Формирование профессиональных умений и навыков



бет25/38
Дата05.02.2022
өлшемі2,66 Mb.
#321
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
ӘОК 373. 642
Қолданбалы қолөнерде гобеленнің алатын орны

Рахатова Г.С. - магистрант (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)




Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей халықтың дәстүрлі рухани байлығының түпнұсқасын ұрпаққа үйрету бүгінгі заманның міндеті дегендей. Қазіргі мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпаққа ұлтымыздың ғасырлар бойы ой елегінен өткен салт-дәстүрін, ұлттық руханият мұрасы, қолөнерін халықтық педагогика негіздеріне сүйене отырып еңбек - ерік пен мінезді тәрбиелеудің тамаша құралы. Еңбек - қуаныш пен шаттықтың көзі дегендей - бұл күнде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс екені бәрімізге мәлім.
Сондықтан қазіргі күрделі заманда арқа сүйер жалғыз ғана құдірет, жастарды тәрбиелеудің пәрменді кұралы халық педагогикасы болмақ. Қолөнер туындыларының жасалу жолдарының әдіс-тәсілдерін меңгертіп, рухани дәстүрімізді одан әрмен жалғастыру бүгінгі таңдағы халқымыздың алдындағы тұрған бірден-бір міндеті болмақ.
Немістің сюжеттік кілемдері көне тегіс сюжеттік кілемдерге анықтама ретінде, жалпы алғанда "шпалера" ұғымы алынады. Ол гүлдерге арналған тордың итальян тіліндегі мағынасынан жасалады. Одан кейінгі атаулар кілемдердің шығу жерлерін, сюжеттерін, басқа да себептерін белгілеуші ретінде пайда болған.
Сақталып қалған Еуропалық шпалералардың ең көнелері неміс шпалералары. Олардың біразы ғана сақталған. Олардың ішіндегі айтарлықтай қызығушылық тудыра алатындары - Хальберштадтық шіркеудегі XII ғасыр ортасындағы "Періштелер" мен "Апостолдар" және 1200 жылғы "Карл". Германияда көбінесе монастырь мен шағын шеберханаларда тоқитын. Сол себепті тоқымашылар суретшілердің қызметін қажет етпейтін.
Станоктар біз жұмыс істей бастаған (шегесіз) жетілдірілген рама ретінде беріледі. Тігіннен келген станоктар "готлис", ал күрделірек келген көлденең станоктар "баслис" деп аталады.
Орта ғасырларда Еуропаның оңтүстігінде керегелер фрескалық кескіндемелерімен (живопись) әшекейленген, ал солтүстік жақта оларды шпалералар ауыстырған. Алғашында кілемдер сюжеті керегелік суреттерден алынған. Орта ғасырлық қорғандарда шпалералар бір керегеден екінші керегеге өтетіндей бүл ретінде ілінген. Оларды жатын бөлмедегі далда (балдахин), үлкен залдардағы шымылдық ретінде қолданған. Сондықтан ерте кездегі шпалералар үлкен көне шиыршықтарға ұқсас келген. Шпалераларда библия сюжеттері жиі қолданылады. Алайда, жалпы алғанда, олар кескіндемедегідей (живопись) маңызды рөл атқармайды.
Эрмитаждағы "Аластол Фома және Матвей" неміс шпалерасының шағын үзіндісін XV ғасыр соңына жатқызады. Бұл ұзын енсіз кілемнің сол жақ бөлігі мұндай шпалералар әдетте шіркеудегі орындықтардың арқасын әшекейлеген. "Апостолдар" - ертедегі шпалералық шығармашылықтың сипатты үлгісі. Фигуралар (тұлғалар) орта ғасырлық иерархияны сақтау арқылы берілген. Апостолдардың есімдері нимбтерде жазылған. Шиыршықта манахиняны айнала былай жазылған: "қасиетті Фома, мен үшін дұға қыл". Бұл шпалераны тапсырыс ету үшін әйелдің суреті (бейнесі) болар деген болжам бар. Матадағы түрлі жазулар XV-XVI ғасырдағы неміс шпалераларына тән қарапайым суретпен қасиетті әулиелердің көмегіне деген сенімді көруге болады. Олар жалаң аяқ, олардың үстінде алба-жұлба киім, аса таяқтары жай қисық таяқтардан жасалған. Автор қарт Фоманың жылы жүзін және жас Матвейдің ашық көзқарасын ерекшелейді.
Сызба тектес тұлғалар, қарапайым сурет тоқымашылардың шеберлік деңгейлерінің төмендегі екенін нұсқап қана қоймайды, сонымен бірге олар таза декаративтік ойлауға нұсқау жасайды.
Италияндық бұлдан алынған шығыс өрнектері мен геральдикалық матиф, апостолдардың аяғының астындағы жұлдыздар мен гүлдер шығыс кілемінің өрнегіне ұқсас фонды толықтырады. Көк пен қызыл орта ғасырдың ең негізгі екі түсі болатын, себебі бөлу ретінде көбіне индиго мен морена тамыры немесе кошениль қолданылатын. Әдемі жасыл түсті сары жіпті индигомен бөлу арқылы жасайтын.
Неміс шеберлері тоқыма өнерінің барлық негізгі тәсілдерін қолданған: "тікелей" жөне "қисық" тесіктер, утоктарды бірліктіру тағы басқа. Әсіресе оларға барлық бөлшектерді айнала қоршаған қара және түрлі түсті контур тән болып келеді. Киім бүктемелері, тондық өтулер штрихтеудің ең қарапайым жолымен (жіңішке сызық) берілген.
1601 жылы Фламандық Француа де ла Планш Париждің түбінде орналасқан Гобель деген отбасыларының жүн бояитын шеберханасын сатып алды. Осының орнынан кілем (тақыр) тоқитын шпалера мануфактура Франция корольдігінің кілем шығаратын мануфактурасына айналды. Осы жерде шыққан кілемдер әлемнің жан-жағында үлкен сұранысқа ие болды. Мануфактураның аты сол Гобельдер отбасының атымен аталып кетті. Осы кездерден бастап тақыр кілемнің бір түрлері Гобелен деп аталып келеді.
Шпалера - Италян жеріндегі ағаштан жасалған кереге-тор (решетка). Есіктің алдындағы гүл өсіруге арналған шарбақ. Заман өзгере келе кілемге түсетін ою-өрнектер гүлді болуына байланысты, сол кереге-тор көздің аты шпалера болып кілемге ауысып түскен.
Мильфлер - Францияның Турени қаласында ХV-ХVІ ғасырлары аралығында тоқылған кілемнің түрі "de mille fleures" - мағынасы мың гүл. Көкшіл жасыл және қызыл кілем кеңістігінде шашыла орналасқан гүлдер бейнесі. Ж9махан Орымханның анықтамасы бойынша Турени сөз түбірі тұру деген түркі сөзі көне түркі халықтарының Еуропаға қонысталғанымен байланыстырады. "Мille" - деген сөз түркілердің мың деген сөзі, " fleures " - "fleu" - гүл осылай болады деп дәлелдейді. Біздің заманға жеткен осы кілемдер түрлері Париж қаласының Клюни деген мұражайындағы жалғыз мүйізді тұлпарменен "бикеш" деп аталатын XV ғасырда тоқылған. "Ақсүйектілердің" өмірінен атты кілем. "Ақсүйекті бикештің шомылуы" атты кілем.
Аррасы - Фландриядағы Аррас атты қаладағы қілем тоқу орталығымен байланысты. Ағылшындармен, француздардың арасындағы соғысқа байланысты. Париждің кілем тоқығыш шеберлерінің қоныс аударуына байланысты, Аррас қаласындағы шеберлеріне қосылып осы кілемнің сарындық қасиеттеріне үлесін қосты. Әлемнің кез-келген жерлерінде Польша, Италия жерлерінде осы уақытқа дейін осы кілем үлгілері осылай аталады. Жігіттің бикешке өз жүрегін ұсынып тұрған сюжетті кілем біздің заманымызға дейін жетті
"Раушан гүлін ұсыну" атты кілем - 1422-1461 жылдар аралығында Франция короліне тарту ретінде тоқылған. 1477 жылы Людовик XI Аррас қаласын жаулап алып шпалера шеберханасын жаптырған.
Вердюры - XV ғасыр аяғында Еуропадағы жаңа дәуірлеу замаманына байланысты табиғаттың көріністерінде кілем түрлерінен орын ала бастайды. Кілемнің аталуы "Verdure" Француз тілінде жасыл өсімдік. XVI ғасырда Фламанд жерінде Ауденарда қаласында тоқыла бастайды, ал XVI-XVII ғасырлар аралығында Брюссел шеберханаларында да тоқылады. XVII-XVIII ғасырларда Франциядағы Бове қаласындағы мануфактурасында осы кілемнің түрлерінде шығара бастайды. Кілем көшенінде көлшіктер, ағаш көріністері, аққу, көкқұтан сияқты құстар, аң-жануарлар бейнеленген.
Гротеск - француз тіліндегі "grotesque" - таңғажайып. Рим қаласында XV ғасырда қазба арқылы табылған үңгірлердің қабырғасында салынған бейнелерден таңғажайып атты деген сөз шыққан. Сюжеттері адам бейнесінің аяқ жағы сәулет өнерінің діңгегіне айналуын не болмаса жылан құйрықты құс қанатты, әйел-ер адамдардың бейнелері. Осы сияқты тағы басқа ғажайып көріністерді бейнелеген. Бұл кілемдердің түрлері 1680-1700 жылдар аралығында шығарылып тұрған. XVIII ғасырда осы кілемнің түрлерінің жиек ою-өрнегіне қытайлықтық бейнелері орын ала бастаған. Осы сарынды француздар "шинуазри" деп атаған, осыған орай француз түрінде "шин" деген сөз пайда болған.
Вандтапейты – XVI ғасыр шпалера шығару орталығы болып Фландрия табылады. Осы жердің шеберлердің қолынан тоқылып шыққан кілем үлгілері Еуропаның кез-келген жерінде үлкен құрметпен қасиетке ие болған. Кілемнің сюжеттері салтанатты көріністерді бейнелеген. Дауыт патшаның өмір көріністерін бейнелеген.
Тепистри - 1619 жыл. Ағылшын королі Яков I ізгі ісіменен Мортлейне қаласында Лондон түбінде Фламанд жерінен қоныс аударылған тоқымашылар бастап шпалера тоқитын мануфактура ашылады. Келе-келе оларға да жергілікті тоқымашылар да қосыла келе королдік мануфакртураға айналдыр-ылады. "Теңіз толқыны", "махаббат толқыны" атты кілем және "Геро және Леандр" атты көп кілем түрлерінің үлгісі тоқылған (1630-1632ж.ж.).
Француз гобелендері - 1667 жылдан бастап Планш сатып алған мануфактура көптеген тағы да басқа шпалера тоқитын кішігірім ұжымдарды біріктіріп королдің гобелен тоқитын мануфактурасына айналдырылды. Бұл мануфактураны Шарль Лебрент атты (1619-1690) кісі атқарды. Ол сол уақытта кесіндеме академиясының президенті және корольдің жеке басының суретшісі атағы бар болатын. Гобеленнің тоқылуына, дамуына, шығуына осы кісінің атқарған міндеті орасан зор. Осы мануфактурада муза төрт шумақ өлең жыл мезгілі тағы басқа көптеген гобелен түрлері шыққан.

ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Л.М. Левин. Ковры и ковровые изделия. М., 1997.

  2. А.Н.Прикулиева. Ковроткачество туркмен долины средней Амударьи. М., 1966.

  3. А.Маргулан. Казахское народно-прикладное искусство. А., -1986. 1-3 т.

ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада қолданбалы қолөнер жайлы мағлұматтар беріліп, гобеленнің шығу тарихы мен оның ерекшеліктері жайлы айтылады.

РЕЗЮМЕ
В статье исследуется происхождение понятия декоративно-прикладное искусство, история развития и особенности гобелена.



Каталог: attachments
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> История финансовой науки и ее развитие в России
attachments -> Актуальные проблемы международных отношений
attachments -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
attachments -> Биография великого инструмента
attachments -> Урок музыкальной литературы в 5-м классе. Тема урока: И. С. Бах. Органное творчество
attachments -> «Найрозумніший» 8 клас І тур
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет