Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет256/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   271
Әдебиет
1.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға 
арналған ұлтық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 
маусымдағы № 832 Қаулысы). 
2.
Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. - «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын 
қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012. - Б. 42-47. 
 
 
Калдыбаева Б.И.,
Курманкулова А.Т.
№23ЖББМ, Қарағанды қ. 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 
ДАМЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ 
«Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, 
ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы,
сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» 
Абай Құнанбаев
 
Қазақстан қазіргі таңда әлем елдері қатарында білім дейгейі жағынан бәсекелес мемлекет 
ретінде танылып отыр. Қазіргі жас буын келер буынға үлгі болуы үшін қолдан келген игі істерді 
көрсетері анық. Адамзаттың негізгі қазынасы – білім. Адам баласының болашақ өмірі – ғылым - 
білімге тәуелді екені тайға таңба басқандай анық. Өмір ағымына қарай білімі мол, жан дүниесі 
рухани бай халық ешқашан да көштен қалмайтындығы белгілі. 
Қазіргі білім саласындағы талаптарға қарай еліміз үшін тұлғаның ең басты білімділік 
құндылықтары өте маңызды. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – 


503 
шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік және шешім қабылдай алу, кәсіби 
жолын таңдай алу қабілеттері болып табылады. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, 
оларды адами іс -әрекеттердің әр түрлі салаларында, сондай-ақ тұлға аралық қарым-
қатынастарды, өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады. Функционалдық 
сауаттылықты қалыптастыру қазіргі кезде оқыту жүйесіне міндеттеліп отырған әлеуметтік 
сұраныс талаптарымен ұштасып келуі үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу 
сауаттылығын, жаратылыстану, математика, денсаулық және құқық саласындағы сауаттылықты 
қалыптастыруға негізделген жұмыстар арқылы жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге болатындығы 
айқын көрінеді. Соған орай, табысты және кез келген жағдаятқа дайын қабілетті, өмірдегі өз 
орнын сезінетін жан-жақты білімді тұлғаны қалыптастыру мақсатында ұстаздар жаңаша оқыту 
әдіс –тәсілдерін тиімді қолдануы тиіс. Егер оқыту жүйесі, балаларға білім, білік, дағдыларды 
игерту осы ұстанымға негізделсе, орындалған жұмыс оң нәтиже беретіні белгілі. Білім беру 
жүйесі жылда көз ілеспес өзгерістерге ұшырауда. Осы заман ағысына қарай өзгерістердің 
негізгі мақсаты - өсіп келе жатқан жастарды ой-өрісі, танымдық қабілеті дамыған, білікті 
азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы нәтижеге жету функционалдық сауаттылық арқылы шешімін 
табады. Бұл функционалдық дағдылар балаларда бастауыш сынып сатысынан қалыптасады. 
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және 
экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына 
сай дүниетанымын, көзқарасын әрдайым толықтырып, жетілдіріп отыруы. Осыған байланысты
ұлттық жоспардың мақсаты айқындалды. 
Оның бірінші тетігі - оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Олар: 
басқарушылық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік,тұлғалық. 
Функционалдық сауаттылықтың екінші тетігі - оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін 
өзгеріп, ол сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінді. Сырттай бағалау - әрбір деңгейді 
аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ,ОЖСБ-ВОУД/. Білімді
функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау жүйесінде 2018-2019 оқу жылында білім 
алушылардың /ҰБТ,ОЖСБ-ВОУД/ оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша оқушыларымыз қала 
бойынша жоғары нәтиже көрсете алды. 
4«А» сынып 67%. Сынып жетекші: Калдыбаева Б.И.
4«Ә» сынып 69%. Сынып жетекші: Курманкулова А.Т. Міне, осындай нәтижеге жету, 
функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда мұғалімнің жетістігі деп ойлаймыз. 
Функционалдық сауаттылықтың үшінші тетігі - ата-аналардың балаларды оқыту мен 
тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Мұғалім мен ата-ана баланың функционалдық 
сауаттылығын дамыту үшін үнемі тығыз байланыс үзбеу керек. Ол үшін бірінші сыныпқа келген 
кезден бастап бірден тығыз байланыс орнату тиімді. Ата-ана баласының ерекше қасиетін танып 
білу мақсатында мектеп табалдырығын аттаған бастап-ақ «Балаңыздың қандай қыр- сырын 
білесіз?» деген сауалнама берілді. Сауалнамада баланың қызығушылығы, бос уақытында немен 
әуестенетіндігі, тағы басқа сұрақтарға ашық жауап беру керектігі ұсынылды. Қазіргі әлемдік 
жағдайға байланысты қашықтықтан оқу барысында ата-ананың бойында да баласымен бірге 
функционалдық сауаттылық арта түсті деп ойлаймыз. Өйткені, бастауыш сынып болғандықтан 
білім беру платформалары, «OnlineMektep.org», bilimland.kz, ZOOM т.б. арқылы берілген 
сабақтарға бір кісідей қатысып, тапсырмаларды уақытылы жіберіп отырды.
Биылғы оқу жылында облыс көлемінде оқу –әдістемелік орталығы пән бойынша 
апталықтар ұйымдастырылды. Апталық өту барысында берілген тапсырмалар балалардың 
қызығушылығын арттырды. Іс –шаралар өту барысында балалар мен ата-аналар арасында көзге 
көрінбейтін белгілі бір бәсекелестік туындағаны байқалды. Әр кезеңде тапсырылған жұмыстар 
мектеп сайттына, әлеуметтік желілерге ( Инстаграм, Фейсбук) салынып отырды. Сыныптағы 
басқа балалардың орындаған жұмыстарын, марапаттарын көрген ата- аналардың келесі жұмысты 
орындауында орындалған жұмыстың саны арта түскені көрінді. Ата-аналар мен балалар 
мұғалімнің талабынсыз -ақ бір-біріне түрткі болды. 
Ал функционалдық сауаттылықтың төртінші тетігіне тоқталар болсақ, оған қосымша 
біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызуға болады. Алаш арыстарының бірі 
Ж.Аймауытовтың мына бір қағидасын басшылыққа алсақ, функционалдық сауаттылықтың 
төртінші тетігі жүзеге асқан болар еді. Ағартушы: «Балаға ең қымбат, ең жылы, жақын нәрсе – 


504 
туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық» дегендей, қосымша білім беру
сабақтарда «Туған өлке сырлары» үйірмесі бойынша «Қарағанды –мәдени орталық», «Қаладағы 
тарихи ескерткіштер», «Жәдігерлер сыр шертеді» (өлкетану мұражайына онлайн-виртуалды 
саяхат) «Болашақтағы Қарағанды» тақырыбында көркем еңбек сабағымен кіріктіріп
шығармашылық топтық жұмыс жасау (композиция құрастыру) т.б. тақырыптарында балаларға 
туған жердің табиғатын, туған елдің әдет-ғұрпын, жергілікті тарихи ескерткіштердің мән- 
мағынасын түсіндіріп, функционалдық сауаттылықтың төртінші тетігі бойынша жұмыстар 
жүргізіп жатырмыз. Балалардың онлайн – виртуалды саяхатқа, қаламыздағы өздері күнделікті 
көріп жүрген ескерткіш сырларын білуге ынталары зор. 
Бастауыш сынып оқушыларының қарапайым функционалдық сауаттылық дағдыларын 
әдебиеттік оқу және қазақ тілі сабақтарында қалыптастыру сөйлесім әрекеттері (тыңдалым, 
айтылым, оқылым, жазылым) арқылы жүзеге асады. 
«Салт –дәстүр және ауыз әдебиеті» тарауында мынадай тапсырмалар орындалды. 
Мақсаты: оқушылардың халқымыздың атадан қалған асыл мұрасымен танысу, білу,
құзыреттілігін қалыптастыру. Ауызша тараған халық шығармаларын жүйелі түрде жеткізу. 
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, қатысым әдістері. Видеороликтер тамашалап, аудиоертегі тыңдап
көлеңкелі ертегі бейнелеп, ішінен қажеттісін екшеп бөліп алып, сол арқылы ертегі 
кейіпкерлеріне мінездеме беріп, сахналық қойылымдар көрсетті. Өздеріне ұнаған жақымды 
кейіпкерлер бейнесінің суретін салды. 
Қазақ тілін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында
оқытуды ұйымдастыруда сабақта мынадай тапсырма түрлерін қолдану тиімді нәтижеге қол 
жеткізеді. «Сұрақ ілмегі» әдісі, «Бір ауыз сөз», «Ойын сабақтар», «Квест-сабақтар», «Жоба 
сабақтар» сияқты оқу іс-әрекеттері белсенді өтетін түрлермен көбірек ұйымдастырылуы арқылы 
оқушылардың өз бетімен қазақ тілі меңгеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік мол болады. 
«Сөз және оның мағынасы» тақырыбын өткенде мына тапсырмалар оқушылардың танымдық 
қабілеттерін арттырады, сөздерді дұрыс қолдана білу, сөздің өзіне тән мағынасын танып керекті 
кезде орынды қолдана алады. Білімділік дағдыларын жетілдіру мақсатында мына тапсырмалар 
берілді. 
«Жұмыртқадан» жиырма сөз. Тапсырма: осы сөзден жиырма жаңа сөз тауып жаз. 
Мысалы: жыра, тамыр, қамыт, ара т.б. Тілдік дағдыларын дамытуға берілген сөздерден оңнан 
солға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жазу ұсынылды. Қала мектептеріндегі 
орыс тілді балаларға мұндай сөз тауып жазу үлкен жетістік. Осы айтылғандармен қатар, қазақ 
тілі сабақтарында оқушылардың «рефлексиялық жаттығулар» орындауына, жаңа ақпараттық 
технологияларды мұғаліммен және өз бетімен қолдануына, өзара пікірталастар ұйымдастыруына 
жағдайлар жасап, белсенділігін арттыру жолдары көзделеді. 
Жаттанды білім жарға жығады. Егер бойыңдағы ілімің күнделікті өмірде қажетіңе 
жарамаса, ол білімнің керегі не? Осы орайда мұғалімнің үйретері мен берері мол. Ал шәкіртіне 
білімін күнделікті өмірде кәдеге асыруды үйреткен мұғалімдер саны артса, нұр үстіне нұр болар 
еді. Қорыта айтқанда, әр пән бойынша тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, 
қызығушылығын ескере отырып, функционалдық сауаттылыққа қол жеткізуді қамтамасыз етіп, 
жан-жақты дамыған, алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатын тұлғаны тәрбиелеп оқыту – 
ұстаздар қолында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет