екі желі жібінің ортасынан бетіне қарай шығарамыз. Шыққан түктің үстінен екі қатар арқау жібін сүзіп өткіземіз.
Кейде бұл айқаспаны парсы түйіні деп те атайды. Күрмеп алу әдісіне қарағанда бұл айқаспаны тоқып шығаруға уақыт аз кетеді. Өйткені, осы айқаспаны тоқу барысында, бір желі жібіне теру жібін орап, келесі желі жібінің артынан теру жібінің ұшын шығарып кетіп тастап отырады. Енді міндетті түрде екі қатар бекіту арқау жібін өткізіп алып, тарақпен тығыздап қағып отырамыз, әрі қарай келесі түкпен тоқылатын қатарда теру жібін бос қалған желі жібіне орай келе, алдында теру жібі оралған желі жібінің артынан бос тастап отырамыз.
Түктеуге қолданатын арқау жіптердің бір ұшын желі жібінің оңнан-солына қарай алдынан орап, ұшын солдан-оңға қарай алдынан орап, екі желі жібінің ортасынан бет жағына шығарады.
Араб не испан түйіні: арқау жібін негізгі желі жібінің екі жағынан қапсыра орап, бір ұшын түйіннің астына, екінші ұшын түйіннің үстінен шығарады.
Торкөз (крок) – түкті кілем тоқу ерекшеліктерін ескере отырып жасалған арнайы нобай. Торкөз – техникалық суретті даярлайды. Торкөзге нобайдағы суретті көшіреміз. Торкөздің бір шақпағы түктің бір түйініне сәйкес келеді. Мысалы: торкөздің бір шақпағы 2,5х2,5 мм. Бұл өлшемде 1 дм-де 1600 түйінге тең болуы керек. Міне, осылай кілем желісіндегі жіптердің тығыздығын анықтайды [/1/, 167-169 б.].
Гобелен – сюжетті кілем түрі, тықыр кілем тоқу әдіс-тәсілдерімен тоқылады. Ол өзінің атауын «Гобелендер» деген француз отбасының фамилиясынан алған.
Гобелендер отбасы Париж қаласының түбінде шағын жіп бояйтын мануфактура шпалера, гобелен шығара бастаған.
Ал, енді ең көне сюжетті тықыр кілемдер Пазырық қорғанының археологиялық қазбаларынан табылған (б.д.д, V-VI ғғ.).
Батыс Еуропасының ең көне кілемі алмания шпалерасын ХІІ ғ. жатқызады. Арқау жіптерін бір-бірімен қайырмай қатар тұрған желі жіптерін қайырсақ, онда астында қуыс қалып отырады.
Қиғаштап тоқу әдісі – арқау жібін әр қатар сайын бір желі жібінің бойына кем орап отырсақ, тоқылған бұйымда баспалдақ тас ою көзі пайда болады. Осы үрдістің барысында әрқатарда саңылау көздер қалып отырады.
Арқау жібін желі жібінен қайыру – алдымен сол жақтағы арқау жібін содан кейін оң жақтағы арқау жібін екеуін бір желі жібінен қайыру. Арқау жібін топтастырып желі жібінен қайырсақ, осы әдісті кірпіш не топтасу деп атайды.
Арқау жіптерін бір-біріне қайырып тоқу – сол жақтағы арқау жібін оң жақтағы арқау жібімен екі желі жібінің ортасынан қайырып тоқиды. Арқау жіптерін екі жаққа қарай тоқып алған соң, екі жіптің ұшынан ұстап бір уақытта біркелкі тартсақ, арқау жіптерінің айқасқан жеріндегі түйіндері көзге түспей, кілем бетінде түйін болмайды.
Арқау жібі кез-келген бағытқа еркін тоқылып отырса, осы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, біз кілем бетіне керекті жерінде әр түрлі бағыттағы сызықтарды тоқи аламыз [/1/, 170-171 б.].
Жеке тұлғада кәсіпті игерудің шыңы иемдену. АҚЖ – бұл субъектінің өзіне қажетті әрі түпкі қолжетілді мақсатына бағытталған жеке қасиеттерінің өз қызметі жолындағы өзара біртұтас байланысы, элементтердің бірлескен іс-әрекеті. Ол қандай нәтижеге жете алатынын өзі ғана шешеді. Авторлық қызмет жүйесінде субъектінің кәсіпті игеру бағыты, қабілеттілігі, жеке таланты, дарындылығы басқа салалармен байланыстыра қарым-қатынаста дамыта білушілігі жүзеге асады.
АҚЖ – іс әрекет жүйесі, оның басты факторы – нәтижеге қол жеткізу. Инженер-педагог қызметінде оның алдына қандай мақсат қоя білуі мен түпкі нәтижеге қалай әрекет етеді, міне соның АҚЖ-сы сол болуы тиіс. Өкінішке орай, көптеген оқытушыларымыз ескі үрдістен шыға алмай, қабылдаған шешімдерді жүзеге асуына салғырт қарайды.
Тек, бірен-саран ұлағатты ұстаздар ғана субъектінің авторлық қызмет жүйесіне бағыт беріп, жобалауға көмектесе біледі. Білім алушының ықпалдастығының тиімді өлшемі, яғни өзін-өзі тәрбиелеу, басқара білу арқылы жаңа қызметтің жоғары нәтижелерге жету бағытын айқандау болып отыр.
Қазіргі таңда (Н.В.Кузьмин және оның жолын жалғастырушылар) оқытушылардың АҚЖ іс-әрекетін оқушылармен бірлесе, ықпалдастықпен шешудіқалыптастыратын мына заңдылықтары белгілеп отыр:
- өзін-өзі сынай білу заңдылығы;
- өзін жоғарғы нәтижеге итермелеу заңдылығы;
- технологиялық заңдылықтар;
- орнықтылық заңдылығы;
- тұтастық заңдылығы.
Бұл заңдылықтар түрлі деңгейдегі оқытушыларды қамтығандықтан, оларға тән жалпы сипаттамаларға да тоқталуды жөн көрдік.
Кәсіби шеберлік деңгейіне жеткен әрбір азамат өз кәсіби қызметі мен жеке қасиеттеріне бақылау жасай алу қабілетіне ие. Кәсіптік мектеп оқушылары мен студенттеріне алдағы кәсібіне сыни көзқарас тұрғысынан қарап, оны өз бетінше дамытуға психологиялық жағынан дайындай бастауға баулу, тәрбиелеу, кәсіптің қыр-сырын жетік білетін ұлағатты ұстаздарға жіктелуі тиіс. Тәрбие құрамы ретінде білімдері мен істеріне оқытудың өзін-өзі бақылау және бағалай білу сияқты маңызды факторларын алуына болады. Өз кәсіп саласында ұдайы ізденісте жүретін, кәсіби іс-әрекет бағытын тек жоғары жетістіктер билігінен көрінетін жұмыскерлерге ғана тән. Ол үшін оқытушы нашар жұмысшыларға тән белгілер мен олардың аз нәтижелі еңбектерімен салыстыра отырып, кәсіби шеберлік жолындағы ізденіске қызығушылық қабілетін оятуы тиіс. Өз ісінің шебері болғысы келген әрбір кәсіп иесі өз технологиясын жетілдіру арқылы табысқа жететіні белгілі, бір өнімді қайталай бермей оған өзінше нақыш беріп, жоғары нәтижеге жетуге тырысады. Оқытушы АҚЖ-ны жобалауды үйретеді, бағыт береді, өзінде бар игі қасиеттер, шеберліктерінің қыр-сырын білуге баулиды, жаңа технологияларды тиімді тәсілдермен пайдалануды үйретеді.
Орнықтылық заңдылығы – әрбір өз ісінің шебері маман, Авторлық Қызмет жүйесін жасаған соң, оны теориялық жақтан негіздеп, ол қызметіне орнықтылық сипат бергісі келеді. Бұл инженер-педагог қызметіне АҚЖ жүйесін шәкірт бойына қалыптастыруда олардағы өзін-өзі даму, білім, білік және дағдылық қасиеттеріне орнықтылық беруге оның басты және екінші кезектегі қызметтерін екшелей бастайды. Кәсіби шеберлік деңгейіне жеткен адам, өз қызметінің тиімді жақтары мен құралдарын ғана емес, одан да ауқымды өзара байланыстағы бір-біріне тәуелді жүктемелерде бірегей жүзеге асырып, белгілі бір қызмет аясын кеңейткісі келеді. Мұндай инженер-педагог студенттердің шығармашылық жеке қабілеттерін дамытуда, жобалау жұмыстарын пайдаланып, шешім қабылдап, өз бетінше пайымдай алуға тиісті. Қысқаша айтқанда, ұстаз бен студент арасындағы танымдық және кәсіби қызметтер ауқымы шарықтау шегіне жетіп, өзара үйлесім табуы қажет. Кәсіптік білім саласында болашақ білімін өз бетінше ізденіп, оны дұрыс ұйымдастырып, өзін-өзі бақылай алатын шебер маманды тек кәсіп саласын толық меңгерген жоғарғы санатты ұстаздар ғана дайындай алады. Мұның бәрі акмеология ғылымына сүйене отырып, кезең-кезеңінен жас маманды нәтижеге баулуда, оны даярлық сатыларынан өткізу кезінде біртіндеп қалыптасуы тиіс. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей көптеген жоғарғы білікті жұмысшылар, оған қажетті білім мен шеберлік деңгейіне жетудің осы қарапайым заңдылықтарын ұштастыра алмай, түпкі мақсатқа қолжетімдігі шектеліп қалып жүр.
Сөйтіп, акмеология ғылымының заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, оқушы, студент, не ізденуші жастардың кәсіби шеберлігін білім алу процесінде оқу орнының қабырғасында қалаған жөн [/2/,35-39].

ӘДЕБИЕТТЕР



    1. Орымхан Ж.О. Қазақ ханымы. Қолданбалы қолөнер: кілем тоқу әдіс-тәсілдері. А., 2002.

2. Советский современный гобелен. М., 1979.

  1. Өстемиров. Кәсіптік педагогика. А., 2006.

  2. Пирикулиева А.Н. Ковровое качество туркмен долины средней Аму-Дарьи. М., 1966.

  3. Маргулан А.Х. Казахское народно-прикладное искусство. Т. 1, 2, 3, А., 1994.

Түйіндеме


Мақалада қазақ халқының ұрпаққа ұлттық тәрбие бере отырып, шығармашылық белсенділігін арттыратын тұлға – қолөнер ұстазы екені айтылды.

Резюме
В статье говорится об учителе прикладного искусства как личности, воспитывающей казахское поколение и поднимающей творческую активность учащихся.





Каталог: attachments
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> История финансовой науки и ее развитие в России
attachments -> Актуальные проблемы международных отношений
attachments -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
attachments -> Биография великого инструмента
attachments -> Урок музыкальной литературы в 5-м классе. Тема урока: И. С. Бах. Органное творчество
attachments -> «Найрозумніший» 8 клас І тур
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет